Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Таза Қазақстан»: Астанада спортшылар сенбілікке шықты

20 Қыркүйек, 2025

Backstreet Boys сахнадан Алматыны туған күнімен құттықтады (видео)

20 Қыркүйек, 2025

Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі

20 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Таза Қазақстан»: Астанада спортшылар сенбілікке шықты
  • Backstreet Boys сахнадан Алматыны туған күнімен құттықтады (видео)
  • Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі
  • Қазақстан азаматы тікелей эфирде боқтаймын деп соттан бір-ақ шықты
  • Активтерді қайтару: Бас прокурор олигархтармен келісімдер туралы айтты
  • «Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді
  • «Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды
  • Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 20 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Инвестиция көлемі – 524 млрд. теңге»: Дархан Сатыбалды “Эко-Культура” холдингінің президентімен инвестиция тартуды талқылады

«Инвестиция көлемі – 524 млрд. теңге»: Дархан Сатыбалды «Эко-Культура» холдингінің президентімен инвестиция тартуды талқылады

5 Қыркүйек, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан облысы, Келес ауданында еліміздегі ең үлкен жылыжай кешені салынып жатыр. Аумағы 500 гектардан асатын кешенде жылына 240 мың тонна көкөніс өсірілмек, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ауқымды жобаны жүзеге асырып жатқан жатқан «Эко-культура» холдингінің президенті Александр Рудаков бастаған инвесторлармен агро саладағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Қазір Келес ауданында 51 гектар жерде жобаның алғашқы кезеңі жүзеге асып жатыр. Ол келер жылы іске қосылады. 7 мың адам жұмыспен қамтылады. Инвестиция көлемі – 524 млрд. теңге.
Келер жылдың басынан бастап жылыжайлар іске қосыла бастайды. Жыл соңында құрылысы толық аяқталып, ауқымды жұмыстар жүзеге асырылады. Кездесуде тараптар бірқатар бірлескен жобалаларды талқылады.
Облыс әкімі инвесторларға ауыл шаруашылығымен бірге, индустрия, туризм бағыттары бойынша жаңа жобаларды қолға алуға шақырды. Өңірдегі өндірістік парктерде өндіріс орындарын ашу жолдарын түсіндіріп, егістікті әртараптандыру, ауқымын арттыру, жеміс сақтау қоймаларын салу секілді жаңа жобаларды бастауға шақырды. Сондай-ақ сублимация, яғни консервациялаудың ең жетілдірілген әдістерінің бірін дамытуды ұсынды. Бұл әдіс ешқандай химияны немесе консерванттарды қажет етпейді және қаптаманың түріне байланысты мұздатылған кептірілген өнімдерді ондаған жылдарға сақтауға болады.
– Түркістанға қош келдіңіздер. Бүгінгі кездесуде өздеріңізді өңірімізде өзге де тың жобаларды бастауға шақырамыз. Біз бұл бағытта бірқатар ұсыныстар қоржынын құрдық. Ынтымақтастығымыз өзара тиімді болып, үлкен перспективаларға жол ашып, тұрақты түрде дами беретініне сенімдімін. Түркістан облысы инвестициялық байланыстарды тереңдетіп, жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын. Атқарып жатқан жұмыстармен бірге, өндірісті дамытуға, терең өңдеу, өндіріс орындарын ашуға қатысты бірқатар қосымша жобаларды ұсынғалы отырмыз. Біз өз тарапымыздан оларды жан-жақты қолдауға дайынбыз. Тұрғындарымызды жергілікті өніммен қамтып, жұмыс орындарын көптеп ашу – біздің басты мақсатымыз. Біз өз тарапымыздан өнімді сақтауды, қайта өңдеуді жүзеге асыра аламыз. Сіздердің сұраныстарыңызға сай өзіміздің шаруалар дайын өнімін ұсына алады. Ауыл шаруашылығы саласында көш бастап келетін біздің облыста осы саланы барынша дамытуға мүдделіміз. Біз үшін әрқайсыңыз біздің өңірге пайдасы бар өз бизнесін тапқаны маңызды. Өз тарапымыздан бұл бағыттағы барлық бастамаларға барынша қолдау көрсетуге дайынбыз, — деді  облыс басшысы Дархан Сатыбалды.
ЭКО-культура» — 13 жыл бойы тұрақты дамып келе жатқан, жабық топырақта экологиялық таза көкөніс өсіретін ірі агроөнеркәсіптік холдингтің бірі. Бір жыл ішінде өндірген өнім көлемі 300 мың тоннадан асады.
– Біз бүгін «Эко-культура» холдингінің барлық басшыларымен бірге келіп отырмыз. Күні кеше ғана келісіп, бүгін кездесіп отырғанымызға қуыныштымыз. Екі жақтың да көздегені бір. Бізге жан-жақты қолдау білдіргендеріңізге алғыс айтамыз. Сөзді іспен дәлелдеп жатқаныңыз қуантады. Инфрақұрылым уақытынан бұрын дайын болды. Әрі қарай бірге еңбек ететінімізге сенемін. Келес ауданындағы жобамыз алдағы ақпан айында іске қосыла бастайды. Жұмысшыларды қабылдап, барлық әлеуметтік қолдау көрсетеміз. 2025 жылдың аяғында құрылыс толық аяқталып, ауқымды жұмысты бастаймыз. Біз байлыққа кенелу үшін емес, инвестиция құйып, жұмыс орындарын барынша ашу үшін келдік. Оны орындауға күш саламыз. Жаңа идеяларыңыз, тың жобаларыңыз үшін алғыс айтамыз. Нақты сұранысқа ие жеміс-жидек, көкөністің ассортиментін арттыруға дайынбыз. Жергелікті нарықты қамтып қана қоймай, Ресей, Дубай, Қытайға экспорттай аламыз. Жаңа жобаларды жүзеге асыру бағыттарын әлі нақтылап, бірлесе жүзеге асыруға күшімізді саламыз, — деді «Эко-культура» холдингінің президенті Александр Рудаков.
Талқылау қорытындысы бойынша тараптар айтылған барлық ұсыныстар мен пікірлердің пысықталатынын атап өтті. Түркістан облысы – республика халқын жеміс-көкөніс өнімдерімен, оның ішінде жылыжай кешеніндегі қызанақ, қиярмен қамтамасыз ететін негізгі өңір. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде 2 мың гектар алқапта 3 мыңнан астам жылыжай бар немесе республикадағы жылыжайлардың 71 пайызы орналасқан. Онда 12 мыңнан астам адам еңбек етеді. Осы салаға тартылған инвестиция көлемі 7 есе ұлғайды.

Оқылып жатыр

«Таза Қазақстан»: Астанада спортшылар сенбілікке шықты

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

Қонаев қаласының 55 жылдығы 6 күн қатарынан тойланады

Арыс қаласында президент жолдауын насихаттау бойынша кездесу өтті

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА “ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ” ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды

Соңғы жазбалар

«Таза Қазақстан»: Астанада спортшылар сенбілікке шықты

20 Қыркүйек, 2025

Backstreet Boys сахнадан Алматыны туған күнімен құттықтады (видео)

20 Қыркүйек, 2025

Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі

20 Қыркүйек, 2025

Қазақстан азаматы тікелей эфирде боқтаймын деп соттан бір-ақ шықты

20 Қыркүйек, 2025

Активтерді қайтару: Бас прокурор олигархтармен келісімдер туралы айтты

20 Қыркүйек, 2025

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

19 Қыркүйек, 2025

«Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды

19 Қыркүйек, 2025

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

19 Қыркүйек, 2025

«Подстава»: Атышулы блогер Жанабыловтардың ісінде кімнің кінәлі екені анықталды

19 Қыркүйек, 2025

«Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды

19 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.