Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

19 Қыркүйек, 2025

«Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды

19 Қыркүйек, 2025

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

19 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді
  • «Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды
  • Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды
  • «Подстава»: Атышулы блогер Жанабыловтардың ісінде кімнің кінәлі екені анықталды
  • «Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды
  • Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды
  • «Бақыт тыныштықты қалайды»: Димаш Құдайбергеннің белгісіз бойжеткенді құшақтап тұрған суреті пайда болды
  • Қызылордада әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық жасаған екі адамға үкім шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 20 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Экономикалық дамуы қарқынды: Түркістан облысында жалпы өңірлік өнім көлемі биылғы 7 айда 2,9 трлн теңгеге жетті

Экономикалық дамуы қарқынды: Түркістан облысында жалпы өңірлік өнім көлемі биылғы 7 айда 2,9 трлн теңгеге жетті

29 Тамыз, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысында өнеркәсіп өнім көлемі биыл 7 айда 6,6 пайызға артып отыр.Тек бір ғана Сауран ауданында 160 өндірістік ғимарат салынып, 100 астам инвестициялық жоба іске қосылмақ, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Алты жыл бұрын жаңа Түркістан облысы құрылды. Бүгінде Түркістан тек облыс орталығы ретінде ғана емес, түркі әлемінің рухани мәдени орталығы болып қалыптасты. Бүгін өңір басшысы Дархан Сатыбалды 30 тамыз – Конституция күніне арналған салтанатты шарада өңірдің бірқатар жетістіктеріне тоқталды.

Қасиетті қалада түрлі нысандар бой көтеріп, инфрақұрылымы қалыптасқан жаңа сәулетті шаhарға айналды. Биыл Түркістан қаласы түркі әлемінің туристік астанасы болып жарияланды. Киелі қалаға Мемлекет басшысының тапсырмасымен ерекше мәртебе беру туралы заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралуда. Алдағы уақытта бұл құжат өңірдің дамуына айрықша серпін бермек. Түркістан өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы да қарқынды жүруде.

«Облыс экономикасының басты көрсеткіші жалпы өңірлік өнім көлемі биылғы 7 айда 2,9 трлн теңгеге жеткен. Ауқымды өндіріс орындарын қалыптастыруға энергетика тапшылығын шешу үшін маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Сайрамда 1 000 МВт станциясының құрылысы жүргізіліп жатыр. Түлкібаста 320 МВт, Кентауда 240 МВт газ турбина станциялары, Сауранда 300 МВт күн электр станциясының жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Жаңа өнеркәсіп көздерін ашуға қажетті электр қуатымен қамтамасыз етеді. Электр энергия бағасы 47 теңгеден 25 теңгеге түсірілді», — деп мәлімдеді Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өнеркәсіп өнім көлемі биыл 7 айда 6,6 пайызға артып отыр. Сауран ауданында 100 гектар аумақта шағын өнеркәсіптік парк жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жерде 160 өндірістік ғимарат салынып, 100 астам инвестициялық жоба іске қосылады. Нәтижесінде 5 000 жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Бүгінгі таңда парк аумағында жиһаз фабрикасы іске қосылды, жаңбырлатып суғару қондырғылары өндірісі ашылды, сусын, мұздатқыш және құрылыс заттарын шығаратын зауыттар қолданысқа берілді.

Басқа индустриялды аймақтарымызда аллюминиум, тау-кен металлургия, құрылыс материалдары, жиһаз және сусындар өндіру зауыттары алдағы уақытта ашылады. Жалпы 87 жоба іске асырылуда. Өндірісті дамыту бағытында ауқымды жұмыстар әлі де жалғасады. Облыс экономикасына инвестиция тарту өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 есеге артты.

Экономиканың дамуына тың серпін беретін жалпы құны 145 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды. Биылғы 7 айда 25 жоба іске қосылып, 866 жұмыс орны ашылды. Өңір экономикасының маңызды саласы ауыл шаруашылығында өнім көлемі артты. Осыған сәйкес, өндірілген өнім көлемі бойынша облыс республикада ең жоғарғы көрсеткішке ие болды.

«Бүкіл дүние жүзінде жыл сайын ағын су тапшылығы артып келеді. Осыған орай, суды көп тұтынатын дақылдар алқабын 10 мың гектарға қысқартылды. Су үнемдеу технологиясының қол жетімділігін арттыру мақсатында «Жылына 1 000 дана жаңбырлатып суғару машиналарын шығару» зауыты іске қосылды. Жыл соңына дейін тағы «50 мың гектар тамшылатып суғару өндірісі» қолданысқа беріледі. «Тұран су» мемлекеттік кәсіпорны жылына 9 мың гектар аумақты тамшылатып суғару жүйесі өндірісі іске қосылуда. «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Ал «Боралдай» су қоймасының құрылысы келесі жылы басталады», — делінген Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Заманауи технология мен озық тәжірибені қолдана отырып мақта-тоқыма кластерін құруды қолға алдық. 200 мың шаршы метр құрайтын зауыт және фабриканың құрылысы басталды. Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін қолдана отырып, облыста 3 сүт фермасы іске асырылады. Демографиялық өсімге байланысты жыл басынан бері тұрғын үйлер пайдалануға берілуде. Нәтижесінде, кезекте тұрған 5 мыңға жуық отбасының баспана мәселесі шешіледі.

Өңірде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елді мекендерде 49 нысанның құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, қосымша 3 ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда. Былтыр атаулы әлеуметтік көмек алушылардың санын 21 пайызға төмендеді. Биыл тағы да 26 пайызға дейін азайту жоспарланған. Нәтижесінде, кедейшілік деңгейі төмендейді деп күтілуде. Өз ісін ашуға ниет білдірген 1 793 адамға қайтарымсыз грант ұсынылады. 621 жасқа 2,5 пайызбен жеңілдетілген шағын несие қарастырылған.

Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен ауылдық жерлерді дамыту мақсатында 2024 жылға «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 181 елді мекенде 211 жобаны іске асыруға қаржы бөлінді. Жоғарыда аталған шаралардың барлығы экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге нақты ықпал етеді.

Оқылып жатыр

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

Қонаев қаласының 55 жылдығы 6 күн қатарынан тойланады

Арыс қаласында президент жолдауын насихаттау бойынша кездесу өтті

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА “ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ” ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды

«Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?

Соңғы жазбалар

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

19 Қыркүйек, 2025

«Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды

19 Қыркүйек, 2025

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

19 Қыркүйек, 2025

«Подстава»: Атышулы блогер Жанабыловтардың ісінде кімнің кінәлі екені анықталды

19 Қыркүйек, 2025

«Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды

19 Қыркүйек, 2025

Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды

19 Қыркүйек, 2025

«Бақыт тыныштықты қалайды»: Димаш Құдайбергеннің белгісіз бойжеткенді құшақтап тұрған суреті пайда болды

19 Қыркүйек, 2025

Қызылордада әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық жасаған екі адамға үкім шықты

19 Қыркүйек, 2025

«Орыстілді ел деп ойлағаны қынжылтты»: Әлем чемпионатында қазақстандық боксшыларға сұрақтарды орысша дайындаған

19 Қыркүйек, 2025

«Отбасылық оқиғаларды жария ету орынсыз»: Белгілі қоғам қайраткері Ардақ Назаровтың халықтан кешірім сұрауын талап етті

19 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.