Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді

20 Қыркүйек, 2025

НАТО елдері Эстония әуе кеңістігін Ресей ұшақтарының бұзғанына жауап қатты

20 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

20 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді
  • НАТО елдері Эстония әуе кеңістігін Ресей ұшақтарының бұзғанына жауап қатты
  • Қарағанды облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты
  • Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады
  • «100 млн теңге жұмсадым»: Гиннестің рекордына ену үшін Мың түйе керуені ұйымдастырылды
  • Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті
  • Қала күні қарсаңында: Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар
  • «Тазалық өмір салтымызға айналсын»: әлем чемпиондары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, саябақты тазалап шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 20 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Бірлескен жобалар: Дархан Сатыбалды «ЧАНЪАНЬ» инвестициялық компаниялар тобы өкілдерімен келіссөз жүргізді

Бірлескен жобалар: Дархан Сатыбалды «ЧАНЪАНЬ» инвестициялық компаниялар тобы өкілдерімен келіссөз жүргізді

13 Қыркүйек, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Шэньси провинциясынан Түркістанға арнайы келген «Чанъань» инвестициялық компаниялар тобы өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Инвестициялық компаниялар тобының құрамында су ресурстарын басқару және ауыл шаруашылығы саласындағы ірі компаниялардың өкілдері болды. Маңызды кездесу – облыс әкімі бастаған ресми және іскерлік делегациясының Қытай еліне жұмыс сапарының жемісі. Делегация сапары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында ҚР Сиань қаласындағы Бас консулдығымен бірлесіп ұйымдастырылды. Кездесуге Қазақстан-Қытай кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдерімен бірге Сиань қаласындағы ҚР Бас консулы Жошыхан Қыраубаев қатысты.

Өз сөзінде облыс әкімі Дархан Сатыбалды екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, бірлескен жобаларды талқылауға әрдайым дайын екенін жеткізді. Өңірдің негізгі драйвері саналатын ауыл шаруашылығы саласы мен жаңартылатын энергия көздері секілді жобалардың өзектілігіне тоқталған өңір басшысы бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысында әкімшілік тараптан жан-жақты қолдау болатынын айтты.

– Қасиетті Түркістан төріне қош келдіңіздер. Біз өз тарапымыздан барлық бастамаларға толық қолдау көрсетуге дайынбыз және ынтымақтастығымыз ұзақ мерзімге жалғасады деп үміттенеміз. Мен өзім әр инвесторға өзімнің жеке телефон нөмірімді беріп, өзім хабарласып отырамын. Қазіргі таңда Түркістан облысы еліміздің қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі және үлкен инвестициялық сондай-ақ туристік әлеуетке ие. Өңіріміз арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі әлемдік нарыққа шығудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қытайдың жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі шешуші рөліне назар аударып, оны экономикалық және технологиялық дамудың локомотиві ретінде атап өтті. Осы бағытта жұмыстарға күш салынып, бірлескен жобалалар жүзеге асады деген ойдамыз. Ынтымақтастығымыз ұзақ мерзімге жалғасады деп үміттенеміз, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Шетел делегациясы тарапынан бірнеше жобалар ұсынылды. Ең алдымен, халық сұранысына сай салаларға басымдық берілген. Инвесторлар жарықтандыру, таза ауыз судың қолжетімділігін арттыру және шөлді аймақтарды көгалдандыру жолымен жерді қалпына келтіру жобаларын іске асыру бойынша ұсыныстарын білдірді. Бас консулдық келіссөздерді ұйымдастыруға, консультациялық қызметтер көрсетуге және тараптардың өзара іс-қимыл процесін сүйемелдеуге қол ұшын созуға дайын екендерін жеткізді.

Сиань су компанияларының тобы ауыз суды тазарту технологияларын инвестициялауға, арнайы қондырғыларды, дренаждық жүйелерді салуға және басқаруға, тұзды және шөлді жерлерді сумен қамтамасыз етуге, ластанған су қоймаларын тазартуға және өңдеуге маманданған. Компания шойын құбыр төсеумен, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін қалпына келтірумен, сондай-ақ суды пайдалану тиімділігін арттырумен айналысады. Сондай-ақ экологиясы нашар аумақтарда экожүйені қалпына келтіру және арнайы өсімдіктердің тұқымын өсіру технологиясын меңгерген әлемдік жетекші өндіруші кәсіпорын. Компания әр жобасының тиімділігін ғылыми тұрғыда дәлелдеумен, топырақтың құнарын жақсартумен шұғылданады. Елді мекендерді көгалдандырып, ну орманға айналдыруға маманданған.

«Таяуда ғана Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған ресми және іскерлік делегациясы Қытай еліне жұмыс сапарымен барып, бұл елдің бірнеше провинциясымен бауырластық меморандумына қол қойылған болатын. Көптеген жетекші кәсіпорындар мен өндіріс орындарының жұмысымен танысып, 20-дан астам компаниямен бірлескен инвестициялық жобалар бастауға келісім жасалды. Осы әріптестік негізінде тиісті жұмыстар атқарылуда. Өңірлік байланыстарды күшейту мақсатындағы жұмыстар жалғасады», — деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оқылып жатыр

Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады

«100 млн теңге жұмсадым»: Гиннестің рекордына ену үшін Мың түйе керуені ұйымдастырылды

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Қала күні қарсаңында: Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар

«Тазалық өмір салтымызға айналсын»: әлем чемпиондары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, саябақты тазалап шықты

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

Соңғы жазбалар

«Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді

20 Қыркүйек, 2025

НАТО елдері Эстония әуе кеңістігін Ресей ұшақтарының бұзғанына жауап қатты

20 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

20 Қыркүйек, 2025

Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады

20 Қыркүйек, 2025

«100 млн теңге жұмсадым»: Гиннестің рекордына ену үшін Мың түйе керуені ұйымдастырылды

20 Қыркүйек, 2025

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

20 Қыркүйек, 2025

Қала күні қарсаңында: Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар

20 Қыркүйек, 2025

«Тазалық өмір салтымызға айналсын»: әлем чемпиондары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, саябақты тазалап шықты

20 Қыркүйек, 2025

Backstreet Boys сахнадан Алматыны туған күнімен құттықтады (видео)

20 Қыркүйек, 2025

Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі

20 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.