Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді

20 Қыркүйек, 2025

НАТО елдері Эстония әуе кеңістігін Ресей ұшақтарының бұзғанына жауап қатты

20 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

20 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді
  • НАТО елдері Эстония әуе кеңістігін Ресей ұшақтарының бұзғанына жауап қатты
  • Қарағанды облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты
  • Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады
  • «100 млн теңге жұмсадым»: Гиннестің рекордына ену үшін Мың түйе керуені ұйымдастырылды
  • Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті
  • Қала күні қарсаңында: Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар
  • «Тазалық өмір салтымызға айналсын»: әлем чемпиондары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, саябақты тазалап шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 21 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Мемлекеттік қолдау және кәсіпкерлік: кентаулық кәсіпкер әйел мемлекеттік грант арқылы тігін ісін дамытып, үлкен табыстарға жетіп отыр

Мемлекеттік қолдау және кәсіпкерлік: кентаулық кәсіпкер әйел мемлекеттік грант арқылы тігін ісін дамытып, үлкен табыстарға жетіп отыр

13 Қыркүйек, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысында түрлі бағыттағы мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланып, кәсібін дөңгелетіп жатқандардың саны күннен күнге артуда. Соның ішінде кентаулық ана, тігінші Динара Есіркепова – осындай кәсіпкерлердің жарқын мысалы. Ол өз ісін мемлекеттік қолдаудың арқасында жолға қойып, бүгінде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отыр, деп хабарлайды  Todayinfo.kz ақпараттық агенттігі.

Динара Есіркепова қыз жасауын тігу ісімен танымал. Бұдан бөлек ол түрлі оюлы сәукелелер мен сәнді тойбастарларға және заманауи көрпе-жастықтарға да тапсырыс алып, тұтынушыларының сеніміне ие болып отыр. Оның ісмер қолынан шыққан дүниелерге деген қызығушылық артып, тапсырыс көлемі жыл өткен сайын өсіп келеді.

Динара Жанғалиқызы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысып, жаңа бизнес идеяларын жүзеге асыру мақсатында 1 миллион 380 мың теңге көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грант ұтып алды. Осы қаражатқа қажетті тігін машинасы мен өзге де құрал-жабдықтарды сатып алып, кәсібін одан әрі кеңейтуге мүмкіндік алды. Бұл – мемлекеттік бағдарламалардың шағын кәсіпкерлер үшін қаншалықты маңызды әрі пайдалы екенін көрсететін нақты мысал, деп хабарлайды Кентау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі өз хабарламасында.

Динараның негізгі мамандығы – бастауыш сынып мұғалімі. Алайда, оның жаны тігіншілікке жақын болғандықтан осы саланы дамытуға бел буыпты. Ол отбасы бесігін тербетумен қатар арнайы курстарға қатысып, білімін жетілдіріп, кәсіби тігінші атанған. Бұл қадам оған өз ісін дөңгелетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар, өзі сүйетін іспен айналысуға жол ашты. Өзі айтқандай, шығармашылық жұмыс оған шабыт пен қуаныш сыйлайды. Себебі Динараның жеке өмірі де кәсіпкерлік жолындағы жетістіктерімен үйлесімді дамып келеді.

«Ол – үлгілі келін, қамқор ана. Отбасында төрт ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр. Бұл жауапты міндетпен бірге ол өзінің тігіншілік кәсібін тастамай, керісінше, оны одан әрі дамытуға үлкен күш салып келеді. Ананың еңбексүйгіштігі мен табандылығы қазіргі қоғамдағы көптеген кәсіпкерлерге үлгі»,- дейді кәсіпкердің тұрақты тұтынушысы Әлима Исатаева.

Динара Есіркепова өз кәсібі туралы былай дейді:

«Тігіншілікпен айналысу мен үшін тек табыс көзі емес, бұл – өзімнің сүйікті ісім, өнерім. Әр ою мен орамалға жанымды салып, ұлттық нақышты сақтай отырып, заманауи үлгілерді де қосуға тырысамын. 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба арқылы қайтарымсыз грант ұтып алуым – үлкен мүмкіндік болды. Бұл қаражат жаңа деңгейге шығуыма көмектесті, қажетті тігін машиналарын, құралдарды алып, жұмысымды оңтайландырдым. Мемлекеттік қолдау болмаса, осындай ірі қадамдарға бару қиын болар еді. Әрине, еңбек пен табандылық керек, бірақ мұндай қолдау өзіңе деген сенімділікті арттырады. Кәсібіме деген сұраныс көбейген сайын, бұл істі одан әрі дамытқым келеді. Көмекшілерді алып, үлкен көлемде тапсырыстар қабылдау ойымда бар. Әрбір қолөнершіге осындай мүмкіндіктердің бар екенін білсе, талай адам өз ісін бастар еді деп ойлаймын»,-деді.

Динараның кәсібіне сұраныс жылдан жылға артып келеді. Оның жасаған бұйымдары тек жергілікті жерге ғана емес облыс аумағындағы басқа  да аудан-қалаға кеңінен танымал. Көптеген адамдар үшін қолмен тігілген ұлттық нақыштағы бұйымдар ерекше құндылыққа ие. Бұл халықтың ұлттық мәдениет пен дәстүрлерге деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.

«Ұлттық қолөнердің негізі – ою-өрнектің үйлесімділігімен қатар мән-мағынасында да жатыр. Қыз баласының барған жерінде тастай батып, судай сіңуі, әулетінің тамырын тереңдетіп ұрпағын өрбітуі, сыйлы келін, ақылды ана атануына шын тілектестік пен жақсы ниет салт-дәстүрімізбен берік ұштасып жатыр. Қыз жасауынада да осы ұғымдар ою-өрнекпен астарлап беріледі. «Көк шөптей көгеріп, қызғалдақтай құлпырып, жапырақтай ұрпағы көбейсін» деп ата-бабамыз құрақтың құралу сырына терең мән беріп келді. Қазір қуанатыным. Салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыз қайта жаңғырып, қолөнердегі осы бір тұстарға кеңінен мән берілуде. Динараның да қолөнер бұйымдарында осы бір дәстүрдің өшпес іздері жаңғырып тұр. Ерекшелігі де сонда»,-деді төлебилік Ханзада Әмірқұлова есімді әже.

Динара Есіркепова алдағы уақытта кәсібін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр. Ол тек тігін машинасымен шектелмей, жанына көмекшілер алып, үлкен өндіріс ашуды көздейді. Бұл жоспарлар оның кәсіпкерлікке деген құштарлығын айқын көрсетеді. Шағын кәсіпкерлік бастамаларын дамытуға арналған жобаларды да мемлекет қолдауымен іске асыруға ниетті.

 «Динара сияқты жандардың жетістігі елімізде кәсіпкерлік мәдениеттің артып келе жатқанын көрсетеді. Шағын кәсіптің үлкен табыстарға жеткізу мүмкіндігі бар екенін Динараның мысалы айқын дәлелдейді. Бүгінде ол бір өзі ғана емес, отбасын да осы кәсіптің айналасында жинақтап, бірге дамып келеді. Бұл ынтымақ, отбасының бірлігі және әйелдердің қоғамдағы рөлін нығайтудың жарқын көрінісі»,-дейді Тәттігүл Тоқбергенова.

Жас ана Мөлдір Берікқызы да қолөнер ісін дамытуда мақсат етіп отырғанын жеткізді.

«Кәсіпкер болу – тек ақша табудың жолы емес, сонымен қатар, жеке жауапкершілік пен шығармашылықтың көрінісі. Динара Есіркепова секілді кәсіпкерлер мемлекеттің болашақ экономикалық дамуына үлес қосып, жаңа жұмыс орындарын құру арқылы қоғамға пайдалы іс атқарып келеді. Бұл әйелдерге арналған гранттар мен бағдарламалардың тиімділігін көрсетеді. Бұл бастама мені де қатты қызықтырып отыр. Алдағы уақытта атақты қолөнершіден ілім алып, кәсіпті дамытуды мақсаты етіп отырмын»,-деді ол.

Оқылып жатыр

Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады

«100 млн теңге жұмсадым»: Гиннестің рекордына ену үшін Мың түйе керуені ұйымдастырылды

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Қала күні қарсаңында: Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар

«Тазалық өмір салтымызға айналсын»: әлем чемпиондары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, саябақты тазалап шықты

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

Соңғы жазбалар

«Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді

20 Қыркүйек, 2025

НАТО елдері Эстония әуе кеңістігін Ресей ұшақтарының бұзғанына жауап қатты

20 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

20 Қыркүйек, 2025

Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады

20 Қыркүйек, 2025

«100 млн теңге жұмсадым»: Гиннестің рекордына ену үшін Мың түйе керуені ұйымдастырылды

20 Қыркүйек, 2025

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

20 Қыркүйек, 2025

Қала күні қарсаңында: Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар

20 Қыркүйек, 2025

«Тазалық өмір салтымызға айналсын»: әлем чемпиондары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, саябақты тазалап шықты

20 Қыркүйек, 2025

Backstreet Boys сахнадан Алматыны туған күнімен құттықтады (видео)

20 Қыркүйек, 2025

Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі

20 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.