Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

19 Қыркүйек, 2025

«Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды

19 Қыркүйек, 2025

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

19 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді
  • «Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды
  • Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды
  • «Подстава»: Атышулы блогер Жанабыловтардың ісінде кімнің кінәлі екені анықталды
  • «Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды
  • Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды
  • «Бақыт тыныштықты қалайды»: Димаш Құдайбергеннің белгісіз бойжеткенді құшақтап тұрған суреті пайда болды
  • Қызылордада әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық жасаған екі адамға үкім шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 20 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Конституция күніне орай Алматы облысының әкімі Қонаев қаласындағы 85 отбасыға жаңа пәтер кілттерін табыстады

Конституция күніне орай Алматы облысының әкімі Қонаев қаласындағы 85 отбасыға жаңа пәтер кілттерін табыстады

29 Тамыз, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Sun City» тұрғын үй кешенінде 85 отбасыға жаңа пәтер кілттерін табыс етті. Баспана 10 жылдан астам уақыт үй кезегінде тұрған отбасыларға берілді.
Пәтерлер Конституция күні қарсаңында қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана сатып алу бағдарламасы шеңберінде табысталды.

Бұл пәтерлер «KazSMU» ЖШС жүзеге асырған 360 пәтерлі кешеннен сатып алынды.
Шараға Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы қатысып, тұрғындарды құттықтады.

«Тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттік әлеуметтік саясаттағы басымдық. Тұрғын үй мәселесіне қатысты жағдайды түбегейлі өзгерту керек. Бұл сұрақ әрдайым жіті назарда болады», — деп ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев баспана мәселесімен қамтуға баса назар аударған. Осы бағытта Алматы облысында да белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылы әлеуметтік осал топтарға арналған 1304 пәтерді сатып алу жоспарланған. Оның 55-і бүгінде сатып алынды. Облыс орталығында қосымша 145 пәтер сатып алынып, әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарға беріледі. Жалпы, облыс бойынша 61 көппәтерлі тұрғын үй (1618 пәтер) құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 3 мыңға жуық облыс тұрғыны жаңа баспанаға ие болады деп күтілуде», — деді Марат Елеусізұлы.

Жаңа пәтерге ие болғандардың бірі — Анар Алмұратова. Күміс алқа иегері бес қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр. Ол он жылдан бері Қонаев қалалық ауруханасында медбике болып жұмыс істейді.

«Қонаевта тұрып жатқанымызға он жыл болды. 2012 жылы көшіп келдім. Әсерімді айта алмаймын, толқып тұрмын, қуаныштымын. Конституция күні қарсаңында үй беріп жатыр, балапандарымыз осы жерден сабаққа барады. Екі бөлмелі үй, 78 шаршы метр, іші үлкен», — деді Анар Алмұратова.

«Sun City» тұрғын үй кешені қаланың жайлы әрі қолайлы бөлігінде орналасқан. Ғимараттың құрылысы екі жыл бұрын басталып, биыл пайдалануға берілді. 12 қабатты нысанның ауласы толық абаттандырылған. Балаларға арналған спорттық, ойын-сауық алаңдары да орнатылыпты.

«Қонаев қаласында баспана кезегінде 1834 адам тұр. Олардың арасында көпбалалы аналар, соғыс ардагерлері, жетім балалар және мүгедектер бар. Жыл соңына дейін 165 пәтерді Үкімет тарапынан беру жоспарланып отыр», — деді Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов.

Оқылып жатыр

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

«Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды

Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды

«Отбасылық оқиғаларды жария ету орынсыз»: Белгілі қоғам қайраткері Ардақ Назаровтың халықтан кешірім сұрауын талап етті

«Еш ұялмастан келіп бүлдірді»: Амантай қажының басы тағы дауға ілікті

Түркістан қаласының әкімі шетелдік инвесторларды қабылдады

Соңғы жазбалар

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

19 Қыркүйек, 2025

«Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды

19 Қыркүйек, 2025

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

19 Қыркүйек, 2025

«Подстава»: Атышулы блогер Жанабыловтардың ісінде кімнің кінәлі екені анықталды

19 Қыркүйек, 2025

«Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды

19 Қыркүйек, 2025

Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды

19 Қыркүйек, 2025

«Бақыт тыныштықты қалайды»: Димаш Құдайбергеннің белгісіз бойжеткенді құшақтап тұрған суреті пайда болды

19 Қыркүйек, 2025

Қызылордада әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық жасаған екі адамға үкім шықты

19 Қыркүйек, 2025

«Орыстілді ел деп ойлағаны қынжылтты»: Әлем чемпионатында қазақстандық боксшыларға сұрақтарды орысша дайындаған

19 Қыркүйек, 2025

«Отбасылық оқиғаларды жария ету орынсыз»: Белгілі қоғам қайраткері Ардақ Назаровтың халықтан кешірім сұрауын талап етті

19 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.