Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?
  • «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 17 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Адам өлтіргендердің мәселесін шу шығармай, WhatsАpp-та шешсе болады

5 Қазан, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

[ad_1]

Желіде ақбоз атты құрбандыққа шалған азаматтардың әрекеті көптің талқысына түсті. Олар өздерін «биміз» деп, өз араларында билер алқасын құрып алған. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz. 

«Билер» облыс-облыс болып бөлініп, жаңа бірлестік құрған. Айтуларынша, олар қоғам арасында мәселелерді сотқа жеткізбей шешеді-міс. Асатаяқ ұстаған Ермек Албанды Омар Жәлелдің орнына «бас би» деп сайлаған.

 

Екі адам сайлауға түсті. Ал сайлауға әр облыстан 5 адамнан келді. Басымдықпен Ермек Албан жеңіп шықты. Әр облыста би болады. Оның бәрі Ермек Албанға бағынады, – деді ұраншы Бақытжан Жасұзақұлы.

 

Өзін ұраншы деп атайтын ол бұл идея өзіне 7-8 жыл бұрын келгенін алға тартты. Айтуынша, ол осы сәтті түсінде көріп, соны өңіне айналдырғысы келген. Ол билер алқасын ұйымдастырып, WhatsАpp желісінде чаттарда халықтың жазғанын тексеріп отырады екен.

Алайда бұл бірлестік ресми тіркелмеген, мемлекеттік ұйым немесе қоғамдық қор деп саналмайды.

 

Жыл сайын бас би жиында есеп береді. Мен жұрттың мәселесін шешуім үшін 10 сағат әлеуметтік желіде отырамын. Кейде адам өлтіргендердің және тағы басқалардың проблемасы болады. Соны шу шығармай, WhatsАpp арқылы шешсе болады. Арамызда медиаторлар бар, – дейді Ермек Албан.

 

Бас бидің жанына көріпкелдер жиналған екен. Ақбоз атты құрбандыққа шалуды көріпкелдердің бірі Болат Бұралқыұлы айтқан.

 

Порталдың есігін жабу үшін ақбоз атты құрбандыққа шалдық. Бұл – жамандық болмасын деген ырым. Бұл сәтті ғасырлар бойы күтті. Ата-бабамыз күнәлары үшін кешірім сұрай алмайды. Ал біз осы арқылы олар үшін кешірім сұрауымыз қажет, – дейді ол.

 

Билер бұл қызметі үшін ақы алмайды, ешкімге жалақы берілмейді. Керісінше, шығындарды өз қалталарынан шығаратынын мәлімдеді.

 

Біз қазақ үшін бірігіп жатырмыз. Мен құрылтайды ұйымдастыру үшін 2 миллион теңге жұмсадым. Ал құрбандық шалуға 700 мыңым кетті. Мәскеуге барып келуге 2 күнге миллион теңге кетті, – дейді Ермек Албан.

 

Ол Райымбек ауданына барып, сол өңірден шыққан әлем чемпиондарын жинапты. Онда инвестиция тарту, туризм және жол салу мәселесі талқыланған.

Бұл билер алқасының «ақылдасу алқасы» да бар екен. Бірақ жарғы жоқ.

Ал ресми тіркелген «Қазақ билер алқасы» қоғамдық бірлестіктің төрағасы Арман Амантайұлы Ермек Албан бастаған топтың шаманизмге қарай ауып кеткенін айтады.

 

Алғашында бәріміз бірге бастадық. Бірақ олар ауытқып, шаманизмге қарай бет бұрды. Алғашында ескерту бердік, кейін сөгіс жарияланды, одан соң шығаруға мәжбүр болдық. Кезінде Ермек Алматы бойынша төраға болды. Содан кейін мөрді қайтару керек еді, бірақ оны әлі қолданып жүр екен, – деді Арман Амантайұлы.

 

Оның айтуынша, «Қазақ билер алқасы» Әділет министрлігінде 2023 жылы мамырда тіркелген.

 

WhatsAppта адам болады мәселесін шешсе шу шығармай өлтіргендердің

Оқылып жатыр

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

Соңғы жазбалар

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.