Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025

«Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті

22 Қыркүйек, 2025

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

22 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі
  • «Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті
  • Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр
  • Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек
  • Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты
  • Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр
  • Соңғы 6 айда Қазақстанда 135 бала жол апатынан қаза тапқан
  • АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Заманауи технология: Мақтаралда биыл 90 мың тоннадан астам мақта жиналады деп күтілуде

11 октября, 2024 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан облысында ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер биыл мол өнім арқылы жоғары табысқа қол жеткізбек, деп хабарлайды Todayinfoагенттігі.
Тек бір ғана ауданда 90 мың тонна мақта жиналмақ.  Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Мақтаарал ауданына жұмыс сапарын индустриалды аймақта орналасқан «ZHANASSYL» ЖШС-нің мақта зауытының жұмысымен танысудан бастады. Зауыттың жылына 65 мың тонна мақта өңдеуге мүмкіндігі бар. Автоматты басқару жүйесінде жұмыс атқарады. Серіктестік директоры Абылай Тыныбаев 11 мақта қабылдау бекетінде мақта жинақталып, 3 бекетте қырманнан өнім қабылданып жатқанын жеткізді. Биыл 50 мың тонна мақта өңдеуге ниетті. Заманауи технологиямен жабдықталған кәсіпорында өңдеу барысында мақта сапасының сақталуына ерекше көңіл бөлінген.
«Мырзакент» ЖШС мақта өңдеу зауыты да қазіргі таңда жұмыс қарқынын арттырған. Аудандардағы мақта қабылдау бекеттерінде мыңға жуық адам еңбек етеді. Өндірістік қуаттылығы жылына 60 мың тоннаны құрайтын кәсіпорынның бас директоры Берік Қыдыралиев облыс әкімінің орынбасарына мақта өндірісін дамыту, жоғарғы сұрыпты тұқым өндіру және мақта өңдеу барысындағы сақталуы тиіс талаптар бойынша бірқатар ұсынысын жеткізді.
«Биыл Мақтаарал ауданда 33,7 мың гектар алқапқа мақта егілген. Қазіргі таңда мақта дақылын дефолиациялау жұмыстары толықтай жүргізілген. Қазірдің өзінде аудан бойынша 18 мың гектар алқаптан мақта теріліп, 48 мың тонна өнім жиналды. Биыл мақта дақылынан алынатын болжамдық өнім көлемі 92,3 мың тоннаны құрап, жалпы орташа өнімділік гектарына 27,4 центнерден түседі деп болжануда», — деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Мақтаны өңдеумен ауданда 9 зауыт айналысады. Оларға тиесілі 34 мақта қабылдау бекеті бар. Сондай-ақ Жетісай және Шардара ауданында мақтааралдық зауыттарға тиесілі 29 мақта қабылдау бекеті жұмыс істеуде.
Сапар барысында облыс әкімінің орынбасары тамшылатып суару технологиясын меңгеру арқылы өнімділікті арттырған «Хамро ата» өндірістік кооперативінің алқабына да барды. Жобаның ерекшелігі қарапайым әдіспен егілген мақта алқаптарымен салыстырғанда су көлемін 50 пайызға үнемдеп, өнімділікті гектарына 60-70 центнерге жеткізуге мүмкіндік береді. Шаруалармен пікірлесу барысында Нұрбол Тұрашбеков облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес тиісті қолдаулардың жүзеге асатынын айтып, жерді мақсатты игеру, диқандар арасында ауыл шаруашылығының жаңалықтарын, әсіресе су үнемдеу әдістерін кеңінен тарату мәселелеріне тоқталды.
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қарасты «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС жер құнарлығы мен ауа-райының ерекшеліктерін назарға ала отырып, мақтаның жаңа тұқымдарын шығарумен айналысып келеді. Станция тарапынан бүгінге дейін мақтаның бәсекеге қабілетті жаңа әрі отандық 13 орта талшықты түрі, сыртқы ортаның қолайсыз факторларына төзімді, өнімділігі жоғары 15 түрлі сұрып шығарылған. Серіктестік төрағасы Нұрман Дәуренбек орталықтың өзекті мәселелерін ортаға салды. Техникалық жабдықтарды жаңартуға жағдай жасалса, зерттеу жұмыстарының шаруаларға көп көмегі тиетінін алға тартты. Топырақты терең қопсыту технологиясы, отандық мақта сорттарын баптаудың екі қарқынды технологиясы, мақтаны жаңбырлатып суару технологиясы, арықшалармен суару технологиясы және мақтаны тиімді суарудың гидромодульдік аудандастыру технологияларын әзірлеген ғылыми мекеме облыс әкімінің орынбасарына кезекті жаңалықтарын ұсынып, күтілетін нәтижелерімен таныстырды.
«Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары жұмысын 2020 жылы бастаған күріш өңдеу зауытының тыныс-тіршілігімен танысты. Күніне 20 тонна күріш өңдеуге қуатты кәсіпорында 15 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген. Мақтааралда биыл 1327 гектарға күріш егілген. Алынған өнім бүгінгі күнге дейін 3244 тоннаны құрап отыр», -делінген Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оқылып жатыр

Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады

Арыс қаласында президент жолдауын насихаттау бойынша кездесу өтті

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА “ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ” ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

Түркістанда орта азияда теңдесі жоқ «Ескек есу» арнасы ашылды

Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды

Соңғы жазбалар

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025

«Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті

22 Қыркүйек, 2025

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

22 Қыркүйек, 2025

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

22 Қыркүйек, 2025

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Соңғы 6 айда Қазақстанда 135 бала жол апатынан қаза тапқан

22 Қыркүйек, 2025

АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды

22 Қыркүйек, 2025

«Жігіттер нәзік болып кеткен»: Анасын көріп жылап жіберген курсанттың әрекеті қызу талқыланып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Теңіз үшін күрес: Chevron Қазақстандағы ең ірі мұнай кен орнындағы келісімшартты ұзартуға ұмтылуда

22 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.