Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Аң аулауға шыққан»: Алматы облысында ауыл әкімі жол апатына түсіп, ауыр жарақаттар алған

18 Қыркүйек, 2025

«Әскерде қандай сұмдық жағдай болып жатқанын білесіз бе?»: қайтыс болған сарбаздың анасы Тоқаевқа үндеу жолдады

18 Қыркүйек, 2025

Бейбітшілік – ең басты байлығымыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

18 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Аң аулауға шыққан»: Алматы облысында ауыл әкімі жол апатына түсіп, ауыр жарақаттар алған
  • «Әскерде қандай сұмдық жағдай болып жатқанын білесіз бе?»: қайтыс болған сарбаздың анасы Тоқаевқа үндеу жолдады
  • Бейбітшілік – ең басты байлығымыз – Қасым-Жомарт Тоқаев
  • Алматыда кадеттер арасындағы шахматтан әлем чемпионаты басталады
  • «Қоғам игілігі үшін жұмсалады»: Қайрат Сатыбалдының «Байсат» базары 28 миллиард теңгеге сатылмақ
  • Иманбек Грэмми сыйлығына екінші рет ұсынылды
  • Қонаев қаласының 55 жылдығы 6 күн қатарынан тойланады
  • «Сонша сынайтындай адам өлтірдім бе?»: Мәжіліс мінберінде анасын құттықтаған Назаров өз әрекетін түсіндірді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 18 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Гектарынан 15 тонна»: Түркістан облысында жүзім шаруашылығы жаңа технологияларды қолдану арқылы өсіріліп жатыр

«Гектарынан 15 тонна»: Түркістан облысында жүзім шаруашылығы жаңа технологияларды қолдану арқылы өсіріліп жатыр

6 Тамыз, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан облысында жүзім шаруашылығын дамытуда жаңа технологияларды қолдану көзделіп отыр. Бұл мәселе Түркістан облысы, Сайрам ауданында өткен дала семинарында кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. 
Оған облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, ғалымдармен, шаруалармен пікір алмасты.
«Ауыл шаруашылығын дамыту: «ЭКО-бақ» жүзімдік алқаптарында экспортқа бағытталған, нарықта жоғары сұранысқа ие жүзім сұрыптарын өсіруде озық инновациялық технологиялар және заманауи машиналар кешенін тиімді пайдалану» тақырыбындағы «Егінжай күні» дала семинарына білікті ғалымдар, шаруалар, кәсіпкерлер қатысты. Өзбекстаннан келген сарапшы, «Eco Fruit Conseil» компаниясының басшысы Шухрат Аброров көрші елдегі жүзім өсіру тәжірибесін таныстырды.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жүзім шаруашылығының маңызына тоқталды.
– Таптаурын тәсілдерден қашып, жаңа технологияларды батыл енгізу керек. Ғылым, ауыл шаруашылығы дамып бара жатыр. Биыл Қытайға барған сапарымызда жүзім алқаптарын көрдік. Өнімділік өте жоғары әрі жүзімдері ерекше дәмді. Біздің шаруаларға қалай өсіруді үйретуге дайын. Облысымызда жүзім шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол. Әр ауыл белгілі бір кәсіп түрі мен шаруашылыққа бейімделіп, жүйелі түрде өнім шығарса ғана экспорттық әлеует көтеріледі. Бірігу, ірілену, жаңа технологяиларды енгізу өте маңызды. Бұл ретте ғалымдарымыз да көмектесіп, жүзімнің төзімді, өнім мол беретін түрлерін әзірлеуге қолдау көрсетеді деп сенемін, – деді Дархан Сатыбалды.
Семинарда «ДАНА» модельді шаруашылығының құрылтайшысы, ҚР Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының академигі Бердияр Қалымбетов Сайрам ауданына зерттеуден өткізілген жүзім сұрыптары егілгенін, олар жайқалып өсіп жатқанын мәлімдеді. Арнайы технология мен машиналар кешенімен таныстырды. 3 гектар жерге жүзім егілген. Жүзім сорттары экспортқа бағытталған. Нарықта жоғары сұранысқа ие жүзім сұрыптарын өсіруде. Озық инновациялық технология және машиналар кешенін тиімді пайдалану арқасында 1 гектардан 15 тонна өнім алу жоспарланып отыр. 20 түрлі ауыл шаруашылығы техникасы мен шағын машина технология станциясы бар.
Семинарда жүзім шаруашылығынан бөлек, ағаштар мен өсімдіктерді түрлі аурулардан, зиянкестерден қорғау,өнімділікті арттыру, ғылыми жетістіктерді өндіріске жедел енгізу жолдары қаралды. Ұсынылған идеялар бойынша тиісті жұмыс жүреді.
Облыс әкімі Сайрам ауданындағы жұмыс сапарында «Манкент» шипажайы аумағында болып, су үнемдеу технологиясын ендіру аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
— Аталған шипажай Алматы қаласынан ЖК «Agro Line KZ» сатушы мекемесінен 3 дана JP90-450 барабан типті жаңбырлатып суғару машиналарын сатып алып, жоңышқа алқабына орнатқан. Бүгінгі таңда жаңбырлатып суғару жұмыстары атқарылуда. Жобаның құны 37,2 млн теңгені құрайды, қаражат толығымен шипажай басшылығының өз қаржысымен жүзеге асты. Жобаның ерекшілігі –қарапайым тәсілмен суғарылатын жоңышқалық алқапқа қарағанда ағын су көлемін 50%-ға үнемдейді. Өнімділікті әр гектарынан 200 центнерге дейін жеткізеді, — деп мәлімдеді Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Дархан Сатыбалды ауыл шаруашылығында тамшылатып суғару, жаңбырлатып суғару технологияларын енгізу негізгі міндеттердің бірі екенін айтты. Осы бағытта өңірімізде су үнемдеу технологияларын шығаратын кәсіпорындар ашылып жатыр. Тиісті жұмыстар жалғасады.

Оқылып жатыр

Қонаев қаласының 55 жылдығы 6 күн қатарынан тойланады

Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды

«Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?

Ақмола облысында «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды

Алматы облысының әкімі қоқыс полигонындағы өрт орнына барды

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

Соңғы жазбалар

«Аң аулауға шыққан»: Алматы облысында ауыл әкімі жол апатына түсіп, ауыр жарақаттар алған

18 Қыркүйек, 2025

«Әскерде қандай сұмдық жағдай болып жатқанын білесіз бе?»: қайтыс болған сарбаздың анасы Тоқаевқа үндеу жолдады

18 Қыркүйек, 2025

Бейбітшілік – ең басты байлығымыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

18 Қыркүйек, 2025

Алматыда кадеттер арасындағы шахматтан әлем чемпионаты басталады

18 Қыркүйек, 2025

«Қоғам игілігі үшін жұмсалады»: Қайрат Сатыбалдының «Байсат» базары 28 миллиард теңгеге сатылмақ

18 Қыркүйек, 2025

Иманбек Грэмми сыйлығына екінші рет ұсынылды

18 Қыркүйек, 2025

Қонаев қаласының 55 жылдығы 6 күн қатарынан тойланады

18 Қыркүйек, 2025

«Сонша сынайтындай адам өлтірдім бе?»: Мәжіліс мінберінде анасын құттықтаған Назаров өз әрекетін түсіндірді

18 Қыркүйек, 2025

Діндер көшбасшыларының съезі: Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды

18 Қыркүйек, 2025

Қырғызстандағы репрессия: биліктегі басшыларды жаппай қудалау басталды

18 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.