Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Сонша сынайтындай адам өлтірдім бе?»: Мәжіліс мінберінде анасын құттықтаған Назаров өз әрекетін түсіндірді

18 Қыркүйек, 2025

Діндер көшбасшыларының съезі: Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды

18 Қыркүйек, 2025

Қырғызстандағы репрессия: биліктегі басшыларды жаппай қудалау басталды

18 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Сонша сынайтындай адам өлтірдім бе?»: Мәжіліс мінберінде анасын құттықтаған Назаров өз әрекетін түсіндірді
  • Діндер көшбасшыларының съезі: Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды
  • Қырғызстандағы репрессия: биліктегі басшыларды жаппай қудалау басталды
  • «Отанын қорғауға кетіп еді…»: Жамбыл облысында 19 жастағы сарбаздың мәйіті табылды
  • Маңғыстаудағы масқара жағдай: Есірткі қылмысына қатысты күдікпен екі әкім орынбасары ұсталды
  • Ташиевтің тоқпағы: Қырғызстанда президентті сынаған басылымның журналистері сотталды
  • Ақ үйдің шұғыл мәлімдемесі: жолаушылар лайнерімен соғыса жаздаған Дональд Трамп ұшағы апатты жағдайда қонды
  • «Міңгірлеген мардымсыз жауап»: Сұхбатқа келіп тұрып, нақты жұмыстарын көрсете алмаған Бас мүфти тағы сынға қалды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 18 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home »  «Сендер кімге керексіңдер»: Абай театрынан 9 қызметкерді бір күнде жұмыстан шығарған

 «Сендер кімге керексіңдер»: Абай театрынан 9 қызметкерді бір күнде жұмыстан шығарған

31 Шілде, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Gatob.kz

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры қызметкерлерін заңсыз жұмыстан шығарып жатыр. Сол театрда көрерменмен жұмыс жөніндегі менеджер Назерке Әбілқасымова әлеуметтік желіде осындай дабыл көтерді, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

Назеркенің айтуынша, театрдан кірген адамды қарсы алып, бағыт-бағдар көрсетіп, көрерменге орнын көрсететін қызметкерлер – капельдинерлер. Сонымен бірге, капельдинерлер театрда тазарту жұмыстарына жауапты.

«1 шілдеге дейін театрда 9 капельдинер жұмыс істеген. Сол күні бүкіл театр еңбек демалысына кетеді. Біз 1 шілдеде бәріміз демалысқа шығатынымыз жөнінде өтініш жазуға келгенбіз. Бірақ театрға кіргенімізде бізді театрдың кадр бөлімінің бастығы қарсы алып, бейресми түрде біздің бөлім таратылып кеткенін айтты. Яғни, бізді, 9 капельдинерді қысқартып жіберген. Осы жаңалықты естіп, не дерімізді білмей қалдық», — дейді ол.

Осыдан кейін кадр бөлімінің басшысы қызметкерлердің қысқартылуын театрдың 90 жылдығымен байланыстырып, ол іс-шараға ел президенті қатысатынын айтқан.

«Бізге, капельдинерлерге біздің директор Айнұр Көпбасарованың сыртқы стандарт бойынша талабына сай келмейтінімізді айтты. Зухра Нұрахметқызы (кадр бөлімінің басшысы) бізді театрдың заңгері Мұхит Тәтеновке жолдап, штаттың қысқарғаны жөнінде хабарламамен таныстырмақ болды. Біз оған бірнеше рет бардық. Алайда ол бізге бірдеңені түсіндірудің орнына өзін дөрекі ұстап, хабарламаны көрсетуден бас тартты. Еңбек заңнамасына сәйкес, жұмыс беруші кемі бір ай бұрын жұмыстан босататынын ескертуі керек», — дейді ол.

Назерке Әбілқасымова сонымен бірге театр басшылығы осыншалықты қысқарту болатыныны қандай әлеуметтік мекемелерге ескертілгені жөнінде хабарламаны көрсетпей отырғанын айтады. Капельдинерлер бұл шешіммен келіспейтінін айтқанда, үлкен қысымға ұшыраған. Әбілқасымова кадр бөлімі басшысының «Ой, вообще на хрен мне вы нужны» деген сөзінің аудиосын да салып көрсетті. Ал театрдың есепшісі «қағазға қол қоймаған жағдайда арнайы баппен жұмыстан шығарылатынын» айтқан. Күзетшіге театр басшылығы жұмыстан босаған 9 қызметкерді 1 тамыздан бастап театрға кіргізбеуді тапсырған.

Театр директоры Айнұр Көпбасарованың аты бірнеше жыл бұрын Түркістан музыкалық драма театрын басқарып тұрған кезде шыққан. Кезінде «Бөрте» спектаклін сахналаймын деп жұртшылық тарапынан сынға қалған. Ол басқарған «Түркістан музыкалық драма театры» МКҚК жалпы сомасы 246 млн 750 мың теңге шығындаған. Бұл жайлы зерттеу мақалада Көпбасарованың «Бөртеге» бөлінген қаражаттың есебін ашып айта алмағанын жазылған болатын.

Абай атындағы Ұлттық академиялық опера және балет театрын Айнұр Көпбасарова осы жылдың басынан бастап басқарады.

Оқылып жатыр

«Бүкіл әлемге ортақ бір дін болу керек, ол — Ислам»: Астанадағы әлемдік діндер көшбасшыларының сьезінде Жаңбыршин араздық тудыратын пікір білдірді

Тоқаев діндер съезіне қатысушыларға мемлекеттік наградалар табыс етті

Тоқаев: Қазір Таяу Шығыстағы жағдай күрделі

Тоқаев Ресей патриархы Кириллді «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Депортацияланған балалардың көбі Сібірге жіберілген: ​Ресей соғыс ашқан Украинадан кемі 35 мың баланы ұрлап кеткен

«Өлтіретінін ескертті»: Павлодарда полковниктің ұлы, сот қызметкері Нұрмағамбетов әйелін жылдар бойы соққыға жығып келген

Соңғы жазбалар

«Сонша сынайтындай адам өлтірдім бе?»: Мәжіліс мінберінде анасын құттықтаған Назаров өз әрекетін түсіндірді

18 Қыркүйек, 2025

Діндер көшбасшыларының съезі: Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды

18 Қыркүйек, 2025

Қырғызстандағы репрессия: биліктегі басшыларды жаппай қудалау басталды

18 Қыркүйек, 2025

«Отанын қорғауға кетіп еді…»: Жамбыл облысында 19 жастағы сарбаздың мәйіті табылды

18 Қыркүйек, 2025

Маңғыстаудағы масқара жағдай: Есірткі қылмысына қатысты күдікпен екі әкім орынбасары ұсталды

18 Қыркүйек, 2025

Ташиевтің тоқпағы: Қырғызстанда президентті сынаған басылымның журналистері сотталды

18 Қыркүйек, 2025

Ақ үйдің шұғыл мәлімдемесі: жолаушылар лайнерімен соғыса жаздаған Дональд Трамп ұшағы апатты жағдайда қонды

18 Қыркүйек, 2025

«Міңгірлеген мардымсыз жауап»: Сұхбатқа келіп тұрып, нақты жұмыстарын көрсете алмаған Бас мүфти тағы сынға қалды

18 Қыркүйек, 2025

«Қазақстанда қазақ жоқ екен»: Алматыға жолдастарын іздеп келген монғол жігіті ренішін қазақы қалжыңмен жеткізді

18 Қыркүйек, 2025

Астанада мейрамханадан өрт шығып, 8 пәтер жанып кетті

18 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.