«Даму, инновация және серпіліс» Алматыда осындай тақырыпта Sana Business форумы басталды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Форум 3 блокты қамтиды:
1. Даму — экономикалық трендтер, дистрибуция құпиялары, масштабтау.
2. Инновация — сату, креативті маркетинг, бәсекеге қабілетті продукт менеджмент.
3. Серпіліс — Nietworking
Форум 13 Қазан күні сағат 09:00 ден бастап күні бойы өтеді.
«Sana Business Forum 2.0» — бизнес саласындағы жаңа трендтерді талқылау, кәсіпкерлер мен сала мамандарының арасында байланысты нығайту және жаңа бизнес мүмкіндіктерін ашудағы кәсіби платформа. Форумның басты мақсаты — қазақы іскерлік ортаны қалыптастыру.
ФОРУМНЫҢ СПИКЕРЛЕРІ:
• Мақсат Халық – SANA FOUNDATION Қоғамдық Қорының, SANA BUSINESS ACADEMY төрағасы,
• Арслан Назаралиев – SONA Lab, Med Progress, Nomad, Goldman Logistics, Acvee Finance компанияларының негізін қалаушы.
• Аятжан Ахметжан – Qazbilim Group компаниясының негізін қалаушы.
• Болатбек Дәлелханұлы – Golden Bridge Partners серіктесінің негізін қалаушы және директоры
• Гульбану Майгарина – Lanzhou ресторандар желісінің негізін қалаушы.
• Ерлан Андаспаев – Coca Cola, Food Master компанияларының ресми дистрибюторы.
• Шыңғыс Мұқан – Mazmundama және Coffee Book жобаларының негізін қалаушы.
• Асхат Нұрмашев – кәсіпкер, венчурлық инвестор және IT саласының маманы. Asarume қоғамдық қорының негізін қалаушы.