Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?
  • «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 17 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Апелляциялық сот экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының жазасын өзгеріссіз қалдырды

21 Тамыз, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

21 тамызда Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және басқаларына қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қайта қарады. 

Бұрын Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2029 жылғы 29 ақпандағы сот үкімімен:

Мұхамедиұлы А. лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалана отырып, кінәліге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін талан-таражға салу арқылы, аса ірі мөлшерде ұрлауды ұйымдастырғаны, рейдерлік әрекетке бағытталғаны, өкілеттіктерін теріс пайдалануды ұйымдастырғаны үшін (ҚК 28-бабының 3-бөлігі – 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы, 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы, 24-бабының 3-бөлігі – 249-бабының 1-бөлігі, 28-бабының 3-бөлігі – 250-бабының 1-бөлігі) мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 11 жылға бас бостандығынан айыруға;

Нұразхан А. кінәліге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін талан-таражға салу жолымен, аса ірі мөлшерде ұрлауға қатысқаны үшін (ҚК 28-бабының 2-бөлігі – 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы) мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 7 жыл 1 айға бас бостандығынан айыруға;

Кошенов А. мен Садвокасова А. кінәліге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде, талан-таражға салу жолымен ұрлауға жәрдемдескені үшін (ҚК 28-бабының 5-бөлігі – 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы) коммерциялық және өзге де ұйымдарда 10 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдармен айналысу құқығынан айырыла отырып, 7 жыл 1 айға бас бостандығынан айыруға, сондай-ақ, А.Садвокасоваға үкімнің орындалуын 5 жылға кейінге қалдыру қолданылды;

Сатубалдин А. мен Кочетов Л. кінәліге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде, талан-таражға салу жолымен ұрлауға қатысқаны үшін (ҚК 28-бабының 2-бөлігі — 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы) мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға;

Жуаспаева Г. өкілеттігін асыра пайдаланғаны және көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін (ҚК 250-бабының 1-бөлігі, 385-бабының 3-бөлігі) 2 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

Сондай-ақ Жуаспаева Г. «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының негізінде негізгі жазадан, ҚК 385-бабы 3-бөлігі бойынша ҚК 71-бабы 1-бөлігінің 1) тармағы бойынша ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

3,5 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ СОМАДА КЕЛТІРІЛГЕН ЗАЛАЛ ӨНДІРІЛЕДІ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің талап қоюы қанағаттандырылып, 3,5 млрд. теңгеден астам сомада келтірілген залал өндірілді.

Бірінші сатыдағы сот А.Мұхамедиұлы және басқалары лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, кінәліге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін талан-таражға салу жолымен, аса ірі мөлшерде ұрлауды ұйымдастырып, оған қатысқаны анықталды.

Қорғаушылар, сотталғандар және олардың адвокаттары сот үкімімен келіспей, оған шағым келтірді.

Астана қалалық сотының сот алқасы шағымдардың дәлелдерін зерделеп, процеске қатысушыларды тыңдап, қылмыстық істің материалдарын зерттеп, сотталғандардың кінәсінің дәлелденгені туралы сот қорытындыларымен келісті.

Бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жою немесе өзгерту үшін негіздер анықталмады.

Үкім заңды күшіне енді.

ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙ ІСІ

Еске салайық, экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы былтыр ҚР Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі және 189-бөлігі 4-тармағы 2-тармағы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Арыстанбек Мұхамедиұлымен қатар Ұлттық музей басшысы болған Алмас Нұразхан, «Экспонат» мердігер ұйым директорының орынбасары Азамат Көшенов пен осы компанияның есепшісі Айым Сәдуақасова 7 жылға сотталды. Олар қылмыстық заңбұзушылыққа қатысты деген айыппен кінәлі деп танылды. Сот шешімімен 6 жасар қызы бар, жалғызбасты Айым Сәдуақасованың баласы Сәдуақасованың туыстарының біріне немесе қамқорлық мекемесіне тапсырылатын болды.

ПАРА БЕРУГЕ ӘРЕКЕТ

13 ақпанда экс-министрінің қамау мерзімі ұзартылып, ол аса ірі мөлшерде пара беруге әрекет жасағаны үшін үкімі 8 жылдан 11 жылға ұлғайды. Оның әйелі Ғалия Ысқақова пара алғаны үшін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салумен алты айға бас бостандығынан айырылды.

Дереккөз: ulysmedia.kz

апелляциялық Арыстанбек жазасын Мұхамедиұлының Сот эксминистр қалдырды өзгеріссіз

Оқылып жатыр

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

Соңғы жазбалар

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.