Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Аң аулауға шыққан»: Алматы облысында ауыл әкімі жол апатына түсіп, ауыр жарақаттар алған

18 Қыркүйек, 2025

«Әскерде қандай сұмдық жағдай болып жатқанын білесіз бе?»: қайтыс болған сарбаздың анасы Тоқаевқа үндеу жолдады

18 Қыркүйек, 2025

Бейбітшілік – ең басты байлығымыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

18 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Аң аулауға шыққан»: Алматы облысында ауыл әкімі жол апатына түсіп, ауыр жарақаттар алған
  • «Әскерде қандай сұмдық жағдай болып жатқанын білесіз бе?»: қайтыс болған сарбаздың анасы Тоқаевқа үндеу жолдады
  • Бейбітшілік – ең басты байлығымыз – Қасым-Жомарт Тоқаев
  • Алматыда кадеттер арасындағы шахматтан әлем чемпионаты басталады
  • «Қоғам игілігі үшін жұмсалады»: Қайрат Сатыбалдының «Байсат» базары 28 миллиард теңгеге сатылмақ
  • Иманбек Грэмми сыйлығына екінші рет ұсынылды
  • Қонаев қаласының 55 жылдығы 6 күн қатарынан тойланады
  • «Сонша сынайтындай адам өлтірдім бе?»: Мәжіліс мінберінде анасын құттықтаған Назаров өз әрекетін түсіндірді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 18 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Бауыздап кетеміз»: Бақытжан Бұқарбай кітаптың мұқабасына бола отбасына қауіп төнгенін хабарлады

«Бауыздап кетеміз»: Бақытжан Бұқарбай кітаптың мұқабасына бола отбасына қауіп төнгенін хабарлады

6 Тамыз, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Белгілі саясаттанушы, AmalBooks баспасының негізін қалаушы Бақытжан Бұқарбай өзінің отбасына қауіп төнгенін хабарлады. Атышулы кітаптың мұқабасына қатысты даудан кейін оның жанұясына белгісіз адамдар тарапынан қоқан-лоқы жасалған, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

Аудармашылықпен айналысып жүрген баспагердің айтуынша, көптеген адамдар кітапты оқымай жатып, тақырыбы мен мұқабасына бола дау көтерген. Оның сөзінше, кітаптың атауын өзі ойлап таппаған. Ол тек бар болғаны 1734 жылғы мұрағат құжаттарында жазылған сөзді тақырып қылып алған. Меломан кітап дүкендерінде бір айдан аса уақыт салтылымда тұрғанда ешқандай қоғамдық резонанс тудырмаған. Тек блогерлердің жазбасынан соң қоғамда кітаптың авторына қарсы наразылық туындаған.

«Отбасыңды бала-шағаңмен бауыздап кетеміз деген жазабалар көп болды. Біреулер ерігіп жазды ма, әлде шын жазды ма? Ол жағын білмеймін. Сосын мен амалсыз видео түсіріп жарияладым. Алматы қалалық ПД үйіме полиция патрулін жіберді. Біз тұратын үйді күзетіп жүрді. Алматы қалалық Ішкі саясат басқармасынан хабарласты. Не болып жатқанны сұрады. Үркітіп-қорқытулар көп болды. Ашулы адамдар жанар-жағармай бекетіне көп келді. Бақытжан Бұқарбай деген кітаптың авторы менмін деп, олармен кездесіп, жеке-жеке түсіндірдім. Көбі кітаптың мазмұнын оқымаған. Тек естіген», — деді Бақытжан Бұқарбай.

Айтуынша ол 2021 жылдан бастап тарихи кітаптарды шығарып келеді. Бұған дейін тарихи деректер бойынша 10 түрлі кітапты шығарған. Олардың ешқайсысы қоғамда қарсылық пікір тудырмаған.

«Мақсатым қазаққа ағартушылық қызмет жасау. Кітап шығару өте қиын. Иә, табыс табу бар, бірақ ол бірінші орында емес. Иван Кириллдің 1734 жылғы жазбасын зерттеп, қазақтарды қалай басқару туралы зерттеулерін шығардық. Бұл кітапты зерттеу барысында көп еңбектендім. Мұқабасын таңдауда шалыс басып қойғанымызды мойындадық, сынды қабылдадық. Сатылымнан бірден алып тастадық. Енді қазір мұқабасын өзгертіп қайта ұсынамыз. Бұл қазіргі саяси ахуалды сипаттап тұрған жоқ қой. Үш жүз жыл бұрын жасалған әдістеме, сол кездегі жағдайға арналған. Сондықтан біз тарихты танып білуге құқылымыз. Патшайымға қазақты қалай басқару керектігін Иван Кириллдің өзі ұсынған, патшайым бекіткен. тағыда айтам, қазіргі жағдайға оның ешқандай қатысы жоқ», — деді кітаптың авторы.

Бақытжан Бұқарбай алдағы уақытта өзіне, отбасына қоқан-лоқы жасаған адамдар туралы заңгермен сөйлескен соң шешім қабылдамақ.

Оқылып жатыр

Бейбітшілік – ең басты байлығымыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

«Бүкіл әлемге ортақ бір дін болу керек, ол — Ислам»: Астанадағы әлемдік діндер көшбасшыларының сьезінде Жаңбыршин араздық тудыратын пікір білдірді

Тоқаев діндер съезіне қатысушыларға мемлекеттік наградалар табыс етті

Тоқаев: Қазір Таяу Шығыстағы жағдай күрделі

Тоқаев Ресей патриархы Кириллді «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Депортацияланған балалардың көбі Сібірге жіберілген: ​Ресей соғыс ашқан Украинадан кемі 35 мың баланы ұрлап кеткен

Соңғы жазбалар

«Аң аулауға шыққан»: Алматы облысында ауыл әкімі жол апатына түсіп, ауыр жарақаттар алған

18 Қыркүйек, 2025

«Әскерде қандай сұмдық жағдай болып жатқанын білесіз бе?»: қайтыс болған сарбаздың анасы Тоқаевқа үндеу жолдады

18 Қыркүйек, 2025

Бейбітшілік – ең басты байлығымыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

18 Қыркүйек, 2025

Алматыда кадеттер арасындағы шахматтан әлем чемпионаты басталады

18 Қыркүйек, 2025

«Қоғам игілігі үшін жұмсалады»: Қайрат Сатыбалдының «Байсат» базары 28 миллиард теңгеге сатылмақ

18 Қыркүйек, 2025

Иманбек Грэмми сыйлығына екінші рет ұсынылды

18 Қыркүйек, 2025

Қонаев қаласының 55 жылдығы 6 күн қатарынан тойланады

18 Қыркүйек, 2025

«Сонша сынайтындай адам өлтірдім бе?»: Мәжіліс мінберінде анасын құттықтаған Назаров өз әрекетін түсіндірді

18 Қыркүйек, 2025

Діндер көшбасшыларының съезі: Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды

18 Қыркүйек, 2025

Қырғызстандағы репрессия: биліктегі басшыларды жаппай қудалау басталды

18 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.