Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округі Бәйтерек елді мекенінің тұрғыны, ұлт-азаттық көтерілісінің сардары, батыр Амангелді Имановтың шөбересі Ғалымжан Нұрахов та бүгінгі референдумда дауыс берді. Ал батырдың немересі Рысбай Рахымбаев 10 перзентінен бүгінде 50-ден астам немере сүйіп отыр. Бүгінгі өтіп жатқан референдумда батырдың ұрпақтары белсенділік танытып, өз таңдауларын жасады.
«Аллаға шүкір, еліміз тыныш, шекарамыз бүтін, ұйқымыз қанық, қарнымыз тоқ. Біздің ендігі мақсатымыз – қол жеткізген жетістіктеріміз бен жеңістерімізді сақтап, одан әрі дамыту. Ол үшін бүгінгі жасайтын таңдауымыз үлкен маңызға ие»-дейді батырдың шөбересі Ғалымжан Нұрахов.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Trending
- «Сиыр еті 25% қымбаттаған»: Қазақстандықтар азық-түлік бағасының күрт қымбаттағанына шағымданды
- Президент Тоқаев БҰҰ болашағына қатысты бағыт-бағдар ұсынады
- “Балабақшадағы трагедия”: Көлікте 6 сағат қалып қойған 2 жастағы қыз қайтыс болды
- «Талай сынақтан өттім, соңғысы жанымды сындырып жіберді»: Еміне шипа іздеген танымал блогер жан сырын ақтарды
- «Соғысасың, не сені өлтіреміз»: Ресейде марафонға келген кениялық желаяқты әскерилер Украинаға қарсы соғысқа жіберген
- Қант диабеті неден пайда болады: Себептері
- Ит туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар
- Отбасы — өмірдің қазығы: Мақал-мәтелдер жинағы