Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?
  • «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 17 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

ЕАЭО аясында тауарларды тасымалдау кезінде рұқсат құжаттарын алу жеңілдейді

31 января, 2024 Экономика
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы қабылданды.

Хаттамаға 2023 жылғы 25 мамырда Мәскеу қаласында қол қойылған. Құжат техникалық реттеу, ветеринариялық-санитарлық әрі карантиндік фитосанитарлық шаралар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, тарифтік емес реттеу және мемлекеттік сатып алулар бөлігінде түзетулерді қамтиды.

«Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және карантиндік фитосанитарлық шаралар, тұтынушылардың құқығын қорғау, тарифтік емес реттеу, бәсекелестік, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуға қатысты 32 түзету енгізіледі. Біріншіден, ЕАЭО елдерінің Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай тізбесінде болмаған, яғни зиянды организмдерге қатысты шұғыл фитосанитарлық шаралар енгізіліп жатыр. Біздің елімізде бұрын анықталмаған зиянкес жаңа жәндіктерді тіркеу жағдайы орын алған. Мұндай жәндіктер Бірыңғай тізімде жоқ. Қазіргі кезде бірыңғай келісілген тізімдегі зиянкес жәндіктерге қатысты ғана уақытша карантиндік фитосанитарлық шаралар енгізіліп жатыр. Осы жағдайда, Хаттамада ЕАЭО елдерінің шұғыл фитосанитарлық шараларды енгізуі құқығы ескеріліп отыр», — деді ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.

Бұл ретте, мемлекеттер мұндай шараның енгізілгені туралы қалған елдерді алдын ала хабардар етуі тиіс. Осындай жағдайларда өзара хабарлау тәртібін Комиссия әзірлеп бекітеді.

«Екіншіден, Ұлттық электронды цифрлық қолтаңбаларды өзара тануды қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекітуге Комиссияның құзыреті енгізіледі. Қазір Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін ұлттық электрондық цифрлық қолтаңбаларды өзара тану көзделген. Ережелер уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындауға және электронды форматта өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Үшіншіден, Еуразиялық үкіметаралық кеңеске тұтынушылардың құқығын қорғау үшін мүше мемлекеттердің бірлескен іс-қимыл бағдарламасын бекіту құқығы беріледі. Сонымен қатар, тұтынушылардың құқығын қорғау функциялары ұлттық құзырет болып қала беретінін атап өткен жөн. Үкіметаралық кеңес тек жалпы тәсілдер мен ұсыныстарды бекітеді», — деді министр.

Мұнымен қоса ол тауарларды әкелу немесе әкету кезінде рұқсат құжаттарын алу процесі жеңілдейтінін айтты.

«Қазір лицензия беру ережелері Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт аясында ескерілген. Оларды түзету өте қиын. Ережені Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің бекітуі ұсынылып отыр», — деді ведомство басшысы.

Жалпы, рұқсат құжаттарын электрондық форматта беру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

 

ЕАЭО рұқсат тасымалдау

Оқылып жатыр

«17 адам байып, елдің 80%-ы кедейленді»: сарапшы доллардың 600 теңге болуы жайлы болжам жасады

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға көтерді

Жанармай дағдарысының жаңа толқыны: Қазақстан 2022 жылғы қаңтардың жолына түсе ме?

Қазақстанда бензин бағасы қымбаттауы мүмкін – сарапшылар болжамы

Қазақстандағы доллар бағамы жаңа рекорд орнатты

Барлық қаржы құрылымдары жақында блокчейнге көшеді — сарапшылар

Соңғы жазбалар

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.