Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Миллионердің қызы»: Алматыда даяшыға кір табанын тазалатқан бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр

17 Қыркүйек, 2025

«Ақын ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады»: 9 мың сом қаламақы алған Мұғағалидың жағасына әйелі Лашын жармаса кеткен

17 Қыркүйек, 2025

Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

17 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Миллионердің қызы»: Алматыда даяшыға кір табанын тазалатқан бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр
  • «Ақын ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады»: 9 мың сом қаламақы алған Мұғағалидың жағасына әйелі Лашын жармаса кеткен
  • Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды
  • Ақтөбеде 93 ірі өнеркәсіп жобасы жүзеге асырылуда
  • Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды
  • «Головкиннің ықпалы бар»: Қазақстандық спортшылардың тарихи жеңісін шетелдік БАҚ сынға алды
  • «Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?
  • «Бұл дұрыс емес»: Депутат Бақытжан Базарбек зейнетақыдан тіс емдеуге тыйым салуға қарсы шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 18 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Қазақстандағы ең алмалы ауыл – Алматы облысында!

Қазақстандағы ең алмалы ауыл — Алматы облысында!

15 Шілде, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Қаратұрық ауылдық округі «Алмалы бақтың» ауданы бойынша, облыс бойынша, демек сәйкесінше, Қазақстан Республикасы бойынша бірінші орында тұр. Шағын ғана ауылдың болашағы зор, деп хабарлайды alataunewsге сілтеме жасаған Todayinfo агенттігі.

Алма өсіруде заманауи әдіс-тәсілдер мен технологияларды қолданады. Мысалы, тамшылатып суару және т.б. Жиналған өнім Қазақстанның барлық аймақтарына және көрші шетелдерге экспортталады екен.
Жалпы Қаратұрық ауылдық округінде — 13 мың 643 адам тұрады. Қылмыс аз. Тұрғындар барлығына риза. Округте бірнеше ұлт өкілдері мен этникалық топтар өмір сүріп жатыр. Халықтың ауызбіршілігі жоғары деңгейде. Халық санының аздығына қарамастастан болашағы бар ауылардың қатарында. Оған дәлел ауылға 1 млрд-тан аса инвестиция бөлініпті. Округке қарасты, Арна және Лавар ауылдарында жол және түнгі жарықтаныру мәселесі 100% шешіліп қойған. Қаратұрық ауылының өзінде бұл мәселе 68%-ға шешімін тапты.

Шағын және орта кәсіп те қарқынды дамып келеді. 2,5%-ға 5 млн несие және қайтымсыз грант алып кәсібін дөңгелетіп отырғандар саны артты. Олар ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Нәтижесінде, жылына төленетін салық саны артты. 2023 жылы 48,868 млн салық төленсе, 2024 жылға 59,447 салық көлемі жоспарланып отыр.

Ащысай ауылында «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 600 орындық мектеп және спорт кешені салынып жатыр. Бұл үш ауысымда оқу мәселесін шешеді. Шағын ауыл болса да, үлкен сауда орталығы ашылыпты. Ол жерде киім-керек, асхана, дәріхана, шаштараз, супермаркет, автобөлшектер, сантехникалық заттар және т.б. тіршілікке керектінің бәрі бар. Бұл үшін өңір басшысы барын салуда. Ауыл әкімі Айбек Қасымханұлы халқының тыныштығы үшін барлық өтініш пен арыз-шағымдар бойынша мүмкіндігінше қолынан келгенін жасап отырғанын айтты. Біз де шағымданушы топтарды байқамадық. Мемлекеттік бағдарламаларды ауыл болашағы үшін барынша тиімді пайдаланып, әрбір жобаны өз бақылауында ұстап отыр.

Айта кетейік, Қаратұрық ауылдық округінің әкімі Ілебаев Айбек Қасымханұлы. 1992 жылы туған. Осы ауданның азаматы. Әкім болып қызметке тұрғанына үш жылға жуықтапты. Үш жылда біраз жұмыстарды атқарыпты. Ауыл деуге ауызымыз бармады. Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтің және қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Алғыс хаттарымен марапатталған. Сонымен қатар, Алматы облысы әкімінің де Алғыс хатына ие болды. 2018 жылы «Көшбасшы» жастар сыйлығының жеңімпазы атанған. Халық алғысы медалін алған екен. Демек лайықты!

Оқылып жатыр

«Миллионердің қызы»: Алматыда даяшыға кір табанын тазалатқан бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр

«Ақын ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады»: 9 мың сом қаламақы алған Мұғағалидың жағасына әйелі Лашын жармаса кеткен

Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

«Бұл дұрыс емес»: Депутат Бақытжан Базарбек зейнетақыдан тіс емдеуге тыйым салуға қарсы шықты

«Анасы қонақ күтіп жүрген»: Абай облысында қызуы көтерілген бес айлық сәби көз жұмды

Атырауда жүкті әйелді зорлап, өлтіріп, үйін тонап кеткен сантехникке үкім шықты

Соңғы жазбалар

«Миллионердің қызы»: Алматыда даяшыға кір табанын тазалатқан бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр

17 Қыркүйек, 2025

«Ақын ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады»: 9 мың сом қаламақы алған Мұғағалидың жағасына әйелі Лашын жармаса кеткен

17 Қыркүйек, 2025

Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

17 Қыркүйек, 2025

Ақтөбеде 93 ірі өнеркәсіп жобасы жүзеге асырылуда

17 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды

17 Қыркүйек, 2025

«Головкиннің ықпалы бар»: Қазақстандық спортшылардың тарихи жеңісін шетелдік БАҚ сынға алды

17 Қыркүйек, 2025

«Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?

17 Қыркүйек, 2025

«Бұл дұрыс емес»: Депутат Бақытжан Базарбек зейнетақыдан тіс емдеуге тыйым салуға қарсы шықты

17 Қыркүйек, 2025

«Шымкенттің бокс стилі бөлек қой!»: Бокстан әлем чемпиондары Руслан Берденовке ерекше алғыс білдірді

17 Қыркүйек, 2025

«Анасы қонақ күтіп жүрген»: Абай облысында қызуы көтерілген бес айлық сәби көз жұмды

17 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.