Алматыда жедел-жәрдем көлігі жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан екі әйелді қағып кетті. Оқиғаның видеосы тарады, деп хабарлайды Todayinfo.
Жедел жәрем көлігінің жүргізушісі ережені сақтамаған. Оқыс оқиға Райымбек пен Тілендиев көшелерінің қиылысында болған.
Krispi Almaty парақшасында жазылғандай, бағдаршамның жасыл түсі жанғанда көшені кесіп өтіп бара жатқан әйелдерді көлік қағып өткен. Ал жедел жәрдем көлігі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, әрі қарсы жолақпен бұрылған.