Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025

«Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті

22 Қыркүйек, 2025

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

22 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі
  • «Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті
  • Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр
  • Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек
  • Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты
  • Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр
  • Соңғы 6 айда Қазақстанда 135 бала жол апатынан қаза тапқан
  • АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Рекордттық көрсеткіш: «Зеренді-Астық» компаниясының басшылары мәлімдеме жасады

10 октября, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

«Зеренді-Астық» ЖШС және оның инвесторы – «Қазақстан астық консорциумы» ЖШС басшылары баспасөз мәжілісін өткізді. Олар биылғы егін науқанының барысы жайында баяндап, журналистердің сауалдарына жауап берді. Айтуларынша, «Зеренді-Астық» компаниясы биыл рекордттық көрсеткішке қол жеткізген, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

«Қазақстан астық консорциумы» ЖШС бас директоры Бақтияр Оспановтың айтуынша, биыл «Зеренді-Астық» ЖШС мол өнім беріп, консорциум серіктестікке инвестор болып келгеннен бергі рекордты көрсеткішке ие болған. Қазіргі таңда компания пайшыларға төлемақы беру жұмыстары басталды. Айта кету керек, Қазақстан астық консорциумына кіретін шаруашылықтар арасында «Зеренді-Астық» ЖШС алғашқы болып пай бойынша төлемақы беріп жатыр.

«Қазақстан астық консорциумы 2021 жылы «Зеренді-Астық» серіктестігіне оның қарыздарын өтеп, жұмысты жолға қою мақсатында келген болатын. Бұрынғы акционердің кезінде компания құлдырап, оның түрлі банкте қарыздары бар болды. «Зеренді-астықтың» өзі Проблемалық кредиттер қорына кепілге берілген. Компания банкрот болудың алдында ғана тұрған еді. Біз инвестор ретінде келу арқылы арқылы кепілде тұрған жерлердің сатылып кетуінің алдын алдық. Әрине, мемлекет бізге компанияның барлық қарызын өтеу міндетін қойды. Қазір бұл мәселені біртіндеп шешіп жатырмыз», – деді Бақтияр Оспанов

Алайда, оның түсіндіруінше, «Зеренді-Астық» ЖШС құрамына кіретін пайшылардың заңсыз жолмен хаттама жасау арқылы серіктестіктен шығуы компанияның дамуына үлкен кедергі келтіріп отыр. Бұрын 36 мың гектар жерге ие болған серіктестік бүгінде 18 мыңға жуық гектардан айырылған. Бұл жерлердің иелері басқа компанияларға өтіп кеткен.

«Біз бұл тұрғыда инвестор ретінде өте қиын жағдайда қалып отырмыз. Өйткені, біз бұрынғы акционердің қарызы толық өтеу міндетін мойнымызға алдық, алайда егін егетін жер көлемі айтарлықтай азайып кетті. Қазір серіктестік пен пайшылар арасында ұзаққа созылған сот процесі жүріп жатыр. Аталған хаттамалардың жалған екенін растайтын сот шешімдері шықты. Дегенмен, қазір бізге шартты түрде пайшылармен бейбіт келісімге келу үшін уақыт беріліп отыр. Осыған орай, біз пайшыларды серіктестікке қайта оралуға, бірге жұмыс істеуге, сәйкесінше дивидендтерін алуға шақырамыз», – деді Бақтияр Оспанов.

«Зеренді-Астық» ЖШС мәліметінше, серіктестік құрамынан шығып кеткен шамамен 70 пайшы 2023 жылы қайта оралған. Қазіргі таңда тағы 30-дан астам пайшы қайта серіктестік құрамына өту бойынша дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Қазақстан астық консорциумы» ЖШС бас директоры Бақтияр Оспанов бұл ретте пайшыларға төленетін дивиденд мөлшері де ұлғайғанын еске салды. Егер «Қазэкспортастық» компаниясы инвестор болған тұста пайшылар өнімнің 5 пайызы мөлшерінде төлемақы алса, бүгінде ол 7,5 пайызды құрайды.

Құрамына 23 шаруашылық кіретін Қазақстан астық консорциумы басшысы компанияның әлеуметтік жауапкершілік және компанияны техникалық жарақтандыру бағытындағы жұмыстар туралы да баяндады. Компания биыл 43 жаңа комбайн (10-ы – импорттық өнім) сатып алса, 2025 жылғы көктемде ауыл шаруашылығы техникаларының қатары 32 егін егу кешенімен толығады. Компания әлеуметтік жауапкершілік аясында жыл сайын ауылдар арасындағы жолды қардан тазалау жұмыстарын өз күшімен жүзеге асырады. Сондай-ақ, «Зеренді-Астық» ЖШС пайшылары тұратын, еңбек ететін ауылдарда мәдениет үйін, медициналық пунктін жөндеу жұмыстарын жүзеге асырып жатыр.

«Өкінішке қарай, биылға дейін «Зеренді-Астық» ЖШС көрсеткіштері төмен болды. Оған қоса, пайшылардың серіктестіктен кетуі компанияның жоғары дамуына мүмкіндік бермей келді. Соған қарамастан, компания әлеуметтік жауапкершілік аясындағы өз міндеттемелерін орындап келеді. Біз тек төртінші жыл дегенде серіктестік табысқа шығады деп болжап отырмыз. Табыстың артуына қарай облыста әлеуметтік бағыттағы жұмыстарды көбірек орындауға күш саламыз», – деді Бақтияр Оспанов.

 

Оқылып жатыр

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

Соңғы 6 айда Қазақстанда 135 бала жол апатынан қаза тапқан

Соңғы жазбалар

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025

«Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті

22 Қыркүйек, 2025

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

22 Қыркүйек, 2025

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

22 Қыркүйек, 2025

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Соңғы 6 айда Қазақстанда 135 бала жол апатынан қаза тапқан

22 Қыркүйек, 2025

АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды

22 Қыркүйек, 2025

«Жігіттер нәзік болып кеткен»: Анасын көріп жылап жіберген курсанттың әрекеті қызу талқыланып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Теңіз үшін күрес: Chevron Қазақстандағы ең ірі мұнай кен орнындағы келісімшартты ұзартуға ұмтылуда

22 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.