Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?
  • «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 17 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

АҚШ-та «Милтон» күшті дауылының салдарынан 3 миллион адам жарықсыз қалды

11 Қазан, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

АҚШ-тың Орталық Флоридасында «Милтон» торнадосының күші бәсеңдегенімен артынан ауыр салдарын қалдырды. Мұнда үйлер қирап, 3 миллионнан астам нысан электр қуатынан айырылған. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі ВВС порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

АҚШ-тың Ұлттық дауыл орталығының мәліметі бойынша, Милтон сәрсенбіде Сиеста-Ки аралында жергілікті уақыт бойынша Флоридаға 20:30 шамасында жеткен. Желдің жылдамдығы 195 км/сағ-қа жеткен. Ал бейсенбіде желдің жылдамдығы 150 км/сағ-қа дейін төмендеді.

Ураган салдарынан күшті жаңбыр және дауыл  қатар жүрді. Шамамен 75 км қашықтықта НАСА әуеайлағы орналасқан Канаверал аймағынан өткен. Қазір дауыл салдарынан Тампа шығанағы, Санкт-Петербург қаласын қоса алғанда, су тасқынына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Санкт-Петербургте 16,6 см жауын-шашын түскен және қалада ішуге жарамды су қалмаған. Дауыл тіпті құтқарушылар үшін паналау орны ретінде пайдаланылған «Тропикана Филд» бейсбол стадионының шатырын зақымдады.Бірақ зардап шеккендер жоқ.

Болжамды түрде екі адам Форт-Пирс қаласындағы қарттар үйінде торнадо салдарынан мерт болған. Бұл округте шамамен 17 торнадо өтіп, 100 үй қираған.

Атлант жағалауынан да зардап шеккендер туралы хабарлар келіп жатыр. Палм-Бичте бес адам ауруханаға түскен. Бірақ жергілікті билік зардап шеккендердің санының артуы мүмкін екенін ескертіп жатыр.

Сент-Люси округінің билігі торнадо салдарынан төрт адамның қаза тапқанын растады. Синоптиктер дауыл Тампа-Бэй арқылы өтеді деп күткен. Бірақ эпицентр Тампа-Бэйден шамамен 100 км оңтүстікте орналасқан Сиеста-Ки қаласында болды.

Флорида губернаторы Рон ДеСантис Тампа-Бэй аймағының ауыр зардаптан сақталатынына үміттенетінін айтты. Себебі «Милтон» ураганы толқын көтерілмей тұрғанда құрлыққа шыққан. Қазір теңіз деңгейі 4 метрге көтерілуі мүмкін деп болжанып отыр.

ДеСантистің айтуынша «Милтон» кемінде 19 торнадо тудырды. Шамамен 125 үйді қиратқан. Ол тұрғындарды эвакуациялау қауіпті болғандықтан жабық жерде болуға шақырған.

Қазір «Милтон» дауылы Флорида арқылы өткенде урагандық күшін сақтайтыны, бірақ Атлантикаға шыққаннан кейін әлсірейтіні болжанып отыр.

Екі апта бұрын «Хелен» ураганынан зардап шеккен штатта шамамен екі миллион адам эвакуациялауға бұйрық алды. Төтенше жағдайларды басқару федералды агенттігі аймаққа миллиондаған литр су мен тамақ, сондай-ақ қосымша қызметтер жіберді. Флоридада 70 000-нан астам тұрғын мемлекеттік паналарда жатыр. ДеСантис, Флоридада 9000-ға жуық Ұлттық гвардия әскері мен 50 мың электрик орналастырылғанын хабарлады.

Президент Джо Байден болса, ураганның салдары туралы ақпараттандырылғанын және Германия мен Анголаға жоспарланған сапарлардың кейінге қалдырылғанын айтты.

Зерттеу «Хелен» ураганы климаттың өзгеруіне байланысты 10% артық жауын-шашын әкелгенін көрсетті. Дауылдан соң теңіз температурасының аномальды көтерілу ықтималдығы артты.

 

адам АҚШта дауылының жарықсыз күшті миллион Милтон салдарынан қалды

Оқылып жатыр

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

Соңғы жазбалар

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.