Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті

22 Қыркүйек, 2025

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

22 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті
  • Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр
  • Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек
  • Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты
  • Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр
  • Соңғы 6 айда Қазақстанда 135 бала жол апатынан қаза тапқан
  • АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды
  • «Жігіттер нәзік болып кеткен»: Анасын көріп жылап жіберген курсанттың әрекеті қызу талқыланып жатыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Алматыда МӘМС есебінен 14 млрд теңгенің операциясы жасалды

9 октября, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Биыл Алматыда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен көрсетілген қызметтерге 97 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Бұл туралы бүгінгі брифингте Медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы директоры Ілияс Мұхамеджан мәлімдеді.

Айтуынша, жыл сайын медициналық сақтандыру есебінен кардиохирургия, нейрохирургия, урология, травматология, онкология, хирургия және тағы да басқа профильдер бойынша мыңдаған операция жасалып жатыр. Мұндай операциялар күрделілігіне байланысты емханалар мен ғылыми орталықтар деңгейінде де жасалуы мүмкін.

«Мысалы, 2024 жылы МӘМС арқылы 128 мыңнан астам операция жасалып, оған 79,1 млрд теңге төленген. Оның ішінде жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын операциялар мен манипуляцияларға Қор 14,7 млрд теңге төледі. Сақтандырылмаған азаматтар осындай операцияларды жасататын болса қалтасынан бірнеше миллион төлеген болар еді», — деп атап өтті Ілияс Мұхамеджан.

2024 жылдың 9 айында Алматы қаласында 5200 кардиохирургиялық операция, 3300 нейрохирургиялық ота, лор-профилі бойынша 250 операция жасалған.

«Соңғы кезде артроз, артрит сынды буын ауруларының көбеюіне байланысты тізе, жамбас буындарын алмастырушылар саны күрт артқаны белгілі. 2024 жылы алматылық травматологтар осындай 3500 операция жасаған. Оған МСҚ 5,2 млрд теңге төледі», — деді филиал директоры.

Сонымен қатар, ағза алмастыру операциялары да МӘМС арқылы қаржыландырылады. 2023 жылы құны 551,8 млн теңгеден асатын 83 трансплантация жасалды. Мұндай бір ғана отаның өзі орта есеппен алғанда 7-9 млн теңге тұрады. Осы қызметтердің бәрін сақтандырылған азаматтар МӘМС арқылы қиындықсыз пайдаланып келеді.

2024 жылдың тоғыз айында Медициналық сақтандыру қоры алматылықтардың емделуіне  тегін медициналық көмек пакеті мен МӘМС аясында 220 млдр теңгеден астам қаражат жұмсады. Бұл жылдық бюджеттің 66%-ын құрайды. Оның айтуынша, медициналық ұйымдарға төлемдер қазір қордың e-saqtandyru ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілуде.
Биылғы жылдың  9 айында  сақтандырылған алматылықтар МӘМС жүйесі арқылы  жалпы құны 97 млрд теңге болатын медициналық көмек түрлерін пайдаланған. Шығынның басым бөлігі, яғни 54 млрд теңгесі стационарлық медициналық көмекке, 3,9 млрд теңге – күндізгі стационарлар көрсеткен қызметтерге төленді.
«Медициналық көмекке жүгінген азаматтар тарапынан емдеу мен диагностиканың бағасы қымбат түрлері, салалық мамандардың консультациялары, сондай-ақ зертхана талдауларына деген сұраныс жоғары болған. Жарты жылда аталған қызметтерге 18,1 млрд теңге жұмсалды», — деді филиал басшысы.
Филиал басшысының сөзіне қарағанда, соның ішінде компьютерлік томография мен магнитті-резонанстық томографияға (КТ/МРТ) деген сұраныс бұрынғыша жоғары күйінде қалып отыр. Жаплы Алматыда жасалған 80 мың КТ мен МРТ үшін 1,3 млрд теңге жұмсалды.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен күн сайын құны бірнеше миллионға жетіп жығылатын жоғары технологиялы операциялар жасалып жатыр. Биылғы  жылы Алматы қаласында осындай оталарға 14,7 млрд.теңге жұмсалыпты»,- дейді филиал басшысы.

Оқылып жатыр

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

Соңғы 6 айда Қазақстанда 135 бала жол апатынан қаза тапқан

АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды

Соңғы жазбалар

«Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті

22 Қыркүйек, 2025

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

22 Қыркүйек, 2025

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

22 Қыркүйек, 2025

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Соңғы 6 айда Қазақстанда 135 бала жол апатынан қаза тапқан

22 Қыркүйек, 2025

АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды

22 Қыркүйек, 2025

«Жігіттер нәзік болып кеткен»: Анасын көріп жылап жіберген курсанттың әрекеті қызу талқыланып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Теңіз үшін күрес: Chevron Қазақстандағы ең ірі мұнай кен орнындағы келісімшартты ұзартуға ұмтылуда

22 Қыркүйек, 2025

«Кімге беру керегін біледі»: Нұрлан имам Динара Сәтжанның күйеуіне шапан жауып, құрмет көрсетті

22 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.