Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Түркістан қаласының әкімі шетелдік инвесторларды қабылдады

19 Қыркүйек, 2025

«Фотоларына қызғанышпен қараймын»: Айқынның бірінші әйелі жалғызбасты ана болудың қиындығын айтты

19 Қыркүйек, 2025

Астана – Ақтөбе рейсінен екі жолаушы түсіріліп, қолдарына кісен салынды

19 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түркістан қаласының әкімі шетелдік инвесторларды қабылдады
  • «Фотоларына қызғанышпен қараймын»: Айқынның бірінші әйелі жалғызбасты ана болудың қиындығын айтты
  • Астана – Ақтөбе рейсінен екі жолаушы түсіріліп, қолдарына кісен салынды
  • Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады
  • Бүгін арыстандар тосыннан байып, сарышаяндарда жұмыста мәселе туындауы мүмкін: 19 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал
  • «Қайрат» алғашқы ойынында «Спортингке» 1:4 есебімен жеңілді
  • «Аң аулауға шыққан»: Алматы облысында ауыл әкімі жол апатына түсіп, ауыр жарақаттар алған
  • «Әскерде қандай сұмдық жағдай болып жатқанын білесіз бе?»: қайтыс болған сарбаздың анасы Тоқаевқа үндеу жолдады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 19 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » БҚО-да төрт бірдей әлеуметтік нысан пайдаланылуға берілді

БҚО-да төрт бірдей әлеуметтік нысан пайдаланылуға берілді

9 Тамыз, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

БҚО-ның Бөкей ордасы ауданына қарасты төрт бірдей ауылдық округте әлеуметтік нысандар пайдаланылуға берілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Еліміздің басты капиталы — адам. Дені сау ұлт — мықты мемлекеттің берік тұғыры, негізі» деп әр жолдауында денсаулық саласына арнай тоқталып, медициналық қызмет сапасын арттыруда қадау-қадау игі істерді іске асыруға қомақты қаржы еш кедергісіз бөлінетінін айтып келеді. Соның бір жарқын үлгісі бүгін ауданымызда орын алды.

Бөкей ордасы ауданына қарасты төрт бірдей ауылдық округте, атап айтқанда, Сайқын ауылдық округіне қарасты Шоңай елді мекенінде, Мұратсай ауылдық округіне қарасты Әжен елді мекенінде, Бисен ауылдық округіне қарасты Жетібай мен Көктеректе күрделі жөндеуден өткен медициналық пункт пайдалануға берілді.
Аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, аудандық аурухана басшысы Анарбек Белисанов арнайы барып, тұрғындар қуанышымен бөлісті.

— Ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуда ілкімді істер қолға алынуда. Есептік кездесулерде ауыл азаматтары ауылдағы амбулатория, медициналық пункттердің тозығы жетіп, күйі қашқанын, жедел жәрдем көліктерінің істен шығып, фельдшерлердің көліксіз қалғанын мәселе ғып көтерді. Күні кеше бір емес бірнеше округке жедел жәрдем көлігініі кілтін табыстадық. Міне, бүгін медициналық нысандардың да мәселесінің де оң шешім тапқанына куә болып тұрмыз. Биылдың өзінде Шоңай, Әжен, Көктерек, Жетібай, Тайғара, Кеңой елді мекендеріндегі медициналық пунктті күрделі жөндеу қолға алынды. Дәл бүгін төрт нысан пайдалануға берілді. Қалған екі нысанның жөндеу жұмысын жыл аяғына дейін аяқтаймыз деген жоспар бар. Осындай жарқын істеріміз жалғасты болсын, — деді аудан әкімі Нұрлыбек Жасқайратұлы.

Сонымен қатар аудан басшысы сапалы қызмет көрсеткен мердігер компанияларға да алғысын білдірді. Таратып айтсақ, Жетібай, Шоңай ауылындағы медициналық пункт ғимараттарын «Жол» ЖШС, Әжен ауылындағы медициналық пунктті «Символ» ЖШС, Көктерек ауылындағы медициналық пункт ғимаратын «Беккалиев С.Р.» ЖК күрделі жөндеуден өткізді. Ғимарат қана жаңарып, жаңғыртылған жоқ, медициналық пункттер заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Науша Шоманова, Қадырбай Айтасов және Бисен Ижанов сияқты аға-апаларымыз ауыл тұрғындары атынан жергілікті билік пен құрылысқа жауапты азаматтарға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Автор: «Орда жұлдызы » газетінің тілшісі Е.Бисенғалиев
Бөкей ордасы ауданы

Оқылып жатыр

Қонаев қаласының 55 жылдығы 6 күн қатарынан тойланады

Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды

«Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?

Ақмола облысында «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды

Алматы облысының әкімі қоқыс полигонындағы өрт орнына барды

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

Соңғы жазбалар

Түркістан қаласының әкімі шетелдік инвесторларды қабылдады

19 Қыркүйек, 2025

«Фотоларына қызғанышпен қараймын»: Айқынның бірінші әйелі жалғызбасты ана болудың қиындығын айтты

19 Қыркүйек, 2025

Астана – Ақтөбе рейсінен екі жолаушы түсіріліп, қолдарына кісен салынды

19 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады

19 Қыркүйек, 2025

Бүгін арыстандар тосыннан байып, сарышаяндарда жұмыста мәселе туындауы мүмкін: 19 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал

19 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» алғашқы ойынында «Спортингке» 1:4 есебімен жеңілді

19 Қыркүйек, 2025

«Аң аулауға шыққан»: Алматы облысында ауыл әкімі жол апатына түсіп, ауыр жарақаттар алған

18 Қыркүйек, 2025

«Әскерде қандай сұмдық жағдай болып жатқанын білесіз бе?»: қайтыс болған сарбаздың анасы Тоқаевқа үндеу жолдады

18 Қыркүйек, 2025

Бейбітшілік – ең басты байлығымыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

18 Қыркүйек, 2025

Алматыда кадеттер арасындағы шахматтан әлем чемпионаты басталады

18 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.