Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті
  • ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі
  • «Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті
  • Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр
  • Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек
  • Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты
  • Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Түркістанда Нұртас Оңдасыновтың 120 жылдығына орай танымдық-мәдени шарасы өтті

15 октября, 2024 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында Түркістан қалалық мәдениет үйінің бірлесе ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың 120 жылдығына орай танымдық-мәдени шарасы өтті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы.

«Халқының адал перзенті» атты жиынға туған ауылынан көзін көрген замандастары, зиялы қауым өкілдері қатысты. Келушілерге Нұртас Оңдасынов атындағы музей-филиалының құнды жәдігерлерінен арнайы тақырыптық көрме жасақталды.

— Мазмұнды жиын біртуар тұлға жайлы бейнероликпен басталды. Содан соң сөз алған Сауран ауданы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесінің төрағасы Тілес Ақай, облыстық мәслихат депутаты, «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Қалыйма Жантөреева шараны ашып беріп, ұлт қайраткерінің еңбектеріне тоқталды. Түркістан қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы, Қазақстанның мәдениет қайраткері Ұлжалғас Мұстафаева, қалалық мәслихат депутаты Ғалымжан Құдияров өз кезеніде тұлға жайлы ой бөлісті, — деп жазды Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.

Нұртас Оңдасыновтың өмірі мен қызмет жолын, шығармашылығын насихаттау, туған жердің тұлғаларын жас ұрпаққа таныту мақсатында ұйымдастырылған шара барысында «Шұғыла» халықтық мәдени-үгіт бригадасы Нұртас Оңдасынов туралы баяндады. «Яссы» халықтық би ансамблі, Ұлжалғас Шілдебаева, Данагүл мен Шыңғыс, Райым Бақытұлы, Ынтықбай Дана және тағы басқа қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары ән шырқап, би биледі.

Айта кетейік, Нұртас Оңдасынов ақ-қараны анықтамай, талай қыршынды қынадай қырып кеткен 1937 жылдың соңына қарай бар-жоғы 34 жаста жоғары қызметтің жауапкершілігін арқалады. Оның есімі Қазақстанның даму кезеңімен тығыз байланыс­ты екені даусыз. Абай атындағы Опера және балет театрының, Қыздар пе­дагогикалық институтының құрылуына атсалысып, шаңы­рағын көтеріп, уығын өз қолымен қада­ды. Бұдан басқа Қарағанды металлургия­сын, Мойынты – Шу темір жолын, теріскейге темір ­жол тарту, еліміздің мұнай-газ саласын игеруге ұйытқы болды. Қазақ Ғылым академия­сын құрып, оған президенттікке Қаныш Сәтбаевты сайлауы адам танитындығын аңғартады. Ол Үкімет басында отырған он үш жыл ішінде жоғарыдан – Мәскеуден түскен бұйрықты бұлжытпай орындайтын орындаушы қызметкер емес, халық мүддесі үшін небір ірі-ірі мәселелер мен бастамалар көтеріп, оны шеше алған қайраткер дәрежесіне көтерілді. Бірақ, оның осынау қайраткерлігі Хрущевке ұнамай, екеуі қызмет барысында жиі-жиі келіспеушілікке ба­рыпты. Себебі Оңдасынов тың игеру нау­қанындағы асыра сілтеуге ашық қарсы шыққан.

Нұртас Оңдасыновтың зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі өмірі Мәскеуде өтті. Оны Мәскеуге отбасылық жағдайына байланысты көшті деп жүр. Бұл жайттың түбіне тереңірек үңілсек, сол тұстағы биліктің Оңдасыновты зейнет жасына жетпей тұрып қызметтен аластап қана қоймай, өз ортасынан, өз пікір­лестерінен де алыстатуға барынша күш салғанын байқауға болады.

Көзі тірісінде көрнекті қайраткер «Орын­далмаған үш арманым бар, – депті. – Бірінші арманым – зейнеткерлікке шыққан соң Алматыда тұрсам деп едім, Мәскеуге өтіп кеттік. Маған Алматыда тұру бұйырмады. Екінші арманым – оңтүстік облыстарда керемет, талантты жігіттер бар еді, соларды қызмет бабында өсіре алмадым. «Жершіл, рушыл» деп айта ма деп қорықтым. Үшінші – жас кезімде ғылым қусам, кітап жазсам, ол артымдағы ұрпаққа қалса деп армандайтын едім. Бірақ тағдырдың, уақыттың әмірімен үкіметті, облысты басқаруға тура келді. Сөйтіп, жас кезімдегі арманыма жете алмадым».

Нұртас Оңдасынов – арнайы ғылым докторы, кандидат деген атақ-дәрежесі болмағанымен, зейнеткерлікке шыққаннан кейін тапжылмай жиырма бес жыл арабша-парсыша-қазақша түсіндірме сөздік жазып, бір ғылыми институттың істейтін жұмысын жалғыз өзі атқарып тастаған азамат. Үш жасынан жетімдіктің тауқыметін тартып, ауыл молдасынан хат таныған ол тынбай оқу іздеп, білімділігімен биікті бағындырды. Жетелеусіз жемісті еңбек етіп, жетістікке жетті. Түркістан облысындағы бірқатар мектептер мен көшелерге, Алматы қаласындағы бір көшеге Оңдасыновтың есімі берілген. Еліміздің көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері ретінде Нұртас Оңдасынов өзінің өнегелі өмір жолымен Ұлы даланың ұлы тұлғалары тарихында өшпестей із қалдырып отыр.

Оқылып жатыр

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

Түркістанда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында 500-ден астам бала қолдауға ие болды

«Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» практикумы өтті

Соңғы жазбалар

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025

«Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті

22 Қыркүйек, 2025

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

22 Қыркүйек, 2025

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

22 Қыркүйек, 2025

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Соңғы 6 айда Қазақстанда 135 бала жол апатынан қаза тапқан

22 Қыркүйек, 2025

АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды

22 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.