Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • «Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек
  • «Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)
  • «Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қазақстанда АЭС салуға қатысты дауыс беру басталды

6 Қазан, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстанда Атом электр станциясын қатысты референдум басталды. 12 миллионнан аса азамат елде АЭС салу-салмауға қатысты дауыс бере алады, деп хабарлайды Todayinfo.

Реферндумға қанша учаске құрылды

Референдумдағы учаске саны – 10 327. Азаматтардың тіркелген жері бойынша сайлау учаскесі – 9 709, уақытша – 618. Оның ішінде 78 сайлау учаскесі (63 елде) шетелде болады. Сайлау комиссиялары мүшелерінің саны – 70 049 адам.

6 қазан – референдум өтетін күні дауыс беру сағат таңғы сағат 7:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жүргізіледі. Дауыс берушілерге ыңғайлы болу үшін аумақтық референдум комиссиялары өзге уақытты белгілеуі мүмкін.

Ал бюллетеньде «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» және дауыс берушінің жауап нұсқалары «Иә, келісімен», «Жоқ, келіспеймін» деп жазылған.

12 сағаттың ішінде дауыс саналады. Өңірлерге Орталық референдум комиссиясына дауыс беру қорытындысының жиынтық хаттамасын жинауға және жеткізуге 2 күн беріледі.

Орталық комиссия 7 күн ішінде референдумның қорытындысын анықтап, ресми хабарламаны БАҚ-та жариялауға тиіс.

Шетелде 12 мың адам дауыс береді

Референдумға шетелдегі 12 мыңнан аса қазақстандық дауыс бере алады.

— Қазақстан азаматтары шетелде дауыс беруі үшін қажет жағдай жасалды. Біз міндетімізді толық орындадық. Дауыс беретін азаматтардың тізімі жасалды. Олардың жалпы саны – 12 485 адам. Сыртқы істер министрлігіне 12 611 бюллетень бөлінді. Қазақстанның 59 елдегі мекемесінде 74 учаскелік комиссия құрылды, — деді елші Орталық референдум комиссиясы отырысында СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Нәдірқұлова.

Айта кетейік, Таяу Шығыста жағдайдың ушығуына байланысты референдум учаскесі ашылмайды.

Қазір Израиль, Ливан мен Ирандағы қазақстандық дипломаттар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Мұнда референдум учаскелері уақытша ашылмайды. Жалпы дауыс беруге құқығы бар азаматтардың саны: Израильде – 53 адам, Иранда – 132 адам, Ливанда – 43 азамат. Жалпы 228 азамат бар.

Бұл елдерде тұрып жатқан қазақстандықтарға тұрып жатқан жерінен шықпау ұсынылды.

Өз учаскемді қалай анықтаймын?

Қай жерде дауыс беретініңізді білу үшін арнайы сайт іске қосылған – referendum.gov.kz. Сайтқа кіріп, қай қалада, өңірде тұратыныңызды таңдаңыз. Содан кейін ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) жазу арқылы учаске мекенжайы мен нөмірін біле аласыз.

Заң бұзғандар жауапқа тартылады

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев референдум кезінде учаскелік комиссиялардың мүшелеріне ерекше жауапкершілік жүктелетінін еске салды. Сондай-ақ қазақстандықтарға ескерту жасады.

— Заңға сәйкес, келесі әрекеттер үшін жаза қарастырылған: азаматтарға басқа адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік беру мақсатында бюллетеньдерді беру, азаматтардың сайлаушы құқығымен танысуын бұзу немесе дауыстарды санау басталғаннан кейін оларға өзгерістер енгізу, референдумның қорытындысы жайлы іс әрекеттерге әкімшілік жауапкершілік көзделген, — деді Жандос Өмірәлиев.

Сонымен қатар кейбір әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған. Бұл қатарға референдумға қатысу құқығына немесе комиссия жұмысына кедергі келтіру, референдум құжаттарын бұрмалау және дауысты дұрыс есептемеу әрекеті жатады.

Айта кетейік, референдумға байланысты полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

Қоғамдық көлік тегін болады

Референдум өтетін күні Астана және Шымкентте қоғамдық көлік тегін қызмет көрсетеді.

Бұл азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін істеліп отыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің мәліметінше, 6 қазанда қала тұрғындары қоғамдық көлікте тегін жүреді. Нақтырақ айтқанда, мыңға тарта қоғамдық көлік 80 бағытта жолаушы тасымалдаумен айналысады.

Елордада CTS ақпаратына сәйкес, 6 қазанда қала және қала маңы бағытындағы қоғамдық көліктерде жол жүру тегін болады.

Қоғамдық көлік сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүреді.

7 қазанда қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейді.

 

АЭС басталды беру дауыс салуға Қазақстанда қатысты

Оқылып жатыр

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

Соңғы жазбалар

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.