Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

20 Қыркүйек, 2025

Қала күні қарсаңында: Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар

20 Қыркүйек, 2025

«Тазалық өмір салтымызға айналсын»: әлем чемпиондары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, саябақты тазалап шықты

20 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті
  • Қала күні қарсаңында: Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар
  • «Тазалық өмір салтымызға айналсын»: әлем чемпиондары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, саябақты тазалап шықты
  • Backstreet Boys сахнадан Алматыны туған күнімен құттықтады (видео)
  • Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі
  • Қазақстан азаматы тікелей эфирде боқтаймын деп соттан бір-ақ шықты
  • Активтерді қайтару: Бас прокурор олигархтармен келісімдер туралы айтты
  • «Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 20 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Апатты деп танылған»: Алматы облысының тұрғыны жер сілкінісінен жарылған үйіне жарты жылдан бері өтемақы ала алмай жүр

«Апатты деп танылған»: Алматы облысының тұрғыны жер сілкінісінен жарылған үйіне жарты жылдан бері өтемақы ала алмай жүр

6 Қыркүйек, 2024 Қоғам
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы облысында тұратын Лейла Амринаның үйі құлаудың алдында тұр. Көктемде жер сілкінгеннен кейін қатты көшкін жүріп, үй қабырғасы жарылып кеткен. Редакциядан көмек сұраған әйелдің сөзінше, үйі кез келген сәтте құлап қалуы мүмкін. Тұрғын облыс әкімдігінен өтемақы алу үшін сотқа да жүгінген, деп хабарлайды Todayinfo.

Алайда, айтуынша, талап-арызы ескерілмеген. Үй Талғар ауданындағы «Апорт» бау-бақшасының маңында орналасқан. 2008 жылы салынған бір қабатты кірпіш үйдің құжаттары түгел. Лейланың сөзінше, 4 наурызда жер сілкінгенде жер 1,5 метрге төмен түсіп кеткен. Содан қоршау жарылған. Бірақ үй сол кезде бүтін болғандықтан, үй иесі ешқайда жүгінбей, қоршау мәселесін күн жылығанда шешем деп ойлаған. Алайда бірнеше апта өткен соң үй қабырғасында үлкен жарықтар пайда болыпты.

«19-20 наурызда үйім құлай бастады. Жер төмен қарай опырылғандықтан, үй сол жаққа қарай қисая бастады. Тіреп тұрған баған ажырап қалды. Менің қателігім – ТЖ қызметкерлерін шақырмағаным. Өйткені, интернетте мұндай жағдайда әкімдікке жүгіну керек деп жазылған. Мен үйіндінің астында қалсам ғана құтқарушыларға хабарласу керек деп ойладым. Бірақ үйінді астында қалмағаныммен, үйімнің залы қирап, кірпіштер құлап, әйнектер жарылып жатты. Мен сықырлаған дауыстан оянып кеттім. Кейін жиһаздар мен ыдыс-аяқтарды сыртқа шығара бастадым. Жиһаздарым әлі басқа бөлмелерде, далада тұр. Содан кейін әкімдікті шақырдым. Біз сараптама жүргізіп, шығынның 8 млн теңгені екенін анықтадық», — дейді Лейла Амрина.

Осыдан соң үйдің қирауы уақытша тоқтаған. Бірақ топырақ жылжыған соң, қабырғалар одан әрі жарыла бастапты. Мамандардың сөзінше, іргетасты қалпына келтіру керек.

«Үй апатты деп танылды, себебі үйдің жертөле бар жағы ғана бүтін тұр. 30 шаршы метр болатын зал мен тағы бір бөлме жарылып кеткен. Мен сотқа арыз бердім. Бәрі жердің опырылғанына көз жеткізді. Бірақ талап-арыз қанағаттандырылмады, себебі Талғар ауданында төтенше жағдай режимі жарияланбаған. Төрт ай бойы соттасып келемін. Бүкіл ақшам сараптама мен адвокатқа кетті. Үйге әзірге ештеңе істеген жоқпын. Қазір біз бүтіндеу жағында тұрып жатырмыз. Енді қысқа дейін бірдеңе істеу керек», — деді ол.

Визуалды тексеру актісінде үйлер салынған жер тегістелген тау баурайы екені анықталған. Бұл жердің топырағы тез шөгіп, су жылдам шаятын көрінеді. Жер сілкінгенде көрші монша мен үй арасында шұңқыр пайда болған. Осы шұңқырдағы пластик су құбыры сынып, топырақ ылғалданып кеткен. Салдарынан моншаның да іргетасы жарылыпты. Сараптамада іргетастың ылғал топырақтан жарылғаны айтылған.

«Жарықтардың пайда болуына табиғи сипаттағы жер сілкінісі себеп. Қабырғадағы жарықтардың және қабырғаның бір бөлігінің құлау себебі іргетастардың шөгуі»,  — делінген қорытындыда.

Алматы облысы әкімдігі наурызда мүлікке келген залалды өтеу туралы өтініш түскенін растады. 26 наурызда әкімдік қызметкерлері тексеріс жүргізіп, акт толтырған.

«Тексеру кезінде өтініштің зардап шеккен мүлік иесінен емес, көрші жер иесінен берілгені анықталды. Өтініш үй құлағасын үш апта өткен соң берілген. Өтініш беруші мұның жер сілкінгенде құлағанын айтады. Көрші жерде шаруашылық нысан, яғни монша бары анықталды. Моншаның іргетасы оны дұрыс қолданбаудан, топырақтың шөгуінен болған. Яғни орталық кәріз жүйесі болмағандықтан, су ағызу ережелері бұзылуы мүмкін», — деп хабарлады әкімдік өкілдері.

Әкімдік құлаудың нақты себептерін анықтау үшін тәуелсіз сараптама жүргізуді ұсынды. Қажет болған жағдайда сотқа талап-арыз беру керек деді.

«Бесағаш ауылдық округі мен Талғар ауданы әкімдіктеріне залалды өтеу туралы талап-арызды Амрина Л.К. берген. Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылмады», — деп атап өтті Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Фото: Жеке мұрағаттан

Оқылып жатыр

«Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды

Ақтөбеде дәрігерді қатыгездікпен өлтіру ісі: сотта сұмдық деректер жарияланды

«Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

«Келеңсіз оқиғаларды жиі көруге болады»: Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынады

«Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

Соңғы жазбалар

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

20 Қыркүйек, 2025

Қала күні қарсаңында: Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар

20 Қыркүйек, 2025

«Тазалық өмір салтымызға айналсын»: әлем чемпиондары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, саябақты тазалап шықты

20 Қыркүйек, 2025

Backstreet Boys сахнадан Алматыны туған күнімен құттықтады (видео)

20 Қыркүйек, 2025

Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі

20 Қыркүйек, 2025

Қазақстан азаматы тікелей эфирде боқтаймын деп соттан бір-ақ шықты

20 Қыркүйек, 2025

Активтерді қайтару: Бас прокурор олигархтармен келісімдер туралы айтты

20 Қыркүйек, 2025

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

19 Қыркүйек, 2025

«Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды

19 Қыркүйек, 2025

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

19 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.