Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?
  • «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Ақтөбеде зауыт жұмысшылары ереуілге шықты

8 Қазан, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ақтөбе хром қосындылары зауытының 100-ге жуық жұмысшысы жалақыларын көтеруді талап етіп ереуілге шықты, деп хабарлайды Азаттық Радиосына сілтеме жасаған Todayinfo.

Зауыт жұмысшыларының айтуынша, соңғы екі айда өндіріс көлемі азайып, жалақы төмендеп кеткен. Сондай-ақ зауыт Ресейден шикізат келмей қалуына байланысты бес күннен бері жұмыс істемей тұрған көрінеді.

— Өзім 2019 жылдан бастап 3-цехта слесарь болып істеймін. Қыркүйек айы үшін әрі кетсе 150 мың теңге төлегелі отыр. Яғни, тұрақты тарифке небәрі 20 пайыз сыйақы қосылған. Хром қосындыларын шығаруға қажет соданың болмауына біз кінәлі емеспіз. Бұл – алдын-ала қор жасап қоймаған зауыт басшыларының кінәсі. Сондықтан сыйақымыз азаймауға тиіс, – дейді наразы жұмысшылардың бірі Жанұзақ Мәден. 

Жұмысшылардың айтуынша, жалақы екі бөліктен – алғашқысы тұрақты жалақы, екінші бөлігі үстіне қосылатын сыйақыдан тұрады екен. Сыйақы мөлшері өндіріс пен сауда көлеміне байланысты тағайындалады. Қазір жалақы 140-150 мың теңге шамасында.

— Сыйақы айлықтың 80-100 пайызына жеткен кездері болған. Ол кезде тәп-тәуір жалақы алатынбыз. Қазір 20 пайыз ғана қосып жүр. Бұл – тым аз. Оның өзін қиып тастайды, – дейді зауыт жұмысшысы Мадияр Сағидолла.

Ал Ақтөбе хром қосындылары зауытының басқарма төрағасы Алексей Химич өндірістегі қиындықтарға қарамастан жұмысшыларға жалақы төленіп отырғанын алға тартып отыр. Зауыт басшысы әңгімені «жағдайға келіспейтіндер болса, жұмыстан шықсын» деп қысқа қайырған. 

Наразылыққа жиылған жұмысшылар қысы-жазы бір аяқкиіммен жүретініне, арнайы киім жылына бір рет берілетініне де наразы. Олар зауыт асханасындағы астың да сапасына разы емес.

Осылайша, жұысшылар мен зауыт басшылығы мәмілеге келе алмаған. Ақтөбе хром қосындылары зауыты басқарма төрағасының орынбасары Радий Фахрединов жұмысшылардың талабын басшы құраммен талқылайтынын атап өтті.

 

Ақтөбеде ереуілге жұмысшылары Зауыт шықты

Оқылып жатыр

Түркия түркі халықтарына «шетелдік» мәртебесін алып тастады

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Соңғы жазбалар

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.