Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қант диабеті неден пайда болады: Себептері

21 Қыркүйек, 2025

Ит туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар

21 Қыркүйек, 2025

Отбасы — өмірдің қазығы: Мақал-мәтелдер жинағы

21 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қант диабеті неден пайда болады: Себептері
  • Ит туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар
  • Отбасы — өмірдің қазығы: Мақал-мәтелдер жинағы
  • Дастарханға, Шаңыраққа және Тойға Арналған Бата-Тілектер (Толық Жинақ)
  • Тоқаевтің АҚШ-қа сапары басталды
  • Алматы маңында жер сілкініп, смартфондарға ескерту келді
  • «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысына Испания клубтары қызығушылық танытты
  • Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Арыс қаласында австралиялық әдіс бойынша 50 мың басқа арналған ірі қараны бордақылау алаңы іске қосылады

5 октября, 2024 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысының Арыс қаласында ауыл шаруашылығы саласы жаңа деңгейге көтеріледі. Қалаға қарасты Қожатоғай ауылдық округінде 50 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңы салынып, іске қосылмақ, деп хабарлайды деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Аталған жоба инвесторлар есебінен жүргізілуде және Түркістан облысындағы ең ірі кешендердің біріне айналуы көзделіп отыр және австралиялық әдіс бойынша жүргізілуде.

Нақтырақ айтсақ, Арыс қаласындағы «Turkestan Agro.kz» ЖШС базасында екі ірі кешен – жаңбырлатып суару әдісімен мал азығы дақылдардын өсіру мен ет бағытындағы мүйізді ірі қара өсірумен айналысатын шаруашылық-репродуктор құрылысы іске қосылады.

Құрылыс, бордақылау және жаю схемасы австралиялық «торлы» мал шаруашылығы әдісімен жасалады. Түркістан облысындағы ең ірі кешеннің біріне айналатын бордақылау алаңы Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылдық округі аумағында орналасқан.

Кешен жұмыстарымен танысу үшін қала әкімі Гүлжан Құрманбекова аталған ауылға арнайы барды. Әкім мал бордақылау алаңының Арыстың экономикалық дамуына қосатын үлесін атап өтіп, бұл жоба облыстың ауыл шаруашылығын дамытуға зор септігін тигізетініне сенім білдірді.

«Бүгінгі таңда серіктестік аумағында жұмыстар қызу жүріп жатыр. Жобаны іске асырудың бірінші кезеңінде биыл бордақылау алаңына 15 мың бас, 2025-2026 жылдары тағы 10 мың бас, ал 2026-2027 жылдары 25 мың бас сатып алынады», — деп мәлімдеді Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ серіктестік бордақылау алаңы маңынан 4 710 гектар алқапта суарудың жаңбырлату технологияларын қолдана отырып, малға арналған жем-шөп дақылдарын өсіруді жөнге қоюда. Ол үшін, әлемге әйгілі ауылшаруашылық техникасын шығарушы «John Deere» компаниясының өнімдерін сатып алуда. Бұл өз кезегінде мал бордақылау алаңын қажетті азық көлемімен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бордақылау алаңында барлық жұмыс аутоматты жүйеде жүзеге асырылатын болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің ақпаратынша, жобаның жалпы құны 16,2 млрд. теңгені құрайды, және де 100-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылмақ.

Арыс қаласында жүзеге асып жатқан ауқымды жоба мал шаруашылығының дамуында жаңа белестерге жол ашып, өңірдегі ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына негіз болмақ.

Оқылып жатыр

Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады

Арыс қаласында президент жолдауын насихаттау бойынша кездесу өтті

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА “ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ” ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

Түркістанда орта азияда теңдесі жоқ «Ескек есу» арнасы ашылды

Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды

Соңғы жазбалар

Қант диабеті неден пайда болады: Себептері

21 Қыркүйек, 2025

Ит туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар

21 Қыркүйек, 2025

Отбасы — өмірдің қазығы: Мақал-мәтелдер жинағы

21 Қыркүйек, 2025

Дастарханға, Шаңыраққа және Тойға Арналған Бата-Тілектер (Толық Жинақ)

21 Қыркүйек, 2025

Тоқаевтің АҚШ-қа сапары басталды

21 Қыркүйек, 2025

Алматы маңында жер сілкініп, смартфондарға ескерту келді

21 Қыркүйек, 2025

«Қайраттың» 18 жастағы қақпашысына Испания клубтары қызығушылық танытты

21 Қыркүйек, 2025

Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен

21 Қыркүйек, 2025

Астанадағы жәрмеңкеде Абай мен Атыраудан әкелген 400 тонна өнім сатылады

21 Қыркүйек, 2025

«Төсекте онша емессің»: Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың экс-әйелі күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындап, күллі Ресейді шулатты

21 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.