Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті
  • ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі
  • «Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті
  • Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр
  • Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек
  • Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты
  • Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 23 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Түркістандық жазушы мемлекеттік сыйлық иегері атанды

23 октября, 2024 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды. Онда түркістандық жазушы Ергөбек Құлбек Сәрсенұлына – «Адамның бір қызығы бала деген» кітабы үшін Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлық иегері атанды, — деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы.

Құлбек Ергөбек – 1952 жылы, 26 желтоқсанда Түркістан облысы, Отырар ауданында туған. ҚазМУ-ды 1975 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. ҚР Ұлттық Ғылым академиясы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында және Республикалық халық шығармашылығы үйінде зертханашы, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, «С.Мұқанов мемориальдық музей-үйінде» әдіскер, ғылым бөлімінің басшысы, республикалық газет-журналдарда бөлім меңгерушісі, редактор, бас редактор болған. Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде доцент, профессор ретінде еңбек сіңіріп, «Қазақ әдебиеті», «Түрік халықтары әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, декан, вице-президент, 1-вице-президент болып білім саласына да үлес қосып, шәкіртер тәрбиелеген. Филология ғылымдарының докторы, түрколог-ғалым, Халықаралық академиялардың мүшесі. Ұзақ жылдан бері ел руханиятының дамуына үлес қосып келеді.

Бұдан бөлек елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталған. Ақорда хабарламасында жалпы биылғы мемлекеттік наградаларды тағайындауда қарапайым жұмысшылардың мәртебесін асыруға, еңбек әулеттерінің қоғамдағы абырой-беделін арттыруға айрықша мән берілгені айтылады.

Марапат иелерінің қатарында 450-ден астам жұмысшы, 137 педагог, 80-нен аса ғалым, 100-ге жуық құтқарушы мен ерікті бар. Олардың қатарында Түркістан өңірінің тумалары да бар. Атап айтсақ, айтулы ақын, драматург, аудармашы, сазгер Исраил Сапарбай «Қазақстанның халық жазушысы» атағына ие болды. Сонымен қатар, мемлекет және қоғам қайраткері, актер, эстрада әншісі Нұрлан Өнербаевқа І дәрежелі «Барыс» ордені табысталды.
Қазақстан Республикасының өркендеуі мен дамуына елеулі үлес қосқан үлесі үшін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Парасат» орденінің иегері атанса, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы, профессор Құлбек Ергөбек «Адамның бір қызығы бала деген» кітабы үшін Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығына ие болды. Сондай-ақ, Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова ІІІ дәрежелі «Барыс» орденін кеудесіне тақты.

Оқылып жатыр

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

Түркістанда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында 500-ден астам бала қолдауға ие болды

«Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» практикумы өтті

Соңғы жазбалар

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025

«Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті

22 Қыркүйек, 2025

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

22 Қыркүйек, 2025

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

22 Қыркүйек, 2025

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Соңғы 6 айда Қазақстанда 135 бала жол апатынан қаза тапқан

22 Қыркүйек, 2025

АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды

22 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.