Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025

«Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті

22 Қыркүйек, 2025

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

22 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі
  • «Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті
  • Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр
  • Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек
  • Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты
  • Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр
  • Соңғы 6 айда Қазақстанда 135 бала жол апатынан қаза тапқан
  • АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Жегендері – қазы»: Шерзаттың өліміне күдікті жетеуге демалыста жатқандай жағдай жасалған ба?

9 октября, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Талғарда дүкен иелерін ұрып-соғып, 16 жастағы Шерзатты өлтірген күдіктілерге тергеу изоляторында жақсы жағдай жасалған. Өсіп келе жатқан ұлдарын көздерінше қарақшылар өлтіріп кеткені қоғамда қызу талқыланып, халықтың ашу-ызасын тудырып жатыр. Жәбірленушілер бұған дейін Бас прокурор Берік Асыловқа үндеу жасаған еді. Марқұмның ашынған туыстары әлі де әділдікті іздейді. Өйткені, төбелеске қатысқан 7 адам ғана қамалған, қалғандары бостандықта. Марқұмның анасы Гүльбара Бишмбиева төбелеске қатысқандардың 13 адам екенін айтты. Алайда полиция күдіктілердің бәрін қамадық деп мәлімет бергенмен, оған жәбірлерушілер сенбей отыр, деп хабарлайды Todayinfo.

«Пышақталғаннан кейін де құлап жатқанын жерінен келіп үстінен тепкілеп жатыр. 13 адамның бәрі ұсталып, тиісті жазаларын алса екен деймін. Менің баламды өлтірген адам 20-25 жылға сотталсын. Әділдік сұраймын», — деді марқұмның анасы Гүльбара Бишмбиева.

Полиция ұстаған 7 күдіктіні көру үшін уақытша қамау изоляторына туыстары кірген. Олар күдіктілердің жағдайы бостандықта жүрген адамдардан жақсы деп отыр.

«Қылмыскерлердің ұсталғанына көз жеткізу үшін тергеу изоляторына кірдік. Жетеуін жеті камераға отырғызып қойған. Жетеуі жеті жерде. Бірақ олардан «адам өлтірдік, баланың өмірін қыршын қидық» деп отырған өкінішті көрген жоқпыз. Алдында жеп отырғандары – қазы. Астында қалың матрац. Мен өзім еркіндікте жүріп қазыны бір айда бір жеймін. Алдарында қазы, басқа да тамақтар тұр. Анық, ұзақ қарай алмадым. Олар неге 7 адамды ғана ұстап отыр? Бұл жерде 2 қызды қосқанда 13 адам бар. Біз соңына дейін барамыз. Олардың қазы жемек түгілі қара су ішуге құқықтары жоқ», — дейді Шертзаттың әпкесі Бақыт Реймова.

Ал осыған дейін Шерзаттың әкесі оқиға болған күнгі видеоларды полиция өшіріп тастағанын айқан еді. Кейін Алматы облысының полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарып, видеодан дәлел ретінде скриншот ұсынған.

«Талғар ауданының әкіміне, тергеушілеріне, полицияның бастығына көңілім толмайды. Олар жас балаларды шақырып алып, қорқытып, мылтықты мойындарыңа алыңдар деген. Маған жала жаппақ болған. Екі қызды, қалған тағы төрт баланы қамап, Қонаевқа алып кетеміз», — деді марқұмның әкесі.

Онда жігіттердің арасында екі қыз да барын көруге болады. Бұған дейін полиция төбелеске қатысушылардың бәрі ұсталып, қамалды деген еді. Алайда олар тек 7 адамды ғана қамаған болып шықты.

«Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Талғар ауданындағы қайғылы оқиға болған жерден бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілді деген жалған ақпарат тарауда. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қолда бар бейнежазбалар полиция тарапынан тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде тіркелгенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта тергеу барысында барлық бейнежазбалар зерттеліп, оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», — деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

 

 

Оқылып жатыр

Президент Тоқаев БҰҰ болашағына қатысты бағыт-бағдар ұсынады

Инфляция? Қазақстанда жыл басынан бері сиыр еті 25% өсіп, 6 мың теңгеге жетті

Активтерді қайтару: Бас прокурор олигархтармен келісімдер туралы айтты

Астана – Ақтөбе рейсінен екі жолаушы түсіріліп, қолдарына кісен салынды

Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады

Бейбітшілік – ең басты байлығымыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жазбалар

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025

«Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті

22 Қыркүйек, 2025

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

22 Қыркүйек, 2025

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

22 Қыркүйек, 2025

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Соңғы 6 айда Қазақстанда 135 бала жол апатынан қаза тапқан

22 Қыркүйек, 2025

АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды

22 Қыркүйек, 2025

«Жігіттер нәзік болып кеткен»: Анасын көріп жылап жіберген курсанттың әрекеті қызу талқыланып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Теңіз үшін күрес: Chevron Қазақстандағы ең ірі мұнай кен орнындағы келісімшартты ұзартуға ұмтылуда

22 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.