«Майқайыңалтын» кен байыту комбинатының экс-директоры мен өндірістік учаскелерді басқару және инженерлік құрамдағы бес адам қамауға алынды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.
Дерекке қарағанда, соңғы бесеуін жұмыс орындарында тінту жүргізгеннен кейін полицияның ОМОН қызметі алып кеткен.
Ал жұмыстан босатылған бұрынғы бас директор Қуаныш Ботин Екібастұздағы үйінде ұсталды.
Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктілердің алдағы уақытта үй қамағында немесе түрмеге жабылуын ертең сот қарайды.