Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады

20 Қыркүйек, 2025

«100 млн теңге жұмсадым»: Гиннестің рекордына ену үшін Мың түйе керуені ұйымдастырылды

20 Қыркүйек, 2025

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

20 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады
  • «100 млн теңге жұмсадым»: Гиннестің рекордына ену үшін Мың түйе керуені ұйымдастырылды
  • Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті
  • Қала күні қарсаңында: Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар
  • «Тазалық өмір салтымызға айналсын»: әлем чемпиондары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, саябақты тазалап шықты
  • Backstreet Boys сахнадан Алматыны туған күнімен құттықтады (видео)
  • Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі
  • Қазақстан азаматы тікелей эфирде боқтаймын деп соттан бір-ақ шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 20 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » 62 инвестициялық жоба: Түркістан облысында 18 мың жаңа жұмыс орын ашылады

62 инвестициялық жоба: Түркістан облысында 18 мың жаңа жұмыс орын ашылады

11 Қыркүйек, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысында биыл жалпы құны 151,9 млрд. теңгеге 62 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Жылдың алғашқы жартысында аталған жобалардың 24-і іске қосылып үлгерді. Нәтижесінде 1 мыңға жуық жұмыс орны ашылып, өңірде өнеркәсіп жанданып келеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлік саласын дамыту мен бизнес идеяларды қолдау шараларын арттыру туралы тапсырмасына сәйкес аймақта жүйелі жұмыстар жасалуда. Саланың өзекті мәселелері Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының жіті назарында.

Былтыр өңірге 1 триллионға жуық (972,0 млрд. теңге) инвестиция тартылып, өсу динамикасы бойынша республикада 3-ші орынға тұрақтаған. Ал, биыл облысқа 1 трлн. 133,8 млрд. тг. көлемінде инвестиция тарту көзделген. 6 айдың қорытындысымен өңірге тартылған инвестициялар көлемі 420,8 млрд.тг. құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 137,8%-ға өсті. Бұдан бөлек, 2024 жылға өңірге тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 467,0 млн. АҚШ доллары көлемінде бекітілген.

Сондай-ақ облыста алдағы уақытта инвестицияның өсу қарқынын арттыру  мақсатында 2024-2027 жылдары жүзеге асырылатын 145 инвестициялық жобаның пулы қалыптасқан. Аталған жобалардың жалпы құны 2,2 трлн. тг. құрайды. Олардың есебінен өңірде 18 мың жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Атап айтқанда, агроөнеркәсіп саласында 37 жоба, өнерк»әсіп саласында 58 жоба, құрылыс саласында 19, туризм – 19, энергетика саласында 6 ірі жоба жүзеге асада.

Биыл жалпы құны 151,9 млрд. теңгені құрайтын 62 инвестцииялық жобаны іске асыру жоспарлануда. 2 406 жаңа жұмыс орны құрылады. Бүгінгі күні 24 инвестжоба іске қосылды.

Өнеркәсіп саласында былтыр 1 трлн. теңгеге өнім өндірілді. Ал, 2024 жылға өнеркәсіп өнім көлемін 1 трлн. 120 млрд. теңгеге және өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемін 510 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған. 6 айдың қорытындысымен өнеркәсіп саласында 551,6 млрд. теңгеге өнім өндірілді.  Өңдеу өнеркәсібі саласында 2024 жылы жалпы құны 24,2 млрд. теңге болатын 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 900-ге жуық жұмыс орны ашылады.

«Түркия және Корея Республикасы мен Қытай Халық Республикасынан инвестиция тарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Өңірге инвестиция тарту жұмыстарын күшейту үшін облыс әкімі Дархан Сатыбалды бастаған Түркістан облысы делегациясы, кейін аудан және қала әкімдіктері, бизнес өкілдерімен бірлесе өткен жылда Қытайға іс-сапарлар ұйымдастырылды. Нәтижесінде инвесторлар капиталымен бірқатар жобалар бастау алды. Осы жұмыстардың нәтижесімен өңір экономикасына шамамен 1,2 трлн. теңге инвестиция бағытталады», — деп хабарлады Түркістан обылсы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Олардың қатарында текстиль кластерін құру бойынша ірі жобалар бар. Түркістан облысында  ПВХ құбыр шығаратын, тамшылатып суару жүйелерін шығаратын зауыт, 2 мақта өңдеу зауыты, жіп иіру фабрикалары, бояу және әрлеу фабрикасы және тігін фабрикасы сияқты инвестициялық жобаларын іске қосуды жоспарлауда. Тамшылатып суару арқылы мактаны егудің жаңа тәсілін егуде жергілікті тұрғындар тәжірибе алуда. Сондай-ақ облыста қуаттылығы 800 МВт құрайтын күн және  жел электростанциясының құрылысы, Түркістан қаласында 5 жұлдызды қонақ үй, бизнес орталық және аквапарк құрылысы жоспарланған.

Түркістан облысы мен бірқатар провинция арасында бауырластық, достық қатынастарды орнату туралы меморандумдарға қол қойылған. ІТ саласында тәжірибе алмасу, ауыл шаруашылығы саласын дамыту, озық технологиямен қамту, терең өңдеу, білім, мәдениет және туризмді дамыту  бойынша келіссөздер жүргізілуде. Онымен қоса, облысқа шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында көкөніс қоймасының құрылысы, құрылыс материалдар өндіру зауытының құрылысы, аурухана ашу, ірі қара мал терісін өңдеу өндірісін ашу, жиһаз шығару, дрондарды құрастыру және санитарлық-гигиеналық материалдарды өндіру зауытын ашу секілді бірқатар меморандумдарға қол қойылды. Жұмыстар ары қарайда жалғасын табады.

Оқылып жатыр

Backstreet Boys сахнадан Алматыны туған күнімен құттықтады (видео)

Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі

Қазақстан азаматы тікелей эфирде боқтаймын деп соттан бір-ақ шықты

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

«Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды

Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды

Соңғы жазбалар

Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады

20 Қыркүйек, 2025

«100 млн теңге жұмсадым»: Гиннестің рекордына ену үшін Мың түйе керуені ұйымдастырылды

20 Қыркүйек, 2025

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

20 Қыркүйек, 2025

Қала күні қарсаңында: Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар

20 Қыркүйек, 2025

«Тазалық өмір салтымызға айналсын»: әлем чемпиондары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, саябақты тазалап шықты

20 Қыркүйек, 2025

Backstreet Boys сахнадан Алматыны туған күнімен құттықтады (видео)

20 Қыркүйек, 2025

Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі

20 Қыркүйек, 2025

Қазақстан азаматы тікелей эфирде боқтаймын деп соттан бір-ақ шықты

20 Қыркүйек, 2025

Активтерді қайтару: Бас прокурор олигархтармен келісімдер туралы айтты

20 Қыркүйек, 2025

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

19 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.