Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

19 Қыркүйек, 2025

«Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды

19 Қыркүйек, 2025

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

19 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді
  • «Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды
  • Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды
  • «Подстава»: Атышулы блогер Жанабыловтардың ісінде кімнің кінәлі екені анықталды
  • «Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды
  • Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды
  • «Бақыт тыныштықты қалайды»: Димаш Құдайбергеннің белгісіз бойжеткенді құшақтап тұрған суреті пайда болды
  • Қызылордада әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық жасаған екі адамға үкім шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 20 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Инвестиция 1,5 есеге өскен: Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласының көлемі 7 айда 308,3 млрд. теңгені құрады

Инвестиция 1,5 есеге өскен: Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласының көлемі 7 айда 308,3 млрд. теңгені құрады

30 Тамыз, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласында өткен жылы республикада көш бастады. Салаға инвестиция тартылып, 1,5 есеге өсті. Ал 2024 жылдың 7 айында ауыл шаруашылығы саласының көлемі 308,3 млрд. теңгені құрап, 106,2% деңгейінде қалыптасты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Егістікті әртараптандыру нәтижесінде алдынға жылы көкөніс, бақша дақылдарының 3,3 млн.тонна рекордтық өнім жиналды. Жиналған өнім бойынша республикада жоғарғы көрсеткішке ие. Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында биыл 380 жұмыс орнымен 45 жобаны іске асыру жоспарланған болса, оның 13 жобасы іске қосылып, 136 жұмыс орны құрылды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау қуаттылықтарын арттыру мақсатында Сауран ауданында 1 гектар аумақта көкөніс сақтау қоймасы және 30 га аумақта шағын өнеркәсіптік паркжобасы жүзеге асырылуда. Өндірістік ғимаратта 38 жобаны іске қосу көзделуде. Нәтижесінде 1 790 жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар импорттық тауарды алмастыруға мүмкіндік береді.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруда рентабельді дақылдарға өту жұмыстары жүргізілуде. Суды көп тұтынатын дақылдар алқабы 18 мың га қысқарды. «Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасына» сәйкес, Түркістан облысында 2030 жылға қарай су үнемдеу технологиясын 216,3 мың га енгізу қарастырылған. Оның ішінде биыл 22 мың га жоспарланса, 7 айда 13,1 мың га су үнемдеу технологиялары енгізілді.

«Су үнемдеу технологияларының қол жетімділігін арттыру бағыттында 2 жергілікті кәсіпорын ашылуда. «BNK Group LTD» «Жылына 1000 дана жаңбырлатып суғару машиналарын шығару» зауыты. Жыл соңына дейін қосыша «50 мың га тамшылатып суғару өндірісі» қосылады. «Тұран су» мемлекеттік кәсіпорны«жылына 9 мың га тамшылатып суғару жүйесін шығаратын өндірісті» толық іске қосады. Нәтижесінде, алдағы уақытта осы кәсіпорындар есебінен су үнемдеу технологияларымен облыс және көршілес өңірлер толық қамтамасыз етілетін болады», — деп хаабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жылыжай шаруашылықтарын қолдау мәселесін Үкімет алдында көтеріп, нәтижесінде жылыту шығындарын субсидиялау ережесі бекітілді. Осы мақсатқа өткен жылы қыржы бөлінді. Сондай-ақ, жылыжайларды бір орталықтан көмірмен қамтамасыз ету үшін арнайы кооператив құрылып, өндірушілерден тікелей тасымалдау келісілді.

«Ауыл аманаты» жобасы 6 бағытта жүргізілді. Бұл мақсатқа қаржы бөлініп, 3 256 жоба қаржыландырылды. Пилоттық жобаға 62 ауылдық округ белгіленіп, 62 жаңа кооператив ұйымдастырылды. Жобаны іске асыру нәтижесінде 3 413 жаңа жұмыс орны ашылды. Қосымша өнім өндіріліп, жобаға қатысушылардың орташа табысы өсті. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азаюда.

Оқылып жатыр

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

Қонаев қаласының 55 жылдығы 6 күн қатарынан тойланады

Арыс қаласында президент жолдауын насихаттау бойынша кездесу өтті

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА “ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ” ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды

«Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?

Соңғы жазбалар

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

19 Қыркүйек, 2025

«Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды

19 Қыркүйек, 2025

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

19 Қыркүйек, 2025

«Подстава»: Атышулы блогер Жанабыловтардың ісінде кімнің кінәлі екені анықталды

19 Қыркүйек, 2025

«Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды

19 Қыркүйек, 2025

Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды

19 Қыркүйек, 2025

«Бақыт тыныштықты қалайды»: Димаш Құдайбергеннің белгісіз бойжеткенді құшақтап тұрған суреті пайда болды

19 Қыркүйек, 2025

Қызылордада әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық жасаған екі адамға үкім шықты

19 Қыркүйек, 2025

«Орыстілді ел деп ойлағаны қынжылтты»: Әлем чемпионатында қазақстандық боксшыларға сұрақтарды орысша дайындаған

19 Қыркүйек, 2025

«Отбасылық оқиғаларды жария ету орынсыз»: Белгілі қоғам қайраткері Ардақ Назаровтың халықтан кешірім сұрауын талап етті

19 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.