Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?
  • «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 17 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Балталап, бауыздап, денесін өртеген: Алматыда шетелдік жігітті өлтірген әйел қамауға алынды

5 Қазан, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Марқұм 50 жас шамасындағы ер адам болған. Ер адамның мәйітінің алдымен бөлшектеліп, сосын өртелгені анықталды. Күдікті ретінде марқұммен бірге тұрған әйел қамауға алынған. Алайда марқұмның қызы әкесінің ауырып көз жұмғанын айтады. Ал марқұм мәйітінің өртелуін көзі тірісінде өзі сұраған екен. Марқұм ұстанған діннің жоралғысы сондай дейді туыстары. 

Жантүршігерлік оқиға қаланың төртінші шағын ауданында болды. Мәйіт табылған пәтерге алғаш болып полицейлермен бірге куә ретінде аула сыпырушы да кіріпті.

“Балтамен шауып тастаған. Ваннаға бөлшектеп-бөлшектеп кіргізіп, жатқызып қойған. Бөлшектеп тастағаннан кейін үстінен от жаққан. Қарайып кеткен ғой, тырнақтары. Бір-екі саусағы күйіп кеткен, қап қара болып. Әр жерінен жаққан. Қолының үстіне қағаз жаққан ба, әйтеуір өртеген”, – дейді аула сыпырушы Нұрлан Жапарқұлов.

Марқұмның қызы әкесі аурудан көз жұмғанын айтады. Алайда ер адамның немен ауырғаны туралы ақпарат бермеген.

“Әкемді ешкім өлтірмеді. Ауырып ажал құшты. Ол скандинавтық дінге сенетін. Тірі кезінде, бізге «өлгеннен кейін денесін бөлшектеп, өртеп жіберіңдер» деп ылғи айтатын. Скандинавтық жерлеу рәсімі бойынша, мәйітті қайыққа салып суға жібереді. Артынан жанып тұрған жебені садақпен атып, мәйітті өртейді”, – дейді марқұмның қызы.

Марқұм Ресейде туып өскен екен. Кейін Қазақстанға келіп, отбасын құрып, балалы-шағалы болыпты. Екі қызы бар. Тағы бір қызды асырап алған.

“Әкем жерлеу рәсімін жүргізуді өгей қызына тапсырған. Өйткені ол эмоционалды, физикалық тұрғыдан арамыздағы ең мықтысы болатын. Әкемізді аман алып қала алмағасын, денесін сыртқа шығара алмайтынын түсініп, пәтердің ішіндегі ваннада өртейтін болып шештік”,  – дейді марқұмның қызы.

Алайда сол маңдағы тұрғындар қылмыстың қызғаныштан болғанына сенімді. Өйткені асыранды деген 20-ның төңірегіндегі қыз марқұмның көңілдесі болуы мүмкін екен.

“Екі әйел сол бір еркекке таласып қалған болу керек. Содан кейін барып бауыздаған ғой, екеуі. Біреуі өзінің әйелі ғой. Екіншісі көңілдесі ғой деймін”, – дейді тұрғындардың бірі.

Полиция іс бойынша бір адамның ғана қамалғанын мәлімдеді. Қамауға алынған күдіктінің әйелі ме, көңілдесі ме, әлде өгей қызы екені әзірге белгісіз.

“Әуезов ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мән-жайы анықталып жатыр”, – деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске салсақ, бұған дейін Павлодарда ер адамды балтамен шауып өлтірген қазақстандық жауапкершіліктен босатылғаны туралы жазған едік.

 

азаматының Алматыдашетел басталды тергеу қатысты өліміне

Оқылып жатыр

Түркия түркі халықтарына «шетелдік» мәртебесін алып тастады

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Соңғы жазбалар

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.