Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Қайраттың» 18 жастағы қақпашысына Испания клубтары қызығушылық танытты

21 Қыркүйек, 2025

Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен

21 Қыркүйек, 2025

Астанадағы жәрмеңкеде Абай мен Атыраудан әкелген 400 тонна өнім сатылады

21 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысына Испания клубтары қызығушылық танытты
  • Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен
  • Астанадағы жәрмеңкеде Абай мен Атыраудан әкелген 400 тонна өнім сатылады
  • «Төсекте онша емессің»: Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың экс-әйелі күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындап, күллі Ресейді шулатты
  • Чехия президенті: «Әуе кеңістігін бұзған ұшақты атып түсіруге болады»
  • Мұнай компаниясында Ресей тыңшысы жұмыс істеген болуы мүмкін
  • Инфляция? Қазақстанда жыл басынан бері сиыр еті 25% өсіп, 6 мың теңгеге жетті
  • «Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 21 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Жалған пірлер мен шәйхтер көбейді»: Ғалым жастар жат ағымның жетегінде кетпеу үшін исламның тарихын білу керек деп санайды

«Жалған пірлер мен шәйхтер көбейді»: Ғалым жастар жат ағымның жетегінде кетпеу үшін исламның тарихын білу керек деп санайды

27 Қыркүйек, 2024 Қоғам
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Елімізде діни ағымдар саны аз емес. Олардың арасында адам санасын улап, салт-дәстүрге қарсы шығып, көпшіліктің наразылығын тудырып жатқандары да баршылық. Осы орайда Todayinfo  тілшісі философ-мәдениеттанушы ғалым, Анкара университетінің докторанты (Phd) Ақтөре Көпбаймен тілдесіп, ағымдардың жетегіне түспеудің жолдарын сұрады.  

Елімізге алыстағы араб елдерінен, түркітілдес Түркия елінен, тіптен көрші Қырғызстаннан да түрлі діни бағытты ұстайтындардың келгені рас. Олардың бәрі Ислам дінінің жақсылықтарын дәріптеуші секілді көрінгенімен, араларында артық кетіп, тіптен жастардың санасын улап жатқандары да бар. Ағымдардың жетегінде кетпес үшін адам алдымен нені білу керек? 

— Көптеген діни топтар мен жамағаттарды жақыннан тану үшін ең алдымен Исламның тарихи дәстүрін түсіну керек. Ағаымдардың ерекшелігіне тоқталмастан бұрын олардың пайда болған мәдени, тарихи-әлеуметтік жағдаяттарды жіті бағамдаған жөн. Өйткені бұл тарихи дәстүрді түсінуге мүмкіндік береді. Мәселен, бір тариқат ретінде танылған Сүлейменшілікті бір зерттеушілер сүнни тариқат дейтін болса, басқа біреулер оның тәуелсіз тариқат емес діни топ немесе қозғалыс екенін айтады. Мұндай пікірталасқа тариқаттың құрылымы себеп болса керек.

Сіз сонда Түркияда және елімізде тараған сүлейменшілер бағытын зерттеген болып тұрсыз ғой… Қазір көп айтылып жүрген Нақышбанийа мен осы сүлейменшілердің арасында қандай байланыс бар? 

— Ислам әлемінде, оның ішінде Түркия сынды бірқатар елдерде танымал болған Нақышбандийа тариқатына жалғанғандықтан классикалық тариқат дәстүрінің ерекшеліктеріне ие. Басқаша айтар болсақ, адамның рухани құтқарылуын көздейтін мистик қыры бар. Сонымен қатар соңғы уақытта Батыста пайда болған жаңа діни қозғалыстар тәрізді модерн әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы мәдени-әлеуметтік функциялар жүзеге асып келеді. Жалпы айтқанда сүлейменшілік көп қырлы сипаты бар діни жамағат яки тариқат деуге болады.

Енді сүлейменшілік пен Нақышбанийа тариқаты арасындағы эпистемологиялық байланысқа тоқталайық. Себебі жамағаттың жұмылу механизмін ұғыну үшін Нақышбандийа тариқатының жұмыс істеу жүйесін білу керек. XII-XVI ғғ. арасы тариқаттардың тарих сахнасына шыққан алтын кезеңі. Солардың бірі Бахауддин Нақышбандидің Түркістанда құрған тариқаты еді. Сүнни қыры ең қуатты сопылық құрылым болған бұл тариқат, мистик ерекшеліктеріне қарамастан «халық арасында болу» принципін негіз еткен дүниауи сипатқа да ие. Сондықтан басқа діндердегі діни мистицизмдерден ерекшеленетін Исламдағы сопылық дәстүрдің әрекетке негізделген әрекетшіл  мистицизм түсінігі Нақышбандийа тариқатына жақын келеді. Себебі басқа тариқаттарда индивидуалды әрекет басым болса, Нақшилерде әрекеттің қоғамдық сипаты басым түседі. Бұл ерекшелікті түсіну өте маңызды. Себебі әуел баста индивидуалды өмір сүру стилі болған суфизм/тасаууф, кейіннен бірте-бірте жамағаттық стилге ауысып тариқат формасында жүйелене бастаған. Бұл процесс тариқаттардың бағытын ухрауи (о дүниелік) мақсаттарынан алыстатып, дүниауи қызығушылыққа бет алуға бұрады. Нәтижесінде бүгін «Тариқаттардың секуляризациясы» деген жағымсыз құбылыс кең етек алды десек болады. Себебі халық арасында шынайы рухани кемелдіке жетпеген жалған пірлер мен шәйхтер көбейіп тариқаттардың беделі түсіп кетті.

Діни бағытты ұстанған топтардың, олардың жетекшілерінің мақсаты қандай? 

— Бұлардың басты мақсаты – материалды байлыққа қол жеткізу мен халықтың діни сезімдерін өздеріне қолжаулық ету. Тариқаттардың Ислам мәдениетіне тигізген тағы бір жағымсыз ықпалы,  көптеген интеллектуалды адамдарды шынайы өмірдің ағысынан ығыстырып шығару арқылы олардың потенциалдарын түгесу болмақ. Сонымен қатар сөзіміз біржақты болмас үшін сопылық тариқаттардың тарихтан алған лайықты орнын да мойындауымыз қажет. Себебі сопылықтың саяси әділетсіздікке, сыртқы империалист күштерге қарсы тұрған, өзара бауырластық шеңберінде қоғамдық өмірге серпіліс берген кездері болған. Бұдан басқа тіл, әдебиет, музыка, каллиграфия салаларына да орасан зор үлес қосқан. Бүгінде мемлекеттің жүргізіп отырған модернизация саясаты қоғамның барлық саласына дерлік тікелей әсер етеді. Сол себепті тариқаттар мен діни жамағандардың анықтамасын жасау да маңызға ие болып отыр. Солардың барлығына бұрынғы сопылық құрылымның кейбір ерекшеліктеріне сай тариқат десек те, бүгінгі өзгерген заман талаптарына икемделгені үшін оларды көне тариқаттардың қарабайыр жалғасы деп тану жаңсақ ой болмақ. Сол себепті оларды классикалық тариқат түсінігінен бөлек қарастырғанымыз абзал.

Әсіресе, «Нұршы» және «Сүлейменші» қауымдары және осыған ұқсас кейбір жаңа діни формациялар «тек діни құбылыстар», яғни таза діни топтар немесе сенім мен ғибадат қауымдастығы деп саналып, олардың діни-мистик қызметтері «Түркияның рухани қажеттілігінің өнімі», Түркиядағы радикализм мен келіспеушіліктен сақтандыру қызметін атқара алатын «рухани динамика» деп сипатталды.  Екінші жағынан оларды «зиянды және «фундаменталды/консервативті қозғалыстар» санатына жатқызатындар да бар.

Сала мамандары мұндай формацияларды жедел қоғамдық өзгерістерден туындаған әлеуметтік-экономикалық, саяси мақсаттары мен іс-әрекеттері басым түсетін, басқа мұсылман  елдерінде кездесетін, жалпы параллель Ислам деп аталатын реакцияшыл топтар немесе «жаңа діни жамағаттар» деп сипаттайды.

Біздің еліміздегі түрлі діни бағытты ұстанған топтар өздері жайлы ашық айтуға, зерттеуге құлықсыз? Бұның себебі неде деп ойлайсыз? 

— Концептуализация жұмысында туындаған маңызды мәселе – діни топтар мен қауымдастықтардың өзін қалай көрсетуімен тікелей байланысты.  Өйткені олардың ашық, айқын болмауы, өздері жайлы зерттеулерге жеткілікті деңгейде қолдау көрсетпейтіні, мұндай зерттеулерді жүргізуге өздері де қызығушылық танытпайтыны мәлім. Шындығында қоғамдар, әлеуметтік субъектілер ұзақ тарихи өткенге негізделген дүниетанымы мен осы шеңберде көрсеткен мінез-құлық үлгілерінен оңай бас тарта алмайтынын, оларды иррационал түрде болса да жалғастыратынын ескерсек, осы тұста Пьер Бурдьені еске алмау мүмкін емес. Себебі «Пайдасыз әрекет бола ала ма?» деген сұрақ қойып оған жауап іздеген Бурдье, әлеуметтік субъектілердің габитусы/түп тамыры рационалды болмаса да, толығымен бос, себепсіз, ерікті емес, керісінше белгілі бір мақсаттарға қол жеткізуге бағытталғанын айтады.

Бұлар әуелі «Құран курстары», кейін «студенттер жатақханасы» түрінде көрініс тапқан жаңаша формалары өзгерістерге бейімделгендіктерін білдіреді. Екінші фактор да олардың «мешітке негізделген» күресті қабылдау арқылы ресми Исламның ішінде жасырынуы болмақ.

Тариқаттардың тек қана діни-мистикалық ағым, яғни таза діни топтар немесе сенім мен ғибадат жамағаты емес екендігін анық аңғара аламыз. Сөзімізді қорытындылай келе, ел арасында кейбір жамағат классикалық стилдегі тариқаттарға ұқсамайтын басқаша діни фракция екенін айтқым келеді. Сондықтан мемлекет дін саясатында өте мұқият болу керек.

Әңгімеңізге рахмет

діни жамағат радикалды ағымдар Сүлейменшілер

Оқылып жатыр

Ақтөбеде дәрігерді қатыгездікпен өлтіру ісі: сотта сұмдық деректер жарияланды

«Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

«Келеңсіз оқиғаларды жиі көруге болады»: Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынады

«Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді

Соңғы жазбалар

«Қайраттың» 18 жастағы қақпашысына Испания клубтары қызығушылық танытты

21 Қыркүйек, 2025

Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен

21 Қыркүйек, 2025

Астанадағы жәрмеңкеде Абай мен Атыраудан әкелген 400 тонна өнім сатылады

21 Қыркүйек, 2025

«Төсекте онша емессің»: Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың экс-әйелі күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындап, күллі Ресейді шулатты

21 Қыркүйек, 2025

Чехия президенті: «Әуе кеңістігін бұзған ұшақты атып түсіруге болады»

21 Қыркүйек, 2025

Мұнай компаниясында Ресей тыңшысы жұмыс істеген болуы мүмкін

21 Қыркүйек, 2025

Инфляция? Қазақстанда жыл басынан бері сиыр еті 25% өсіп, 6 мың теңгеге жетті

21 Қыркүйек, 2025

«Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді

20 Қыркүйек, 2025

НАТО елдері Эстония әуе кеңістігін Ресей ұшақтарының бұзғанына жауап қатты

20 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

20 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.