Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Миллионердің қызы»: Алматыда даяшыға кір табанын тазалатқан бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр

17 Қыркүйек, 2025

«Ақын ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады»: 9 мың сом қаламақы алған Мұғағалидың жағасына әйелі Лашын жармаса кеткен

17 Қыркүйек, 2025

Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

17 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Миллионердің қызы»: Алматыда даяшыға кір табанын тазалатқан бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр
  • «Ақын ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады»: 9 мың сом қаламақы алған Мұғағалидың жағасына әйелі Лашын жармаса кеткен
  • Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды
  • Ақтөбеде 93 ірі өнеркәсіп жобасы жүзеге асырылуда
  • Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды
  • «Головкиннің ықпалы бар»: Қазақстандық спортшылардың тарихи жеңісін шетелдік БАҚ сынға алды
  • «Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?
  • «Бұл дұрыс емес»: Депутат Бақытжан Базарбек зейнетақыдан тіс емдеуге тыйым салуға қарсы шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 18 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Жоспар 86,8% орындалды»: Түркістан облысында соңғы 6 айда 60 мың адам жұмыспен қамтылды

«Жоспар 86,8% орындалды»: Түркістан облысында соңғы 6 айда 60 мың адам жұмыспен қамтылды

12 Шілде, 2024 Қоғам
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан облысында халықты жұмыспен қамту және жұмыс орындарын құру, аз қамтылған отбасылар санын азайтып, кәсіпке баулу мәселелері талқыланған мәжіліс өтті. Жиынға жұмыспен қамту басқармасының басшылығы мен қызметкерлері қатыстып, баяндамалар мен есептер тыңдалды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. 
Халықты жұмыспен қамту саласындағы өзекті мәселелер мен кедейлік көрсеткішін төмендету шаралары кеңінен талқыланған жиналыста облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де ширата түсу керектігін ескертті.
– Биыл бекітілген индикатордың толық орындалуын қамтамасыз ету қажет. Аудан, қала әкімдігіндегі жауаптыларға «Өңірлік жұмыспен қамту картасында» көрсетілген межелерге қол жеткізуді тапсырамын. Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтудағы және мемлекеттік бағдарламаларды орындау барысында анықталған кемшіліктер жойылсын. Кедейлікті төмендету шаралары жүйелі түрде жүргізілсін. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішіндегі еңбекке жарамды азаматтардың табысын арттыру мақсатында жұмыспен қамту шараларының белсенді түрлеріне тартып, тұрақты жұмысқа шынайы орналасуын қадағалаңыздар. Аталған көмекті тағайындаудың заңдылығына зерделеу жұмыстарын жүргізу керек. Жұмысты ширатыңыздар. Баяндамада айтылған мәселелерді шешу бойынша тиісті жұмыс жүргізілсін. Кейбір аудандарда жұмыспен қамту деңгейі төмен. Аудандарда жұмыспен қамту бағытында насихат-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мәліметтер ұсынылсын, – деді Б. Тәжібаев.
Мәжілісте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Т.Құдайбергенов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары К. Мирова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Н.Нұрашов өздеріне бекітілген салалар бойынша баяндама жасады.
Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың тарапынан халықты жұмыспен қамту, жастарды шағын несиелеу жұмыстарын ұйымдастыру, аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік жағынан қолдау көрсету, мүгедектігі бар адамдардың арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылуын реттеу және де саладағы өзге де мәселелерді шешу жөнінде тапсырмалар берілді. Сондай-ақ баяндамада айтылған көрсеткіштері төмен аудандарға ескерту беріліп, жұмысты жандандыру жөнінде тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, Түркістан облысында биыл 118,9 мың жұмыс орнын ашу бойынша облыс басшысының бастамасымен «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» бекітілді. Оның ішінде 108 мың адамды тұрақты және уақтыша жұмыс орындарына, 3,7 мың адамды ұлттық жобалар мен бағдарламаларда ашылатын жұмыс орындарына жолдау және 7,2 мың адамға грант пен шағын несие беру көзделген.
«Биылғы I жартыжылдық жоспарына сәйкес 69,6 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланып, нақты 60,4 мың адам жұмыспен қамту шараларына жолданды. Тиісінше, I жартыжылдық жоспар 86,8% орындалды. Одан бөлек, аз қамтылған азаматтардың табыстарын арттыру арқылы кедейлікті төмендету бойынша жұмыстар да жалғасуда. Биыл 116,2 мың адамды атаулы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуге бюджеттен 12,2 млрд. теңге бөлінді. Сондай-ақ кедейлік деңгейін төмендету жөнінде аудан, қала әкімдерімен меморандумдар түзіліп, АӘК көрсетудің 2024 жылға жоспары бекітілді. 1 шілдедегі жағдайы бойынша 13,569 мың отбасыға немесе 81,2 мың адамға 3,8 млрд. теңгеге АӘК тағайындалып, аз қамтылған азаматтардың үлесі облыс халық санының 3,8%-ын құрап отыр», -деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Түркістан облысында 99,2 мыңнан астам мүгедектігі бар азаматтар есепте тұр. Биыл облыста мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін барлық деңгейдегі бюджеттер есебінен 12,3 млрд. теңге бөлінген.

Оқылып жатыр

Ақтөбеде дәрігерді қатыгездікпен өлтіру ісі: сотта сұмдық деректер жарияланды

«Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

«Келеңсіз оқиғаларды жиі көруге болады»: Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынады

«Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді

Соңғы жазбалар

«Миллионердің қызы»: Алматыда даяшыға кір табанын тазалатқан бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр

17 Қыркүйек, 2025

«Ақын ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады»: 9 мың сом қаламақы алған Мұғағалидың жағасына әйелі Лашын жармаса кеткен

17 Қыркүйек, 2025

Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

17 Қыркүйек, 2025

Ақтөбеде 93 ірі өнеркәсіп жобасы жүзеге асырылуда

17 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды

17 Қыркүйек, 2025

«Головкиннің ықпалы бар»: Қазақстандық спортшылардың тарихи жеңісін шетелдік БАҚ сынға алды

17 Қыркүйек, 2025

«Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?

17 Қыркүйек, 2025

«Бұл дұрыс емес»: Депутат Бақытжан Базарбек зейнетақыдан тіс емдеуге тыйым салуға қарсы шықты

17 Қыркүйек, 2025

«Шымкенттің бокс стилі бөлек қой!»: Бокстан әлем чемпиондары Руслан Берденовке ерекше алғыс білдірді

17 Қыркүйек, 2025

«Анасы қонақ күтіп жүрген»: Абай облысында қызуы көтерілген бес айлық сәби көз жұмды

17 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.