Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Түркістан қаласының әкімі шетелдік инвесторларды қабылдады

19 Қыркүйек, 2025

«Фотоларына қызғанышпен қараймын»: Айқынның бірінші әйелі жалғызбасты ана болудың қиындығын айтты

19 Қыркүйек, 2025

Астана – Ақтөбе рейсінен екі жолаушы түсіріліп, қолдарына кісен салынды

19 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түркістан қаласының әкімі шетелдік инвесторларды қабылдады
  • «Фотоларына қызғанышпен қараймын»: Айқынның бірінші әйелі жалғызбасты ана болудың қиындығын айтты
  • Астана – Ақтөбе рейсінен екі жолаушы түсіріліп, қолдарына кісен салынды
  • Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады
  • Бүгін арыстандар тосыннан байып, сарышаяндарда жұмыста мәселе туындауы мүмкін: 19 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал
  • «Қайрат» алғашқы ойынында «Спортингке» 1:4 есебімен жеңілді
  • «Аң аулауға шыққан»: Алматы облысында ауыл әкімі жол апатына түсіп, ауыр жарақаттар алған
  • «Әскерде қандай сұмдық жағдай болып жатқанын білесіз бе?»: қайтыс болған сарбаздың анасы Тоқаевқа үндеу жолдады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 19 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Ешқандай кедергі жоқ: Түркістан облысында жаңа зауыттың іргетасы қаланды

Ешқандай кедергі жоқ: Түркістан облысында жаңа зауыттың іргетасы қаланды

26 Шілде, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан өңірінде өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуға басымдық берілген. Маңызды жобалар кезең кезеңімен жүзеге асуда. Бүгін Ордабасы ауданында жаңа зауыттың капсуласын салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. 
 
Оған облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысты. Аудандағы «CENTRAL ASIA ALUMINUM» зауытының құрылыс алаңында болған облыс әкімі алюминий профильдерін өндіру жобасының жүзеге асырылу барысын көрді. Инвестормен кездесіп, пікір алмасты. Жаңа зауыт құрылыс жұмысы аяқталған соң келесі жылы алғашқы өнімін шығаруды жоспарлап отыр.
– Инвестициялық жобаларға тұрақты қолдау көрсетіледі. Ешқандай кедергі жоқ. Жұмыс орындарын ашу – маңызды іс. Бұл зауыт та өңір экономикасының дамуына үлес қосады деп сенемін, – деді Дархан Сатыбалды.
Алюминий профильдерін шығаратын зауыттың құрылысы басталып кетті. Жер жұмыстары жүруде. 2025 жылдың I тоқсанында жобаның бірінші кезеңі іске қосылып, 180 адам жұмыспен қамтылады. Ал ІІ кезеңінде 150 адам жұмысқа шақырылмақ. Жалпы 7,5 млрд. теңге инвестиция тартылады. Әр кезеңде 10 мың тоннадан өнім өндіріледі деп күтіліп отыр.
Түркістан облысында кәсіпорындар ашу, инвестиция тарту, жаңа жобаларды сүйемелдеу бағытындағы жұмыстар жалғасады.
Еліміз бойынша білім нысаны ең көп салынып жатқан өңір – Түркістан. Бүгінде жергілікті бюджеттен 20 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 13-і пайдалануға беріледі. 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» жобасы аясында 63 мектеп салу көзделген. Оның ішінде 29-ы биыл тапсырылады деп жоспарланған.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында Ордабасы ауданына қарасты Ақбұлақ елді мекеніндегі «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 300 орындық білім ошағының құрылыс алаңына барды.
Мердігер мекеменің өкілдерімен кездесіп, құрылысқа қатысты туындаған мәселелерді талқылады. Өңір басшысы білім сапасын көтеру, мектеп тапшылығын жою маңызды екенін айтып, жауапкершілікпен жұмыс істеуді міндеттеді.
«Жоба құны 4,1 млрд теңгені құрайтын білім ошағының құрылысы өткен жылдың қыркүйек айында басталып, биыл аяқтау көзделіп отыр. Тапсырыс беруші – АО «Samruk-Kazyna Construction». Нысанның бас мердігері – «Ar Kua Group» ЖШС болса, бас жоблаушысы – «Jer Group» ЖШС. Ғимараттың ауданы – 5 921,9 шаршы метр, жердің жалпы ауданы – 2,325 гектар. Бұл білім ордасында балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалады», -деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Түркістан өңірінде тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары қарқынды. Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауыл округі, Темірлан елді мекеніндегі 1 қабатты, 2 пəтерлі 6 тұрғын үйдің құрылысымен, қазіргі жай-күйімен танысты. Үйлердің құрылысы өткен жылы басталып, биыл аяқталған. Жалпы алаңы – 750 шаршы метр болса, 1 үйдің аумағы – 62,5 шаршы метр.

Оқылып жатыр

Қонаев қаласының 55 жылдығы 6 күн қатарынан тойланады

Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды

«Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?

Ақмола облысында «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды

Алматы облысының әкімі қоқыс полигонындағы өрт орнына барды

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

Соңғы жазбалар

Түркістан қаласының әкімі шетелдік инвесторларды қабылдады

19 Қыркүйек, 2025

«Фотоларына қызғанышпен қараймын»: Айқынның бірінші әйелі жалғызбасты ана болудың қиындығын айтты

19 Қыркүйек, 2025

Астана – Ақтөбе рейсінен екі жолаушы түсіріліп, қолдарына кісен салынды

19 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады

19 Қыркүйек, 2025

Бүгін арыстандар тосыннан байып, сарышаяндарда жұмыста мәселе туындауы мүмкін: 19 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал

19 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» алғашқы ойынында «Спортингке» 1:4 есебімен жеңілді

19 Қыркүйек, 2025

«Аң аулауға шыққан»: Алматы облысында ауыл әкімі жол апатына түсіп, ауыр жарақаттар алған

18 Қыркүйек, 2025

«Әскерде қандай сұмдық жағдай болып жатқанын білесіз бе?»: қайтыс болған сарбаздың анасы Тоқаевқа үндеу жолдады

18 Қыркүйек, 2025

Бейбітшілік – ең басты байлығымыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

18 Қыркүйек, 2025

Алматыда кадеттер арасындағы шахматтан әлем чемпионаты басталады

18 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.