Болашақ маманның жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейдегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жоғары білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе. Жоғары білім беру – бүгінгі кезде әлеуметтік және экономикалық прогресстің жетекші факторы. Себебі, жасөспірімнің есейюі міндетті түрде мамандық таңдау шешімімен бірге жүреді.
ЖОО-н бірлесіп, жалпы орта мектептің жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру, жас ұрпақтың қызығушылықтары мен бейімділігін ескере отырып, мамандық таңдауда түрлі тәрбиелік іс-шараларды өткізу тиімді. Солардың бірі Алматы қаласындағы №205 жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларына кәсіптік білім, бағдар беру әрекеті өз нәтижесін көрсетті. Жоғары сынып оқушыларына “Педагогика және психология” және “Әлеуметтік педагогика” мамандықтарының қызметімен таныстыру, мамандықтар әлемі туралы кәсіби мамандармен кездесу ұйымдастыруда, олардың белгілі бір мамандықты практикалық жағынан түсінуіне мүмкіндік береді.
«Соңғы жылдары «7М01101 – Педагогика және психология», «7М01105 – Педагогика. Білім берудегі менеджмент», «7М01106 – Инклюзивті білім беруді медициналық-педагогикалық сүйемелдеу», «7М01802 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы бойынша жас мамандардың бойынан, кәсіптік бәсекелестікке төтеп бере алатын, ерекше тұлғалық қасиеттерді қалыптастырып, дамытып келеміз және барлық мамандықтарға қоғамдық сұраныс жоғары.
ҚР Білім Министрлігінің «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің, арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының психологиялық-педагогикалық қамтамасыз ету зертханасының меңгерушісі Перизат Жанұзақова сынды кәсіби құзырлы маман даярлау біздің үлкен жетістіктеріміз деп айта аламыз» — деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі, профессор м.а. Нұрсұлу Сейіткерімқызы Әлқожаева.