Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті
  • ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі
  • «Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті
  • Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр
  • Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек
  • Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты
  • Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Экономикалық өсімді көтеру: Түлкібас ауданында кәсіпкерлік саласын дамытудың жолдары талқыланды

15 октября, 2024 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен аудан, қалалардың даму жоспарын талқылап, бекіту жұмыстары жалғасуда. Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов ауданның 2025-2030 жылдарға арналған «Экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша» стратегиялық бастамаларды жүзеге асыратын жол картасының негізгі бағыттары мен көрсеткіштерін баяндады. Даму тұжырымдамаларына қатысты экономика, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, туризм салаларын дамытып, жұмыспен қамту үшін тиісті басқарма басшыларының ұсыныстары қаралды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. 
Облыс әкімі аймақты дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді. Зауыт, фабрикалар ашуға күш салуды, тұралап қалған өндіріс орындарын қайта жандандыруды тапсырды.
– Әр ауданды дамытуда барлық мүмкіндікті пайдаланған дұрыс. Басты талап – ауылды көтеру керек. Дамытып, көркейту керек. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін жүйелі түрде жұмыс жүргізген дұрыс. Алда атқарылар жұмыстардың нақты жоспары бекітіліп, сол жұмысты күшейту қажет. Түлкібас ауданында да жұмыстарды ширату керек. Жаңа жобалар жеткіліксіз. Әлі де тиісті деңгейде емес. Жұмыс барысында жүйелі ұстаным болуы қажет. Инфрақұрылымы дамыған бұл аймаққа кәсіпкерлер ұмтылатындай жағдай жасалуы тиіс. Ол үшін әкім ішкі және сыртқы инвестициларды тартуда үздіксіз жұмыс істеуі керек. Табиғаты қолайлы аймақта әлі күнге тристерді тартатын жобалар жеткіліксіз, – деді Дархан Сатыбалды.
Аудан әкімінің баяндауынша, Түлкібас ауданын дамыту үшін ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, кәсіпкерлік және туризм бағытында жұмыс атқарылады. Ол үшін инвестиция тартып, жаңа технологияларды ендіре отырып өнімділікті арттыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету басым бағыт ретінде таңдалып отыр.
Өткен жылдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім 99,5 млрд. теңгеге жеткен. 20 млрд. теңге инвестиция тартылған, биыл оның көлемін 35,8 млрд. теңгеге дейін арттыруды жоспарланған. 2024 жыл 8 айдың қорытындысымен өнеркәсіп өнімінің көлемі 11,3 млрд. теңгені құрады.
«2030 жылға дейін 400 млрд. теңгеден асатын 100-ге жуық жаңа жоба жүзеге асып, 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылмақ. Өнеркәсіпті дамыту үшін жалпы инвестициялық құны 327,2 млрд. теңгені құрайтын 13 жобаны іске асыру жоспарлануда. 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Ауыл шаруашылық саласында инвестициялық құны 29,6 млрд. теңгені құрайтын 14 жобаны іске асырып, өнім көлемін 158,3 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарланған», -деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 
Түлкібас ауданында «Beibars Bottlers» ЖШС ауыз су және түрлі-түсті сусындар өндірістік зауыты іске қосылады. Сондай-ақ ұн диірмені, консерві зауытын қайта құрылымдау, концентрат және шырын құю цехы, кірпіш зауыты, каустикалық сода, ПВХ, кальций карбиді, әк өндіру, қуаттылығы жылына 4 мың тонналық жеміс өндеу цехы өз жұмысын бастамақ.
«Түлкібас» индустриалды аймағының аумағында құс фабрикасының, балықты кірпіш зауыты, қуаттылығы 320 МВт газ турбиналы электр станциясының құрылысы жоспарланған. Қарқынды алма бау, балық шаруашылығы, жеміс-жидектерін қайта өңдеу, құрама жем өндіру зауыты, сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара мал шаруашылығы саласында жаңа жобалар жоспарланған.

Оқылып жатыр

Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады

Арыс қаласында президент жолдауын насихаттау бойынша кездесу өтті

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА “ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ” ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

Түркістанда орта азияда теңдесі жоқ «Ескек есу» арнасы ашылды

Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды

Соңғы жазбалар

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025

«Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті

22 Қыркүйек, 2025

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

22 Қыркүйек, 2025

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

22 Қыркүйек, 2025

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Соңғы 6 айда Қазақстанда 135 бала жол апатынан қаза тапқан

22 Қыркүйек, 2025

АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды

22 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.