Алматы облысы Райымбек ауданының Жамбыл ауылында Республика күніне орай жаңа мәдениет үйі ашылды. 657 шаршы метрлік ғимараттың құрылысына 392 млн теңге бөлініп, заманауи жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Бұл мәдениет ошағы ауыл тұрғындары мен жас өнерпаздарға шығармашылықпен айналысуға және өнерлерін дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Бұған дейін ауылда мәдениет үйі болмағанына қарамастан, тұрғындар аудандық және облыстық өнер сайыстарында белсенділік танытып, жүлделі орындарға ие болған.
Жаңа ғимараттың ашылуы ауыл мәдениетінің дамуына, жастардың өнерге деген қызығушылығын арттыруға үлкен серпін береді. Республика күні қарсаңында ашылған мәдениет үйі ауыл тұрғындары үшін маңызды тарихи оқиға ретінде бағаланып отыр.
Trending
- «Жасырынуға тырысқан»: Тұрсынбек Қабатов интим массаж салонынан ұсталды деген ақпарат тарады
- Мемлекет басшысы FIFA президентін қабылдады
- Ресей архивінен сирек кездесетін халық күйі табылды
- Тоқаев инвесторларды Қазақстанға қалай тартып жатыр?
- 2025 жылғы «Алтын Доп» иегері анықталды
- Тоқаев Зеленскиймен кездесті
- Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды
- Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті