Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Backstreet Boys сахнадан Алматыны туған күнімен құттықтады (видео)

20 Қыркүйек, 2025

Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі

20 Қыркүйек, 2025

Қазақстан азаматы тікелей эфирде боқтаймын деп соттан бір-ақ шықты

20 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Backstreet Boys сахнадан Алматыны туған күнімен құттықтады (видео)
  • Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі
  • Қазақстан азаматы тікелей эфирде боқтаймын деп соттан бір-ақ шықты
  • Активтерді қайтару: Бас прокурор олигархтармен келісімдер туралы айтты
  • «Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді
  • «Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды
  • Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды
  • «Подстава»: Атышулы блогер Жанабыловтардың ісінде кімнің кінәлі екені анықталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 20 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » 9 түрлі ағаш: Арыс қаласындағы кәсіпкер 100 мыңнан астам көшет өсірді

9 түрлі ағаш: Арыс қаласындағы кәсіпкер 100 мыңнан астам көшет өсірді

5 Қыркүйек, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысында кәсіпкер көшет ағаштарын өсуірмен айналысады. Арыс қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында  алғашқы тұқымбақ аумағы айтарлықтай ұлғайтылып, бүгінде онда 100 мыңнан астам көшет өсіріліп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімінің тікелей бастамасымен құрылған бұл жасыл алаң қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға және тұрғындардың табиғатқа деген қамқорлығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып отыр.

Тұқымбақтың аумағы қазіргі таңда 1 гектарға жетіп, мұнда 9 түрлі ағаш көшеттері өсірілуде. Барлық көшеттер жергілікті жерлерде өскен талдардан алынған. Бұл тәсіл, ең алдымен экожүйенің ерекшеліктеріне сай, өсімдіктердің тез бейімделуіне және олардың ұзақ мерзімде өміршең болуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар жергілікті климаттық жағдайларға толық сәйкес келетін ағаштарды өсіру экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

«Тұқымбақта өсірілетін көшеттердің сапасын және санын арттыру үшін заманауи тамшылатып суғару жүйесі орнатылған. Бұл жүйе өсімдіктерге қажетті ылғалдылықты оңтайлы мөлшерде беріп, суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Судың дәлме-дәл тамырға жеткізілуі нәтижесінде өсімдіктердің өсуі мен дамуы жақсарады», – деп атап өтті «Жасыл Арыс» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маманы Қуанышбай Наурызбаев.

Бұл жүйенің артықшылығы – тек суды үнемдеп қана қоймай, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауға ықпал ететін тұрақты технологияны қолдану. Тамшылатып суғару арқылы жердің беткі қабаты аз бүлінеді, сонымен бірге топырақтың ылғалдылығы сақталады. Бұл ағаштардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туғызады. Нәтижесінде, көшеттердің өміршеңдігі артып,  өз кезегінде қаланың экожүйесіне оң әсер етеді.

«Таза Қазақстан» акциясы елдің экологиялық жағдайын жақсарту, жасыл аумақтарды кеңейту, табиғат қорғау мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған жалпыұлттық бастама болып табылады. Арыс қаласындағы тұқымбақтың ұлғаюы осы акцияның нәтижелі үлгісі саналады. Аталған жобаның арқасында қаланың экологиялық жағдайы жақсарып, тұрғындар жасыл аймақтардың маңыздылығын ұғына түседі деп сенеміз. Тұқымбақтың басты мақсаты – қаланың жасыл желегін кеңейту, осылайша қала тұрғындарына таза және жайлы орта қалыптастыру»,-дейді Қуанышбай Наурызбаев өз сөзінде.

Экологиялық мәдениеттің дамуы үшін осындай жобалар мен шаралардың маңызы зор. Арыс қаласы еліміздің басқа өңірлеріне үлгі боларлықтай жұмыстар атқарып жатыр. Қалалық әкімдіктің бастамасымен жүзеге асқан бұл жоба болашақта қаланың жасыл аумақтарын кеңейтуге және кәсіпкерліктің жаңа сипат алуына да мүмкіндік береді. Сонымен қатар  қала тұрғындары үшін демалатын және серуендейтін жаңа жасыл алаңдар пайда болады.

«Қаладағы кәсіпкерлер де экологиялық бастамалар мен жасыл аумақтарды ұлғайтуға қолдау көрсетуде. Бұл бастама арқылы қаланың ауа сапасын жақсарту және тұрғындардың өмір сапасын арттыру жоспарлануда. Арыс қаласы бұл бағытта нақты қадамдар жасап, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды белсенді түрде жүзеге асыруда. Тұқымбақтың аумағын кеңейту және көшет санын арттыру осы мақсатқа жету жолындағы маңызды қадамдардың бірі»,- дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оқылып жатыр

Backstreet Boys сахнадан Алматыны туған күнімен құттықтады (видео)

Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі

Қазақстан азаматы тікелей эфирде боқтаймын деп соттан бір-ақ шықты

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

«Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды

Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды

Соңғы жазбалар

Backstreet Boys сахнадан Алматыны туған күнімен құттықтады (видео)

20 Қыркүйек, 2025

Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі

20 Қыркүйек, 2025

Қазақстан азаматы тікелей эфирде боқтаймын деп соттан бір-ақ шықты

20 Қыркүйек, 2025

Активтерді қайтару: Бас прокурор олигархтармен келісімдер туралы айтты

20 Қыркүйек, 2025

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

19 Қыркүйек, 2025

«Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды

19 Қыркүйек, 2025

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

19 Қыркүйек, 2025

«Подстава»: Атышулы блогер Жанабыловтардың ісінде кімнің кінәлі екені анықталды

19 Қыркүйек, 2025

«Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды

19 Қыркүйек, 2025

Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды

19 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.