Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Биыл 36 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды – ІІМ

11 Тамыз, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша жұмыс нәтижесі туралы есеп берді, деп хабарлайды Todayinfo.

Ведомство мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басшылық ету және қатысу фактілері бойынша биыл 36 қылмыстық іс тіркелді, оның ішінде үшеуі трансұлттық топтар бойынша. Оларды қаржыландыру және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактілері тергеліп жатыр. Қылмыстық кодекстің әртүрлі бабы бойынша 150-ден астам криминалитет өкілдері жауапқа тартылды.

«Таяу шет елдердің құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, шетелдік қылмыстық элементтерге тосқауыл қойылды. Олардың біздің елге ену әрекеттері дер кезінде тоқтатылды. Қазақстан аумағында олардың қатысуымен қылмыстық қақтығыстарға жол берілмеді. ҰҚК-мен бірлесіп, Шымкент қаласында, Қарағанды және Қызылорда облыстарында аса қауіпті төрт қылмыстық топ өкілдерінің қызметі тоқтатылды», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Қаржы мониторингі агенттігімен бірге ұйымдасқан қылмыстық топтарды қаржыландыруға және көлеңкелі экономикаға қарсы шаралар қабылданып келеді. Мемлекетке 11 млрд теңгеден астам залал келтірген құқық бұзушылықтар анықталды.

12,5 мың литр және шамамен 2 млн бума акцизсіз өнімдер, 5 тоннадан астам балық және 5 мыңнан астам ақбөкен дериваттары тәркіленді. Құрамында алтыны бар материалдарды қайта өңдеу бойынша 19 заңсыз цех жойылып, ондаған тоннадан астам кен табылды.

Жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмауға ерекше назар аударылады. Мектеп, колледж және жоғары оқу орындары жастарынан ақша бопсалап, бұзақылық жасаған және қару сақтаумен айналысқан 19 топтың жолы кесілді.

«Негізгі бағыт қала құраушы кәсіпорындар мен тау-кен байыту комбинаттарының мүлкін ұрлаумен байланысты топтардың қылмыстық әрекетінің жолын кесу болып қала береді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Мемлекеттік күзет қызметімен бірлесіп, компаниялардың жұмыскерлерімен сөз байласып, кәсіпорындардың, оның ішінде Qarmet, «Қазақмыс», «Қазақалтын» алтындарын, металл сынықтарын және басқа да өнімдерін ұрлау бойынша заңсыз схемаларын жасаған бірнеше қылмыстық топтарды ұстау жүргізілді. Қылмыстық істердің, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басшылық ету және қатысу фактілері бойынша ондаған эпизодтар тергеліп жатыр», – деді Қуандық Алпыс.

Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, адам саудасына және онымен байланысты құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша дәйекті жұмыс жүргізіліп жатыр. Адам саудасының 137 фактісі, оның ішінде 9 адам ұрлау және қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру жағдайлары анықталып, жолы кесілді. 5 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстанда адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заңға қол қойды. Ол бұрын заңнамалық деңгейде құқық бұзушылық ретінде қарастырылмаған әрекеттер үшін жауапкершілікті көздейді.

 

ІІМ Биыл топтың тоқтатылды қызметі қылмыстық ұйымдасқан

Оқылып жатыр

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.