Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)
  • «Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Үш айлық қызы мен әйелін өлімші етіп ұрған шымкенттік туралы тың дерек айтылды

20 Қыркүйек, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

[ad_1]

Шымкент қаласында 53 жастағы ер адам өзінен 30 жас кіші әйелін ұрып-соғып, үш айлық сәбиін тұншықтырған. Салдарынан ана мен бала ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Оқиғаға қатысты тың деректер айтылды деп хабарлайды Todayinfo.kz «Көреміз» бағдарламасына сілтеме жасап.

Қазір күдікті тергеу изоляторында жатыр. Алайда зәбір көрген келіншек күйеуінің көп ұзамай бостандыққа шығатынына сенімді.

Келіншекке алғашқы көмек көрсеткен куәгерлердің бірі – Назира Муналиева.

 

Кешке аулада отырғанбыз. Көршім хабарласып, полиция қызметкерінің нөмірін сұрады. Мен бердім. Біраздан кейін не болды деп қайта хабарластым. Көршімнің қызынан оқиғаны естідім. Үш айлық баланың тірі немесе өлі екені белгісіз, күйеуі удай мас, сол жерде қалыпты деді. Оқиға орнына барғанда күйеуі удай мас еді. Екі полицейге де көнбей, әрең кетті. Келіншек нәрестесімен шықты. Баланың диагнозы бар екенін білмедік. Баланың басындағы жараларды көргенде, тепкеннен деп, келіншектің көзінен қан аққан кезде көзі ағып кеткен шығар деп ойладым, – дейді куәгер.

 

Зардап шеккен келіншек – небәрі 23 жаста, ал күйеуі – 53 жаста. Олар азаматтық некеде болған. Некеден үш айлық сәбилері бар. Бауыржан Жолдасов екі рет шаңырақ көтерген. Оның бірінші некесінен 2 ұл, 1 қызы бар. Күдікті 20 жыл автобус жүргізушісі болып жұмыс істеген. Ал Ләйләнің бірінші некесінен 1 баласы бар.

 

Ішпеңіз деп айттым. Баланы аяғыма тербетіп отырғанмын. Телефонмен біреуге хабарлас деді. Хабарласпаған соң, телефонын сындырып тастады да артынша мені ұра бастады. Үйге біреуді шақырдың ба деп ұрыс шығарды. Жұмыста болғанда да хабарласып, қадағалап отырады. Жассың, мені тастап кетесің дейтін. Мені есімнен танғанша көзімді көгертіп, қан қылып ұрып тастайды. Одан кейін қыға тиісе бастайды. Қыздың арқасынан сабайды, – дейді Ләйлә Нұртай.

 

Ал күйеуінің анасы осы уақытқа дейін отбасымен араласпаған. Сұмдық оқиға болғаннан кейін енесі хабарласып, Ләйләні сөйлесуге шақырған.

 

Бауыржан абақтыда жатыр. Мен баламды ақтамаймын, бірақ ондай әдеті болмаған. Өзінің отбасы бар, балалары бар, оларға мейіріммен қарайды. Олар 35 жыл отасып отыр. Біз Ләйләмен жүргенін үш айдан кейін естідік. Қыздарыммен Ләйләнің анасының үйіне барып, Бауыржанның отбасы бар деп айтуға бардық. Шешесі қызымды қайтара алмаймын деді. Ал Бауыржан бала-шағасын тастап, Ләйләмен кетті. Ләйлә ішеді. Балам оны ұрмадым дейді. Ләйлә жабыса бергеннен кейін салып қалған көрінеді, – дейді Бауыржанның анасы.

 

Ал куәгерлер келіншектің денесінде тіпті перзентханаға барғанда да ұру іздері болғанын айтады.

 

Орамал тартып алған еді. Кейін шай ішіп, күйеуімен сөйлесіп отырып жылады. Ертесі күні денесі толық көгерген еді. Әңгімесінен күйеуінің ұрғанын білдік. Қызы жансақтау бөлімінде жатқан соң Ләйлә үйіне барып келді. Сол кезде де ұрып-соққан. Тіпті күйеуі баланы сонда тастап кет деп көндіріпті, – дейді куәгер.

 

Ал Бауыржанның бірінші әйелі Ләйлә арамызға түсіп, бізді ажыратты деп отыр.

 

34 жыл бойы өмір сүрдік. Баланы ешқашан ұрған емес. Мүмкін әйелді ұрған шығар, бірақ балаларды ұрмайтын. Жас күнімде бірнеше рет ұрған, сосын ұрмады. Қайтып келсе, Бауыржанды қабылдаймын. Бұл қыз мені қинады, – дейді Бауыржанның бірінші әйелі.

 

айлық айтылды дерек етіп мен туралы тың Шымкенттік қызы үш ұрған әйелін өлімші

Оқылып жатыр

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

Соңғы жазбалар

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.