Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Семейде сүйіктісін көлікпен таптап өлтірген жігітке сот үкімі шықты

17 Шілде, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Семейде сүйген жігіті көлікпен таптап өлтірген Диана Сүлейменованың ісі бойынша сот үкім шығарды. Александр Галушкин 9,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол марқұмның отбасына 10 миллион теңге материалдық шығын төлеуге міндеттелді, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Алайда сотталушы үкіммен келіспей отыр. Енді айыпталушы тарап істі қайта қарауға жолдамақ.

Оқиға былтыр 15 желтоқсанда болған. Кездесу кезінде Александр мен Диананың арасында кикілжің басталады. Сол сәтте жігіт оны тастап, үйден кетуге бел байлаған. Алайда Диана жігітін тоқтатпақ болған. Ал ішімдік ұрттаған азамат ашуға булығып, көлігінің капотында отырған сүйіктісін ұшырған күйі таптап өткен.

«Диана оны құтқарды. Ішімдік ішіп жүрмеуін сұраған. Ол мас болған. Бұған құлақ аспай, көлігімен жүріп кеткен. Видеодан көрініп тұр, қызымды қатты жылдамдықпен сүйрегені. Ол оны шын жақсы көрді. Әр кезде соның қасынан табылатын», — дейді анасы Елена Котова.

Артынша, жігіттің өзі ауыр жараланған сүйіктісін ауруханаға жеткізіпті. Денесінің сау тамтығы қалмаған Дина жансақтау бөлімінде 15 сағат жатып көз жұмды. Оның өліміне бас сүйектерінің сынуы мен ашық ми жарақаты себеп болған. Ал Александр Галушкин сотта оны қасақана өлтірмегенін айтып ақталды. Сондай-ақ өзіне қатысты қозғалған 106-бапты ауыстырып, жазаны жеңілдетуді сұрады.

Диана Сүлейменованың өліміне қастысты қылмыстық іс 3 ай тергеліп, сотта 4 айға жуық қаралды. Ақыры судья күдіктіні қасақана кісі өліміне айыпты деп тапты. Сондықтан Александр Галушкинді 9 жыл, 6 айға бас бостандығынан айыруға үкім кесті.

«ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін Галушкин Александр Владимирович кінәлі деп танылсын және 10 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттелсін. Сондай-ақ 9 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», — деді үкімді оқыған судья Лариса Федосова.

Бірақ айыпталушы тарап бұл үкім «тым ауыр» деп келіспеді. Олар «алға тартқан дәлел-дәйектеріміз ескерусіз қалды» дейді. Енді істі қайта қарауға жолдамақ. Ал марқұм Диананың артында 13 жасар ұлы қалған.

 

жігітке көлікпен Семейде Сот сүйіктісін таптап шықты үкімі өлтірген

Оқылып жатыр

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.