Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Аң аулауға шыққан»: Алматы облысында ауыл әкімі жол апатына түсіп, ауыр жарақаттар алған

18 Қыркүйек, 2025

«Әскерде қандай сұмдық жағдай болып жатқанын білесіз бе?»: қайтыс болған сарбаздың анасы Тоқаевқа үндеу жолдады

18 Қыркүйек, 2025

Бейбітшілік – ең басты байлығымыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

18 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Аң аулауға шыққан»: Алматы облысында ауыл әкімі жол апатына түсіп, ауыр жарақаттар алған
  • «Әскерде қандай сұмдық жағдай болып жатқанын білесіз бе?»: қайтыс болған сарбаздың анасы Тоқаевқа үндеу жолдады
  • Бейбітшілік – ең басты байлығымыз – Қасым-Жомарт Тоқаев
  • Алматыда кадеттер арасындағы шахматтан әлем чемпионаты басталады
  • «Қоғам игілігі үшін жұмсалады»: Қайрат Сатыбалдының «Байсат» базары 28 миллиард теңгеге сатылмақ
  • Иманбек Грэмми сыйлығына екінші рет ұсынылды
  • Қонаев қаласының 55 жылдығы 6 күн қатарынан тойланады
  • «Сонша сынайтындай адам өлтірдім бе?»: Мәжіліс мінберінде анасын құттықтаған Назаров өз әрекетін түсіндірді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 18 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Қызылорда қаласында 16 жастағы қызды сыныптастары секс-құлдықта ұстаған

Қызылорда қаласында 16 жастағы қызды сыныптастары секс-құлдықта ұстаған

8 Тамыз, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Ашық дереккөзден

Қызылордада мектеп оқушылары 16 жастағы қызды қинап ұстап, есірткі беріп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Жаға ұстатар жайтты НеМолчи қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі жайып салды,  деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

Белсендіге жағдайды оқушы қыздың ата-анасы айтқан. Ал қыздың секс- құлдықта жүргенін оның досы анықтаған.

«Ол қыз — үйдің жалғыз баласы. Ақпан айынан бері үйге келмеуді шығарған. Әке-шешесі полицияға хабар береді, бірақ полиция қызды іздеудің орнына  ата-ана құқығынан айырамыз деп қорқытумен айналысқан. Шарасыз әке мен шеше қызын өздері іздеген. Қыз анда-санда байланысқа шығып тұрған. Бірде «кафеде даяшы болып жүрмін», бірде «гүл дүкенінде сатушы болып істеп жүрмін» деп видео жіберіп отырған. Әке-шешесі сол мекен-жайға барса, қыз жоқ болады. Қызды қинап ұстағандардан ата-анасы шу көтермесін деп осылай істеуге мәжбүрлеген», — деп жазды НеМолчи қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі.

Мектеп оқушылары «айтып қойсаң, Астанадағы «көкелерімізге айтып әке-шешеңді өлтіртеміз» деп қызды қорқытқан. Сондықтан ол ешкімге өзінің басындағы жағдайды айта алмаған. Тараған жазбада, қыз баланы сыныптастарының қинап есірткі беріп, зорлап жүргенін мектеп директоры, мұғалімдері, учаскелік полиция да білген. Бірақ бәрі дер кезінде шара қабылдамаған.

«Кеше бәрі белгілі болды, сыныптастары қыздан ірі көлемде ақша бопсалаған, әкелмесе шашын, қасын қырып тастайтындарын айтқан. Қыз досынан ақша сұраған. Досы қыздың әке-шешесіне болып жатқан сұмдықты айтып берген», — деп жазды қоғам белсендісі.

Дина Таңсәрінің сөзінше, сыныптастары қызды азаптаған, тұншықтырған, қинап мефедрон ішкізген, пакетті ерітіп денесіне басқан, қорлаған, жезөкшелікпен айналысатындардың сайтына тіркеген, жезөкшелікпен айналыстырған, ақшасын тартып алып отырған.

Қоғам белсендісі көмек сұраған ата-ананың хаттарын да жариялады. Онда зорлықшыл топтың Астанада лауазымды қызметте туыстары бар екені де жазылған.

Журналистер облыстық әкімдікке хабарласты. Олар басқармаға сілтеді. Ал Қызылорда облыстық Білім басқармасы тергеу амалдары жүріп жатқанын растады. Басқа мәліметтерді беруден бас тартты.

 

Оқылып жатыр

Бейбітшілік – ең басты байлығымыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

«Бүкіл әлемге ортақ бір дін болу керек, ол — Ислам»: Астанадағы әлемдік діндер көшбасшыларының сьезінде Жаңбыршин араздық тудыратын пікір білдірді

Тоқаев діндер съезіне қатысушыларға мемлекеттік наградалар табыс етті

Тоқаев: Қазір Таяу Шығыстағы жағдай күрделі

Тоқаев Ресей патриархы Кириллді «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Депортацияланған балалардың көбі Сібірге жіберілген: ​Ресей соғыс ашқан Украинадан кемі 35 мың баланы ұрлап кеткен

Соңғы жазбалар

«Аң аулауға шыққан»: Алматы облысында ауыл әкімі жол апатына түсіп, ауыр жарақаттар алған

18 Қыркүйек, 2025

«Әскерде қандай сұмдық жағдай болып жатқанын білесіз бе?»: қайтыс болған сарбаздың анасы Тоқаевқа үндеу жолдады

18 Қыркүйек, 2025

Бейбітшілік – ең басты байлығымыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

18 Қыркүйек, 2025

Алматыда кадеттер арасындағы шахматтан әлем чемпионаты басталады

18 Қыркүйек, 2025

«Қоғам игілігі үшін жұмсалады»: Қайрат Сатыбалдының «Байсат» базары 28 миллиард теңгеге сатылмақ

18 Қыркүйек, 2025

Иманбек Грэмми сыйлығына екінші рет ұсынылды

18 Қыркүйек, 2025

Қонаев қаласының 55 жылдығы 6 күн қатарынан тойланады

18 Қыркүйек, 2025

«Сонша сынайтындай адам өлтірдім бе?»: Мәжіліс мінберінде анасын құттықтаған Назаров өз әрекетін түсіндірді

18 Қыркүйек, 2025

Діндер көшбасшыларының съезі: Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды

18 Қыркүйек, 2025

Қырғызстандағы репрессия: биліктегі басшыларды жаппай қудалау басталды

18 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.