Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Абай облысында 31,5 млн теңгеге салынған көше дәретханасы опырылып құлап жатыр

18 Шілде, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Абай облысындағы 31 562 600 теңгеге салынған көше дәретханасы Абай ауданында орнатылған. Ол Семей қаласынан Қарауылға барар жолда тұр. Алайда қомақты қаражат бөлінген дәретхана әлі жұмыс істемей тұр. Ал нысанды ақпанда қабылдап, ақысын төлеп қойған. Бұл туралы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасы Дидар Смағұлов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Todayinfo. 

Смағұловтың сөзінше, жергілікті шенеуніктер бұл тауарды (санитарлық-гигиеналық торап) «Семей жолдары» ЖШС орындайтын автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарының ішіне кіргізіп жіберген. Ал күтіп ұстау шығындары 1,5 жыл ішінде 2 миллиард теңгеден асып кеткен.

Ішкі мемлекеттік аудит департаменті берген мәліметке қарағанда, дәретхананы 2024 жылдың 16 ақпанындағы №17 акті арқылы Абай облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Асылбек Нұғманов қабылдап алған. Бірақ ол бір ай бұрын қызметін ауыстырған.

Сондай-ақ департамент енді тауарлық сараптама жүргізу керек екенін мәлімдеді, алайда оларда қаражат жоқ. Соған байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінен осы дәретханаға назар аударуды сұраған.

Әйтсе де қоғам белсендісі қымбат дәретхана ғимаратының ішіне кірген. Ол үшін күзетшіні шақырып, бірнеше қоңырау шалған. Соңында дәретхананы екі азаматтың кезектеп күзететінін білген.

Ал нысанға жарық та, су да қосылмаған. Төбесі опырылып, құлап жатыр.

«Соған қарағанда қымбат дәретханаға арзан құрылыс материалдары қолданылып, жұмыстың өзі қалай болса, солай істелгендей әсер қалдырады. 1 500 шақырым жол жүріп келгенде «лакшери» дәретханадан мұндайды күтпеген едім», — деп жазды Дидар Смағұлов.

Оның сөзінше, мұндай бір ғана емес, екі дәретхана салынған.

 

істемей Абай дәретханасы жұмыс көше млн облысында салынған теңгеге тұр

Оқылып жатыр

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

БҚО-да жаңа индустриялық кезең басталады: 14 инвестициялық ірі жоба қолға алынды

Соңғы жазбалар

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.