Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?
  • «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Бастықтардың жабық клубы». Қарағанды облысындағы көлдің бірінде құс ату тарифі 5 есе қымбаттаған

25 Қыркүйек, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қарағанды облысы Кертінді ауылының тұрғындары жылдағы дағдыланған аңшылық дәстүрінен айрылғанын айттты. Тұрғындар  Halyq Uni редакциясына шағымданған, деп хабарлайды Todayinfo.

Айтуларына қарағанда, осы уақытқа дейін ауыл маңындағы Тассуат және Құлтансор деген көлдерде көп жылдан бері құс атып келген. Онысы үшін аталған аумақтарды қадағалайтын «Тассуат» пен «Қаратомар» аңшылық шаруашылықтарына 30 мың теңге төлеп, аңшылық маусымына жолдама алып отырған. Тек бірер жылдан бері бері жаңа қожайын пайда болып, аңшылық тарифін ақылға қонбайтын шамада күрт өсіріп жіберген.

Аталған екі аңшылық шаруашылығына иелік ететін «Понти плюс» ЖШС маусымдық аңшылықты алып тастап, жаңа баға қойып, тарифті күніне 150 мың теңгеге көтерген.

«Ол кісілерге наразылығымызды білдіріп, барып кездесіп, «басқа жақтан келген жоқпыз, мұндай жағдайда балама жолы болу керек» деп түсіндіріп айттық. Бағаны көтеруге не себеп болғанын және бұл ақшаға не істейтіндерін сұрадық. Бірақ жауап бере алмады. Бұл араның жер аумағының басым бөлігі ауыл шаруашылығы мақсатымен Кертінді ауылының аумағына кіріп тұр. Бізді сол аумаққа кіргізбей, бастықтарына жабық клуб сияқты жасасығы келді. Басқаша түсініктеме жоқ», – дейді ауыл тұрғыны Бексұлтан Ермек.

Оның айтуынша, егер адам басына күніне алатын 150 мың теңгенің есебінен құстарға арналған арнайы аймақ жасалып жатса, оған түсіністікпен қарауға болар еді. Бірақ ондай тіршілік байқалмайды. Оның орнына өздерінің басшылары және шақырумен келген қонақтары келіп ататынын ауылда жүріп көріп отырғандарын айтады.

baigenews.kz/Казбек Досполов

фото: baigenews.kz/Казбек Досполов

Ақырында удай қымбат бағаның кесірінен ауылдағы шамамен 120 үйден шығатын 40-50 аңшы жылдағы сүйікті саятшылығынан айрылып отыр.

Бір айта кетерлігі, ауыл тұрғындары сол төңіректе жылда арпа-бидай, сұлы егетіндіктен бұл бір жағынан құсқа азық, көктемге осы жерге сол үшін ұшып келеді. Жылы маусымда осында балапандап, қыста ұшып кетеді, яғни, жемін ауыл тұрғындары беріп отыр.

«Қыркүйектен бастап құс ұшып кеткенше аңшылық жасайтынбыз. Құс негізінен Ресей жақтан келеді. Ішінде қаз-үйректің бірнеше түрі бар. Көлдің жанында тыйым салынған аумақ болады. Ол жерде құс қоректенеді. Біз оған жақындамаймыз, үркітпейміз. Оның үстіне, сейсенбі және сәрсенбі күндері аңшылықта демалыс күндері саналады. Оны да сақтаймыз», – дейді Бексұлтан Ермек.

Мәселенің мәйегі көлдің 2021 жылы жекеменшік компанияға 49 жылға жалға берілуінде болып тұр. Содан бері компания лайық деп тапқан бағасын қойып келеді. Ол баға негізі қорықшылардың жалақысы, жабдығы мен қарамағындағы табиғи аумақты күзету шығындарын есептеп барып шығарлуы керек. Бірақ неше жылдан бері маусымына 30 мың теңге болып келген тарифтің аяқасты тәулігіне 5 есе қымбаттап кеткені ақылға қонбайды. Себебін сұрағанымызбен, компания өкілдері сұрағымызға жауап беруге мүлде құлықсыз.

Осы жағдайға байланысты Нұра ауданы әкімдігі мен ауыл тұрғындары компания өкілін шақырып, бірнеше рет жиын да өткізіп, лайықты баға қоюын сұрады. Бірақ оның да компанияға еш ықпалы болмай тұр, әзірге тарифті өзгерту жайында жақ ашпайды. Түпкілікті нәтиже болмаса, тұрғындар тарифтің заңдылығын тексеруді сұрап, құзырлы органдарға шағымданатынын айтып отыр

 

ату бірінде Бастықтардың есе жабық клубы көлдің облысындағы тарифі Қарағанды қымбаттаған Құс

Оқылып жатыр

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

Соңғы жазбалар

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.