Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Алматы маңында жер сілкінісі кезінде бас сауғалайтын шатырлы лагерь салынады

24 Қазан, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

 

Мәжіліс отырысында Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов Алматы маңында жер сілкінісі кезінде адамдар паналайтын шатырлы лагерь құру туралы жоспарын айтты.

Фото: pexels.com

Шыңғыс Әрінов министрліктің жедел мақсаттағы “Алатау”оңтүстік базасының құрылғанын айтты.

“Жойқын жер сілкінісі болған жағдайда Алматы маңында зардап шеккендер үшін шатырлы лагерь құрылады. Сондай-ақ гуманитарлық көмекті қабылдау пункттері мен басқа да қажетті қосалқы нысандар болады”, – дейді министрлік басшысы.

Министр лагерьдің басты артықшылығы – 173 гектар ашық жер дейді.

“Бұл жер опырырылмайды және ол жарықтары жоқ үстіртте орналасқан. Онда кіретін жолдар бар және жақын жерде темір жол орналасқан. Біз сонда тренинг өткіземіз. Ол жақта шатырлар жеткілікті. Оған қоса, мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің номенклатурасында біз міндетті түрде шатырлар, төсек-орындар, арқаға асатын сөмкелер ​​береміз. Мұның бәрі қандай да бір дербестік болуы үшін керек. Тағы бір шешілмеген мәселе бар. Біз әр зардап шеққан адамға термикалық іш киім мен жылы киім және барлық қорғаныс құралдарының берілуін қамтамасыз етуге көшеміз. Әр 10 адамда медициналық қобдиша болады. Сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсете алатын дәрігерлер де болады деп үміттенеміз. Сонымен қатар онда шатырлар, ұйықтауға арналған қаптар, құрал-жабдықтар және үш күнге жететін азық-түлік болады”, – дейді Шыңғыс Әрінов.

Министр адамдар жиі-жиі орналасса, базада 50 мың адам сыятын орын барын айтады.

“Адамдардың сыйымдылығын 1 миллион орынға жеткізсек дейміз. Тек Алматы маңында ғана емес, басқа қалалардың жанынан да осынжай қауіпсіз жер іздеп жатырмыз”, – деді ведомство басшысы.

Еске салайық, бұған дейін 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Астана уақытымен 00 сағат 09 мин 02 секундта алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде тіркелді. Магнитудасы – 6,7 балл. Бұдан соң тұрғындар қалада тағы да бірнеше жер сілкінісі сезілгенін хабарлады. Ал ТЖД дерегіне сәйкес алдағы уақытта қуатты жер сілкінісі болмайды, сондықтан дүрлігудің қажеті жоқ.

Алматы бас жер кезінде лагерь маңында сілкінісі салынады сауғалайтын шатырлы

Оқылып жатыр

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

Соңғы жазбалар

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.