Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қант диабеті неден пайда болады: Себептері

21 Қыркүйек, 2025

Ит туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар

21 Қыркүйек, 2025

Отбасы — өмірдің қазығы: Мақал-мәтелдер жинағы

21 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қант диабеті неден пайда болады: Себептері
  • Ит туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар
  • Отбасы — өмірдің қазығы: Мақал-мәтелдер жинағы
  • Дастарханға, Шаңыраққа және Тойға Арналған Бата-Тілектер (Толық Жинақ)
  • Тоқаевтің АҚШ-қа сапары басталды
  • Алматы маңында жер сілкініп, смартфондарға ескерту келді
  • «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысына Испания клубтары қызығушылық танытты
  • Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Мемлекеттік қолдау және даму перспективалары: Түркістан облысындағы балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

3 октября, 2024 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстанның балық шаруашылығы соңғы жылдары айтарлықтай даму үстінде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бұл саланың әлеуетін арттыру қажеттілігін ерекше атап өтті. Осы мақсатта 2021-2030 жылдарға арналған Балық шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, республика бойынша 270 мың тонна балық өсіру жоспары бекітілді. Түркістан облысы бұл бағдарламаны жүзеге асырудағы белсенді өңірлердің бірі болып табылады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Түркістан облысында балық шаруашылығын дамыту аясында 2030 жылға дейін тауарлы балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға жеткізу жоспарланған. Бұл мақсатқа жету үшін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен аудандық және қалалық әкімдіктерге нақты жоспарлар бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда облыста тауарлы балық өсірумен айналысатын шаруашылықтардың саны 224-ке жеткен, бұл салаға қызығушылықтың артқанын көрсетеді. Атап өтерлігі, облыста балықты жасанды жолмен өсіру бойынша республика көлемінде көш бастап тұр. Түркістан облысындағы балық шаруашылығына бағдарланған бағдарламаның нәтижелері көңіл көншітеді. 2024 жылға 7000 тонна балық өсіру жоспары бекітілсе, оның 1645 тоннасы осы жылдың алғашқы сегіз айында жиналған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіштің толық орындалатыны күтілуде.

Тауарлы балық өсірумен қатар, өңірдегі балық шаруашылығының маңызды бағыты экспорттық әлеуетті арттыру болып отыр. Түркістан облысында экспортқа бағытталған ірі төрт кәсіпорын жұмыс істейді, олардың жылдық қуаттылығы 12 мың тоннаны құрайды. Бұл кәсіпорындар өңірдің экономикасына үлес қосып қана қоймай Қазақстанның экспорттық әлеуетін де нығайтады.

Балық шаруашылығын дамытуға көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдаулардың бірі – акваөсіруді субсидиялау. Бұл бағытта 2023 жылы жергілікті бюджеттен 500 млн теңге бөлініп 61 балық шаруашылығы субъектісінің шығыстары өтелді. Биыл тағы 500 млн теңге бөлініп, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Сондай-ақ инвестициялық субсидиялау бойынша 2024 жылға 237,5 млн теңге қарастырылған. Бұл қаражат салаға жаңа технологиялар енгізуге, инфрақұрылымды жақсартуға және балық шаруашылығындағы тиімділікті арттыруға жұмсалуда.

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша ауыл кәсіпкерлерін қолдауға арналған «Ауыл аманаты» бағдарламасы да балық шаруашылығын дамытуда маңызды рөл атқарады. Өткен жылы бұл бағдарлама аясында 24 кәсіпкерге 168,9 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді. Биылғы жылы «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы 232 шаруашылыққа 1020,0 млрд теңге қаражат қарастырылып отыр. Аталған қаржылық қолдау кәсіпкерлерге өз шаруашылықтарын кеңейтуге және өнім көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Балық шаруашылығының дамуы үшін қажетті инфрақұрылымның бірі – су айдындары болатын. Бұр ретте Түркістан облысында 104 жергілікті маңызы бар су айдыны заңдастырылған. Конкурстық негізде 82 су айдыны, оның ішінде 69 су айдыны тауарлы балық шаруашылығын жүргізу үшін табиғат пайдаланушыларға берілген. Бұл су айдындары балық өсірудің тұрақты орнына айналып, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға да ықпал етеді. Сонымен қатар облыста 137 тоғанды балық өсіру шаруашылығы, 5 шарбақты балық өсіру шаруашылығы және 2 тұйық қондырғымен жабдықталған балық өсіру шаруашылығы жұмыс істейді. Бұл шаруашылықтар тауарлы балық өндірісін ұлғайтып қана қоймай, халықты сапалы әрі пайдалы азық-түлікпен қамтамасыз етеді.

Түркістан облысында балық шаруашылығын одан әрі дамыту мақсатында жергілікті әкімдіктер мен балық шаруашылығы инспекциясы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл жұмыстардың мақсаты – балық шаруашылығымен айналысатын азаматтар мен кәсіпкерлерге жаңа технологиялар мен мүмкіндіктер туралы ақпарат беру, олардың саланы дамытудағы белсенділігін арттыру. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаулар мен балық өсіруге арналған қолайлы жағдайлар шаруашылықтарды дамытуға үлкен мүмкіндік береді.

Балық шаруашылығы – экологияға да, экономикаға да үлкен пайда әкелетін сала. Балық өсіру арқылы табиғи су айдындарындағы балық қорының азаюын болдырмауға болады. Сонымен қатар бұл сала ауылдық жерлердегі тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып, олардың тұрмыс деңгейін жақсартуға ықпал етеді. Түркістан облысының балық шаруашылығын дамытудағы жетістіктері осы саланың әлеуеті мол екенін көрсетіп отыр. Алдағы жылдары бұл салада жаңа жобалар іске асып, өңірдің экономикасы одан әрі нығая түседі деп жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асырылып жатқан Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, экспорттық әлеуетін арттыруда және экологиялық тұрақтылықты сақтауда маңызды қадамдардың біріне айналған. Түркістан облысы осы бағдарламаны табысты жүзеге асыра отырып, Қазақстанның балық шаруашылығында көшбасшы өңірлердің бірі болуға толық әлеуетке ие. Облыс әкімдігі нәтижелі жұмыстардың әрі қарай жалғасуына мүмкіндік қарастырып, мақсатты жоспарларды жүзеге асыруда.

Оқылып жатыр

Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады

Арыс қаласында президент жолдауын насихаттау бойынша кездесу өтті

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА “ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ” ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

Түркістанда орта азияда теңдесі жоқ «Ескек есу» арнасы ашылды

Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды

Соңғы жазбалар

Қант диабеті неден пайда болады: Себептері

21 Қыркүйек, 2025

Ит туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар

21 Қыркүйек, 2025

Отбасы — өмірдің қазығы: Мақал-мәтелдер жинағы

21 Қыркүйек, 2025

Дастарханға, Шаңыраққа және Тойға Арналған Бата-Тілектер (Толық Жинақ)

21 Қыркүйек, 2025

Тоқаевтің АҚШ-қа сапары басталды

21 Қыркүйек, 2025

Алматы маңында жер сілкініп, смартфондарға ескерту келді

21 Қыркүйек, 2025

«Қайраттың» 18 жастағы қақпашысына Испания клубтары қызығушылық танытты

21 Қыркүйек, 2025

Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен

21 Қыркүйек, 2025

Астанадағы жәрмеңкеде Абай мен Атыраудан әкелген 400 тонна өнім сатылады

21 Қыркүйек, 2025

«Төсекте онша емессің»: Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың экс-әйелі күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындап, күллі Ресейді шулатты

21 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.