Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті
  • ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі
  • «Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті
  • Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр
  • Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек
  • Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты
  • Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Түркістанда «Turkistar» облыстық өнер фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

15 октября, 2024 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістанда би жанры бойынша «TurkiSTAR» балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық өнер фестивалі өтті. Облыс орталығындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде қатарынан екі күн бойы жалғасқан байқау Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлер тарапынан ұйымдастырылған үйірмелер арасында өткен болатын, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы.

Дарынды балаларға қолдау көрсетуге, өскелең өрендеріміздің шеберлігін шыңдап, өнерге ынталандыру мақсатындағы байқауға жас би ұжымдары екі кезең бойынша өнерлерін ортаға салды. Алғашқы кезеңде халық биін билесе, ақтық кезеңде өз таңдауларына сай еркін тақырыптағы биді биледі.

— Би байқауында ҚР Мәдениет қайраткері, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің хореография мамандығының аға оқытушысы Гүлнәзия Тәуекелова, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының мәдени ұйымдастырушысы Зағипа Өмірзақова және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің «Спорт және өнер» факультетінің декан орынбасары Меңдіғани Жүсіпбаев қазылық етті, — деп хабарлады Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сайысқа облыстың әр аудан, қалаларынан келген 60 би ұжымы бақ сынады. Қазылар алқасының шешімімен I орын Жетісай ауданының «Аққу» би тобына бұйырды. Ал жүлделі II орынды Сайрам ауданынан қатысқан «Жұлдыз» би ансамблі мен Жетісайдан келген «Бегайым» би ансамблі иеленді. Жүлделі III орынды Түркістан қаласының «Амина» би тобы, Арыс қаласының «Dance Stars» би тобы және Отырар ауданының «Бақыт айдыны» би ансамблі қанжығаларына байлайды. Бұдан бөлек үздік деп танылған би ұжымдарына арнайы жүлделер табысталды.

Айта кетейік, бұған дейін аталған фестиваль ән жанры бойынша өткен болатын. Жыл соңына дейін актерлік шеберлік, көркем сөз оқу және қылқалам, қолөнер шеберлері мен киім дизайны жанрлары бойынша өткізілмек.

Оқылып жатыр

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

Түркістанда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында 500-ден астам бала қолдауға ие болды

«Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» практикумы өтті

Соңғы жазбалар

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025

«Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті

22 Қыркүйек, 2025

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

22 Қыркүйек, 2025

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

22 Қыркүйек, 2025

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Соңғы 6 айда Қазақстанда 135 бала жол апатынан қаза тапқан

22 Қыркүйек, 2025

АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды

22 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.