Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • «Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты
  • «Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Түркістанда 30 жыл бірге тұрған күйеуін белбеумен буындырып өлтірген әйелге қатысты сот үкімі шықты

15 Қазан, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан қаласында 30 жыл бірге тұрған күйеуін өз қолымен өлтірген 50 жастағы әйелге сот үкімі шықты. Қайғылы жағдай 2024 жылдың 22 сәуірінде Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылында болған еді.

Сотталушы Лобар Хаджиева мен марқұм күйеуінің төрт баласы бар. Оның екеуі ұл, екеуі қыз. Ұлдарының бірі екінші топ мүгедегі. Сот барысында мүмкіндігі шектеулі ұлының физикалық кемістігі үшін әкесінен қорлық көріп өскені айтылды.

Сот барысында марқұмның тұрақты жұмыс істемегені де белгілі болды. Прокурордың айтуынша, қайғылы оқиға болатын күні ер адам әйелінен ішімдікке ақша сұрап мазасын алған көрінеді.

“Лобар Хаджиева кешке ұлымен шай ішіп отырғанда күйеуі келіп спирттік ішімдікке ақша сұраған. Сөйтіп әйелден соңғы 1500 теңгесін алып кеткен. Бірер сағаттан соң ер адам үйіне мас күйде келіп, жанжал болады. Және әйелінің бетіне “насыбайды” түкіріп жібереді. Ашуға булыққан Лобар Хаджиева күйеуін өлтіруге бел байлайды. Масаң күйде отырғанын пайдаланып, артынан белбеумен буындырған. Ер адам сол жерде жан тапсырған”, – деді прокурор Тоқтар Аманқұл.

Лобар Хаджиеваға қатысты сот отырысы 1 тамызда басталды. Сотталушы әйел кінәсін ішінара мойындады. Прокурор әйелге 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыруды сұраған.

Сот Лобар Хаджиеваны 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

 

бірге белбеумен буындырып жыл күйеуін Сот Түркістанда тұрған шықты қатысты үкімі әйелге өлтірген

Оқылып жатыр

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

Соңғы жазбалар

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады

16 Қазан, 2025

Түркия түркі халықтарына «шетелдік» мәртебесін алып тастады

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.