Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды
  • «Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді
  • Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды
  • Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні
  • Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты
  • Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды
  • Ұлттық мұраға сапар: Зейнолла Сәнік ізімен
  • Бокстан әлем чемпионатының финалында 8 қазақстандық алтынға таласады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 14 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Алматы облысында 10 сыныпта оқитын қызды құрдастары соққыға жығып, видеоға түсірген: Мектеп басшылығы шара қолданбаған

Алматы облысында 10 сыныпта оқитын қызды құрдастары соққыға жығып, видеоға түсірген: Мектеп басшылығы шара қолданбаған

27 Қыркүйек, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы облысында 10 сынып оқушысын қатарластары аяусыз соққыға жыққан. Бұл әрекеттерін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялапты. Қорлық көрген қыздың ата-анасы енді мектептің директорын жұмыстан кетуін талап етіп жатыр. Өйткені білім ордасының басшылығы оқиға мәлім болса да, жеткіншектерге ешбір шара қолданбаған дейді. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Оқушы қызды 29 тамызда құрдастары соққыға жықты. Ақша бопсалап, талап орындалмаса жайына қалдырмайтынын айтқан дейді. Бірақ мектеп басшылығы істі жылы жабуға тырысты дейді.

“Әлім келмеді. Екі қыз болды. «Қалтамда пышақ бар» деген соң қорықтым. Сол жерде өліп кетемін бе деп ойладым. Үйге жете алмай, айдалада қалып кетемін бе деп қорықтым. Ал анам үйде болмады. Жолда болды. Мен уайымдадым”, – деді жасөспірім қыз.

Видео желіде тарағаннан кейін соққыға жығылған қызды жақтап, басқалар екі жеткіншекке 10 қыркүйекте мектеп дәретханасында қысым көрсетіпті. Білім ордасының басшылығы болған істі сол кезде ғана білген. Жанжал шығарған оқушылардың ата-аналарын шақырып, мән-жайды анықтауға кіріседі. Қорлық көрген қыздың өзінен де жауап алыпты.

“Қызым шыдамағаннан кейін «Апа, маған қысым көрсетіп жатыр» дегеннен кейін апасына звондап, шақырған. Ал оған дейін жарты сағат қызды қысымға алған. Ата-анасыз, ешкімді шақырмай сұрақтың астына алды. Мен осыдан 2 күн бұрын түнде ғана білдім”, – деді қыздың анасы Әйгерім Құлмамбетова.

Анасының айтуынша, мектеп басшылығы қыздың әжесінен жауап алған соң әрі қарай шара қолданбаған. Туған әке-шешесіне сол кезде де, кейін де айтпай, дауды білім ордасының қабырғасынан шығармай тоқтатты дейді. Ал мектеп директоры тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр деп сендірді.

“Құзырлы мекемелерге шағым тасталды ғой. Құзырлы мекемелер анықтайды. Анығын, ақ-қарасын шешеді”, – деп мәлімдеді Кемертоған орта мектебінің директоры Дархан Нақысбеков.

Мектеп басшылығы оқиғаны аудандық білім бөліміне хабарламаған. Білім бөлімінің өкілдері енді біліп, тиісті шара қабылданады деп отыр.

“10 қыркүйек болған мәселені ғана қарастырмай, оның алдында болған видеоны да назарға алу керек еді. Өйткені көрсеттік деп отыр. Видеоны көріп тұрып, сол кезде шара қолдану керек, бізге хабарлауы тиіс еді”, – деді Қарасай ауданы білім бөлімінің заңгері Асхат Игібаев.

Қыздың ата-анасы мектеп басшылығының жұмыстан кетуін талап етеді. Олар бүгінде полициядан бөлек, прокуратура мен өзге де жауапты мекемелерге арызданып жатыр.

 

Алматы басшылығы видеоға жығып мектеп облысында оқитын соққыға сыныпта түсірген шара қолданбаған қызды құрдастары

Оқылып жатыр

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

Ұлттық мұраға сапар: Зейнолла Сәнік ізімен

Соңғы жазбалар

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

14 Қыркүйек, 2025

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025

Ұлттық мұраға сапар: Зейнолла Сәнік ізімен

14 Қыркүйек, 2025

Бокстан әлем чемпионатының финалында 8 қазақстандық алтынға таласады

14 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы елді «Отбасы күнімен» құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

«Болат Назарбаевтың бандалық тобы»: Қоспаевтың тағы бір қылмыстық ісі әшкереленді

13 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.