Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Көргенсіздік көрсетіп отырғандардың дені – әйелдер»: Света Айтбаева қоғамдық орындарда айқай-шу шығаратын әйелдердің бар екенін растады

9 Қыркүйек, 2025

Астанада көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы өңірлерден 10 есе артық – министр

9 Қыркүйек, 2025

Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады

9 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Көргенсіздік көрсетіп отырғандардың дені – әйелдер»: Света Айтбаева қоғамдық орындарда айқай-шу шығаратын әйелдердің бар екенін растады
  • Астанада көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы өңірлерден 10 есе артық – министр
  • Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады
  • Алматы облысында Ұйғыр аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
  • Хазірет ауылына көгілдір отын жетті
  • Байғанин ауданында халық игілігіне бағытталған жаңа жобалар қолға алынды
  • «Қыздарына көзім түсіп жүр»: Ерке Баянмен құда болғысы келетінін айтты
  • Саржал ауылында жаңа спорт модулі салынып жатыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 9 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Талдықорғанда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған әлеуметтік орталық ашылды

Талдықорғанда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған әлеуметтік орталық ашылды

30 января, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Талдықорғанда «Қамқор» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының базасында 18 жастан асқан мүгедектігі бар азаматтар үшін 50 төсек-орынға арналған бөлімше ашылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. 

Бұл 2023 жылы облыс әкімі Бейбіт Исабаевқа «Қамқор» орталығында тәрбиеленіп отырған балалардың ата-аналарының айтқан өтініші бойынша жасалды.

Орталықтың аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді, оған 12,8 млн. теңге бөлінді. Ересектер бос уақытын тиімді өткізуі үшін беседкалар, серуен алаңы, сахна, спортпен айналысатын алаң жасалды. Лифт орнатылды. Бұдан бөлек, осы жылдың екінші тоқсанында 16 млн. теңгеге жуық қаржыға монша салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ 29 млн. теңгеге орталық тәрбиеленушілерін тасымалдау үшін көлік сатып алынбақ.

Бүгін жаңартылған орталыққа барған тәрбиеленушілердің ата-аналары мен жақын туыстары жасалған жағдайлармен танысты.

Атап өтсек, стационары бар «Қамқор» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 3 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған.

Осы жылдың қаңтар айынан бастап орталық базасында ересектер бөлімшесі жұмыс істей бастады. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының дерегі бойынша, бүгінгі күні орталықта 104 адам бар, оның 54-і бала.

Орталық аумағында ойын, спорт, волейбол алаңдары мен жылыжай бар. Сенсорлық, физиотерапиялық, дефектологиялық, стоматологиялық, егу-процедуралық, логопедиялық кабинеттер, сондай-ақ психолог, емдік дене шынықтыру, еңбекке баулу кабинеттері, мәжіліс залы бар. Тұз шахтасы, релаксация бөлмесі жұмыс істейді, музыка және кәсіптік терапия қолданылады. 167 қызметкерлер штатта жұмыс істейді.

Жалпы облыста арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 13 мекеме бар, оның 6-ы – стационарлық, 7-і – жартылай стационарлық мекеме.

Сонымен қатар, мүгедектігі бар 18 жастан асқан азаматтардың ата-аналарының өтініштері бойынша 2024 жылдың 1-ші ақпанынан Талдықорған қаласында жартылай стационар жағдайында қызмет көрсететін орталық өз жұмысын бастайды.

Todayinfo.kz

Оқылып жатыр

Астанада көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы өңірлерден 10 есе артық – министр

«Елдің болашағы жарқын болғай!»: депутат Ринат Зайыт Жолдауды тәпсірлеп, сөзін батамен аяқтады

«Мешітте азан шақырады»: Бас Имам әкесін cоққыға жыққан адамға қатысты мәлімдеме жасады

«Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

Балқашта мектептерге жаппай теракт жасалмақ: Полиция мәлімдеме жасады

О баста халықтан сенат керек пе деп сұраған билік болған емес — Досай Кенжетай

Соңғы жазбалар

«Көргенсіздік көрсетіп отырғандардың дені – әйелдер»: Света Айтбаева қоғамдық орындарда айқай-шу шығаратын әйелдердің бар екенін растады

9 Қыркүйек, 2025

Астанада көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы өңірлерден 10 есе артық – министр

9 Қыркүйек, 2025

Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады

9 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында Ұйғыр аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті

9 Қыркүйек, 2025

Хазірет ауылына көгілдір отын жетті

9 Қыркүйек, 2025

Байғанин ауданында халық игілігіне бағытталған жаңа жобалар қолға алынды

9 Қыркүйек, 2025

«Қыздарына көзім түсіп жүр»: Ерке Баянмен құда болғысы келетінін айтты

9 Қыркүйек, 2025

Саржал ауылында жаңа спорт модулі салынып жатыр

9 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Ақордада ауыс-түйіс жүргізді

9 Қыркүйек, 2025

«Қазақстанға 1 млн ресейлік турист келген»: Алматы облысының демалыс орындарына Мәскеу билігі қызығушылық танытты

9 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.